Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет24/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
19 
дық ерітінді), болмаса полиизоцианатпен немесе ацетондағы полиизоцианттың 50 %-дық 
ерітіндісімен өңделуі керек.
4.2.7.6 Сұйық шыны негізінде жасалған бетон қоспасын қалыңдығы 200 мм 
аспайтын әр қабатты (1-2) минут бойы дірілдету арқылы тығыздау қажет.
4.2.7.7 Бетон 28 тәулік бойы 15 °С төмен емес температурада қату керек. Ауа 
жылуескіштерінің көмегімен бір тәулік бойы (60-80) 

С температурасында кептіруге рұқсат 
етіледі. Температураның көтерілу жылдамдығы 20 

С/сағ -30 

С/сағ артық емес.
4.2.7.8 Қышқылға төзімді бетонның қышқылөткізбеушілігі бетонның құрамына 
сұйық шыны салмағының (3-5) % құрайтын полимер қоспаларын: фурил спиртін, 
фурфуролды, фуритолды, АЦФ-3М ацетонформальдегид шайырын, ортокремний 
қышқылының тетрафурфурил эфирін ТФС, фурил спирті мен ФРВ-1 немесе ФРВ-4 
фенолформальдегид шайырының компаундысын қосу арқылы қамтамасыз етіледі.
4.2.7.9 Қышқылға төзімді бетонның суға төзімділігі бетонның құрамына активті 
кремнеземы бар ұсақ ұнтақталған қоспаларды (диатомит, трепел, аэросил, шақпақтасты, 
халцедон және т.б.), сұйық шыны салмағының (5-10) %-ын немесе сұйық шыны 
салмағының (10-12) % дейінгі бөлігін құрайтын полимер қоспаларын: полиизоцианатты, 
КФЖ немесе КФМТ карбамид шайырын, кремнийорганикалық гидрофобиялайтын
ГКЖ-10 немесе ГКЖ-11 сұйықтықтарын, парафин майшыттарын қосу арқылы 
қамтамасыз етіледі.
4.2.7.10 Қышқылға төзімді бетонның болат арматураға қатысты қорғау қасиеттері 
бетонның құрамына сұйық шыны салмағының (0,1-0,3) % құрайтын коррозия 
ингибиторларын: қорғасын оксидін, катапин мен сульфонолдың кешенді қоспасын, 
натрий фенилантранилатын қосу арқылы қамтамасыз етіледі.
4.2.7.11 Конструкциялардың қалыбын шешуге және одан кейін өңдеуге бетон 
беріктігі жоба беріктігінің 70 % жеткен кезде рұқсат етіледі.
4.2.7.12 Қышқылға төзімді бетоннан жасалған конструкциялардың химиялық 
төзімділігін арттыру үшін үстіңгі бетін концентрациясы (25-40) % құрайтын күкірт 
қышқылы ерітіндісімен екі рет өңдеу қажет.
4.2.7.13 Сілтілер ерітінділерімен 50 °С дейінгі температурада қосылатын сілтіге 
төзімді бетондарға арналған материалдар ҚР СТ EN 197-1, ГОСТ 10178 талаптарына 
сәйкес болу керек. Құрамында активті минерал қоспалары бар цементтерді пайдалануға 
тыйым салынады. Түйіршіктелген немесе электртермофосфор қождарының мөлшері 10 % 
кем және 20 % артық емес болуға тиіс. Портландцемент пен қожпортландцемент 
құрамындағы С
3
А минералының мөлшері 8 % артық болмауы керек. Глиноземді 
тұтқырғыштарды пйдалануға тыйым салынады.
4.2.7.14 30 °С дейінгі температурада қолданылатын сілтіге төзімді бетонға арналған 
ұсақ толтырғышты (құмды) ҚР СТ EN 206-1, ГОСТ 26633 талаптарына сәйкес, ал 30 °С 
жоғары температурада - әк, доломит, магнезит және т.б. сияқты сілтіге төзімді 
жыныстардан уатылған күйде пайдалану керек. 30 °С жоғары температурада 
қолданылатын сілтіге төзімді бетондарға арналған ірі толтырғышты (қиыршықтасты) 
тығыз жыныстардан – граниттен, диабаздан, базальттан және т.б. пайдалану қажет.
4.2.7.15 30 °С артық температурадан пайдаланылатын сілтіге төзімді бетондарға 
арналған қиыршықтас тығыз шөгінді карбонат жыныстардан немесе метаморфтық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет