ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
20
жыныстардан - әктан, доломиттен, магнезиттен және т.б. алыну керек. Қиыршықтастың
сумен қанығуы 5 % жоғары болмауға тиіс.
4.2.8 Қызуға төзімді және ерекше ауыр және радиациялық қорғауға арналған
бетондар
4.2.8.1 200 °С температурасында пайдаланылатын бетонды және қызуға төзімді
бетон жасауға арналған материалдар А және Б қосымшаларына сәйкес қолданылады.
4.2.8.2 Қызуға төзімді бетон үшін материалдарды мөлшерлеу, бетон қоспаларын
дайындау және тасымалдау ГОСТ 7473 және ГОСТ 20910 талаптарына сай жүзеге
асырылуға тиіс.
4.2.8.3 200°С температурада қолданылатын қалыпты бетондарға арналған бетон
қоспаларының жылжығыштығын пластификаторлар мен суперпластификаторларды
пайдалану арқылы жоғарылатады.
4.2.8.4. 150
С дейінгі температура кезінде пайдаланылатын ыстыққа төзімді
бетондарға қатудың химиялық жылдамдатқыштарын қолдануға жол беріледі.
4.2.8.5 Бетон қоспаларды минус 15
С төмен емес температура кезінде қалау қажет.
4.2.8.6 Ерекше ауыр бетондар үшін және радиациялық қорғау үшін бетон
қоспаларын төсеу кезінде таспалы және дірілдік тасымалдауыштарды, дірілбункерлерді,
дірілтұмсықтарды пайдалануға тыйым салынады, ерекше ауыр бетон қоспасын 1 м
аспайтын биіктіктен тастауға рұқсат етіледі.
4.2.8.7 Ыстыққа төзімді бетонды құрғату мен қыздыруды технологиялық
құжаттамаға (ЖАЖ) сәйкес орындау керек.
4.2.8.8 Ерекше ауыр және радиациялық қорғауға арналған бетондар 4.2.5 сәйкес
сынақтан өткізіледі.
4.2.9 Бетон жұмыстарын ауа температурасы теріс болған жағдайларда жүргізу
4.2.9.1 Осы ережелер сыртқы ауаның орташа тәуліктік болжанған температурасы 5
С
төмен және минималды тәуліктік температура 0
С төмен болған жағдайларда бетон
жұмыстарын өндіру кезінде орындалады.
4.2.9.2 Бетон
қоспасын
жылытылатын
бетонараластырғыш
қондырғыларда
жылытылған суды, нәтижесінде температурасы есеп бойынша талап етілетін деңгейден
төмен емес бетон қоспасына қол жеткізетін еріген немесе жылытылған толтырғыштарды
пайдалану арқылы дайындау қажет. Түйіршіктерінде қызылсу мұзы және мұзға айналған
кесектері жоқ жылытылмаған құрғақ толтырғыштарды пайдалануға рұқсат етіледі. Бетон
қоспасын араластыру ұзақтығы жазғы жағдайлармен салыстырғанда кем дегенде 25 %
созылу керек.
4.2.9.3 Конструкциядағы бетонды термос әдісімен, бетон қоспасын алдын ала
жылыту арқылы ұстау, сондай-ақ аязға қарсы қоспалары бар бетонды пайдалану кезінде,
егер есеп бойынша түйісу аймағында бетонды ұстаудың есептік мерзімінің ішінде қатып
қалмаса, қоспаны жылытылмаған ісінбейтін негізге немесе ескі бетонға төсеуге рұқсат
етіледі. Ауа температурасы минус 10 °С болған жағдайда диаметрі 24 мм жоғары
|