ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
44
4.3.9.6 Мастиканың салынған қабатының қалыңдығы жобалық мәліметтере сәйкес
болуы тиіс. Мастика қабаты қалыңдығының жобалық қалыңдықтан шекті ауытқушылығы
плюс 2 мм аспауы тиіс.
4.3.9.7 Сыртқы ауа температурасы оң болған жағдайда мастиканы қолдану кезіндегі
температурасы (15 – 20)
С болу керек. Қысқы мезгілдерде
мастика жағылатын кездегі
температура дайындаушы зауыттың техникалық шарттарында көрсетілген температураға
сай болуға тиіс. Техникалық шарттарда тиісті нұсқау жоқ болған жағдайда, мастиканың
жағылу кезіндегі температурасы: қатпайтын - (35 – 40)
С, қататын – (15 – 20) °С болуға
тиіс.
4.3.9.8 Ашық түйіспелерде қатты субұру экрандарын ашық түйіспелердің тік
арналарына жоғарыдан төменге қарай су бұратын фартукке
тірелгенге дейін енгізу
қажет.
Гофралық металл ленталар түріндегі қатты сутойтару экрандары қолданылған
жағдайда, оларды тік түйіспелерге шеткі гофра қасбеттерге қарай ашылатындай орнату
керек. Экран ойыққа еркін кіру керек. Панельдің тік түйіспесі 20 мм
артық ашылса,
шеттері жабыстырылған екі лента орнату қажет.
Иілгіш субұру экрандары (ленталарын) тік түйіспелерге ғимараттың ішінен де,
сыртынан да орнатады.
4.3.9.9 Иілгіш материалдардан жасалған металл емес су бұратын фартуктерді
түйісетін панельдің үстіңгі қырларына тік түйіспенің осінен екі жаққа қарай 100 мм кем
емес ұзындыққа желімдеу керек.
4.3.9.10 Терезе (балкон есіктері) блоктары мен
қоршау конструкциялардың
ойықтарындағы ширектер арасындағы түйіспелерді қатпайтын мастиканы ширектің бетіне
блокті орнатар алдында жағу немесе блокты жобалық күйге бекіткеннен кейін терезе
блоктарының және қоршау конструкциялардың арасындағы саңылауға айдамалау арқылы
оқшаулайды. Металлдан жасалған терезе асты құйылыс тесіктерінің қорапқа жанасқан
жерлерін де қатпайтын мастикамен оқшаулау қажет.
Терезе блоктары мен ширегі жоқ ойықтары бар қоршау конструкциялар арасындағы
түйіспелерді оқшаулау кезінде мастикаларды жағар алдында
тығыздайтын аралық төсем
орнату керек.
Достарыңызбен бөлісу: