ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
81
4.5.1.4 Жабындар
плиталары
және
қабырға
панелдері
типтік
бекіткіш
элементтермен, аспалар бөлшектерімен (аспалы төбе плиталары үшін), түйіспелерді
бітеуге арналған материалдармен бірге толымдалып жеткізіледі.
4.5.1.5 Конструкцияны жинақтауға және жеткізу
мерзіміне жауапкершілікті
конструкциялардың ағаш элементтерін даярлаушы-кәсіпорын көтерді.
4.5.1.6 Ағаш конструкцияларын немесе оның элементтерін атмосфералық
әсерлерден (қардан, жаңбырдан, УД-сәулелерден) қорғалатын жерде сақтау қажет.
Конструкцияларды жобаға сай астарға немесе уақытша тіректерге
қаттап тастау алаңы
деңгейінен 0,5 м кем емес биіктікте орналастыру керек.
4.5.1.7 Ғимараттардың көтергіш ағаш конструкцияларын ерекшеліктері мен түрлерін
ескере отырып, максималды іріленген: фермалар, жартылай жақтаулар және жартылай
аркалар, аркалар, секциялар немесе блоктар түрінде монтаждау қажет.
4.5.1.8 Ағаш арқалықтар мен фермаларды монтаждауды
мамандандырылған ұйым
әзірлеген ЖАЖ сәйкес орындау керек.
4.5.1.9 Металл кергіштері бар ағаш конструкцияларын ірілендіріп жинақтауды тек
қана тік (жобалық) күйде кергіштерсіз және тік күйде де, көлденең күйде де – ағаш
кергіштермен жүзеге асыру керек. Бұл шарт жобалық құжаттамада ескерілуі мүмкін.
4.5.1.10 Құрылыс және монтаждау жұмыстарының дәлдігін сипаттайтын рұқсаттар
мен ауытқулар жұмыс өндіру жобасында берілген дәлдік класына (функционалдық,
конструктивтік,
технологиялық
және
экономикалық
талаптармен,
қоршау
конструкциялардың түрімен анықталады) қарай регламенттеледі және ГОСТ 21779
бойынша анықталады. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының
дәлдігін сипаттайтын
ауытқулар 27-кестеде көрсетілген ауытқулардан артық болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: