ҚР ЕЖ4.02-104-2013*
68
*Жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерінің қоректендіру және желілік су сапасы
және жылумен жабдықтаудың жабық жүйелеріндегі ыстық сумен жабдықтау суының
сапасы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына,
шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына
және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес ауыз суға қойылатын талаптарды
қанағаттандыруы тиіс (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық).
Жабық жылумен қамту жүйелерінде техникалық суды пайдалану ондағы термиялық
деаэрацияның температурамен ара қатынасы 100 °С кем болмаған жағдайда ғана мүмкін
болады (атмосфералық қысым деаэраторлары). Жылу желілерінің ашық жүйелері үшін
деаэрация 100 °С кем болмайтын температура мөлшерінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жылу желілеріне гидразин және басқа да токсинді заттарды тікелей қосып жіберуге
жол берілмейді.
Жабық және ашық жылумен қамту жүйелеріндегі желілік және ішетін суды тазарту
үшін пайдаланылатын басқа реагенттер (күкірт қышқылы, күйдіргіш натр, натрий
силикаты және т.б.) сәйкес талаптарға жауап бере алатындай болулары қажет.
Жылу желісіндегі ішетін суды оның иондық құрамының өзгеруімен байланысты
анықтайтын технологияларды (натрий- және сутегі-катиондау, мемрбраналық өңдеу және
басқалары) пайдалану, тазартылған сулардың қақтүзгіштік қасиеттеріне баға беру үшін
негізгі көрсеткіш – карбонатты индекс – судың жалпы сілтілік деңгейі мен кальцийлік
қаттылығын өндірудің шектік мәні қолданылады (мг-экв/дм
3
), одан жоғары тек
карбонатты қақтүзгіштік қасиетке ие қарқындылығы 0,1 г/(м
2
.с) асатын көрсеткіш
пайдаланылады..
Беріліп отырған анықтамаға сәйкес, желілік судағы карбонатты индекстің мәні
(нормативтілігі) Ик
с
мынаған тең:
Ик
с
= Са
с
·Щ
с
,(Е.1)
мұндағы Са
с
және Щ
с
– сәйкесінше желілік судың кальцийлі қаттылығы мен желілік
судың жалпы сілтілік деңгейі ұсынылады, мг-экв/дм
3
.
Желілік суды желілік қыздырғыш құралдар арқылы қыздыру кезіндегі Ик
с
нормативтік мәні Е.2 кестесіде, ал оның су жылытқыш су жүретін тұрбалы
қазандықтарды жылытылуы кезіндегі мәні Е.3 кестесіде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |