ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
47
(екеуден кем емес) бекітілген, ал пакеттер бұрамалармен тығыздап тартылған болуға тиіс.
Екі саңылауы бар қосылыстарда жинақтау тығынын олардың біріне орнатады.
4.4.4.2 Жинақталған пакетте жобада берілген диаметрдегі бұрамалар саңылаулардың
100 % өту керек. Саңылаулардың 20 % диаметрін сызбаларда көрсетілген саңылау
диаметріне тең бұрғымен тазалауға рұқсат етіледі. Бұл
жағдайда бұрамалары қиылып
түсуіне және элементтері жапырылуына жұмыс істейтін қосылыстарда 50 % саңылауларда
– 1 мм дейін, 10 % саңылауларда – 1,5 мм дейін қара дақтардың (жинақталған пакеттің
іргелес бөлшектеріндегі саңылаулардың үйлеспеуі) болуына жол беріледі.
Бұл талап сақталмаған жағдайда, саңылауларды
жобаны әзірлеуші ұйымның
рұқсатымен тиісті диаметрдегі бұраманы орната отырып, ең жақын орналасқан ең жоғары
диаметрге бұрғылап кеңейту қажет.
4.4.4.3 Кемінде екі дөңгелек тығырықты нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес
бұрандамалар сомындарының астына орнату қажет.
4.4.4.4 Әрбір бұрамалар, сомындар және тығырықтар партиясы механикалық
қабылдау-тапсыру сынақтарының нәтижелері көрсетілген
сапа сертификатымен
жабдықталуы керек.
Қосылыстарды созылуы бақыланбайтын бұрамаларды жасау кезінде бұрамаларды,
сомындарды және тығырықтарды қосылыстарға зауыттың консервілейтін майынан
тазартылмай орнатылады, ал
ол болмаған жағдайда, бұрамалар мен сомындар
бұрандаларын ГОСТ 20799 бойынша минерал майымен майлайды.
4.4.4.5 Сомындар мен контрсомындарды соңына дейін қосылыстың ортасынан
бастап жиектері бойынша бұрау қажет.
Қажет болған жағдайларда ГОСТ 10906 бойынша қиғаш тығырықтар орнатылады.
4.4.4.6 Статикалық жүктемелерді қабылдайтын конструкцияларда бұрама болаты
тығыздығының есептік шегінің жоғары күшке қатты бұралған бұрамалар сомындарын
қосымша бекітпеуге рұқсат етіледі. Іргетас бұрамалары ГОСТ 24379.0
бойынша
жиынтықталу керек.
4.4.4.7 Диаметрі (12-27) мм бұрамалар сомындары мен контрсомындары монтаждау
кілттерінің көмегімен (294-343) Н (30
35 кгс) күшпен қосылыстың ортасынан бастап
шеттеріне қарай соңына дейін бұралады. Бұрамаларға арналған кілттің ұзындықтары
мынадай болуға тиіс: М12
(150-200) мм; М16 – (250-300) мм; М20 – (350-400) мм;
М22 – (400-450) мм; М24 – (500-550) мм; М27 – (550-600) мм немесе динамометрлік
кілттер қолданылады.
4.4.4.8 Бұрамалардың, оның ішінде іргетас бұрамаларының бастары мен сомындары
қатты бұралғаннан кейін тығырықтар немесе конструкциялар
элементтерінің
жазықтықтарымен тығыз (саңылаусыз) жанасып, болт шыбығының 3 мм кем емес
ұзындығы гайкадан шығып тұру керек.
4.4.4.9 Бұрандама нақышы саңылау тереңдігіне сомын жағынан пакеттің шеткі
элементі қалыңдығының жартысынан артығына кірмеуі тиіс.
4.4.4.10 Біріктірілетін элементтердің түйісетін беттері кірден,
қабыршықтардан,
мұздан және олардың тығыз жанасуына кедергі болатын басқа да тегіссіздіктерден
тазартылуға тиіс.