ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
115
4.7.12.5 Жылулық түсер алдында қалау ере бастағанға дейін ғимараттың барлық
қабаттарында ЖАЖ қарастырылған оның орындарын жүктемеден босату, уақытша бекіту
немесе шегінен тыс кернеленген орындарын (ұстындарды,
аралық қабырғаларды,
тіректерді, фермаларды және белағаштарды және т. б.) күшейту шаралары жүзеге
асырылу керек.
4.7.13 Жұмыс сапасын бақылау
4.7.13.1 Аязға қарсы қоспалары бар ерітіндінің беріктігін бақылау үшін
конструкцияларды салу кезінде объектінің өзінде суды соратын негіздің үстінде өлшемі
7,07 см
7,07 см
7,07 см үлгі-кубтарды жасау қажет.
4.7.13.2 Бір-екі секциялы үйлерді салу кезінде әр қабаттағы (үстіңгі үш қабатты
қоспағанда) бақылау үлгілерінің саны 12 төмен болмау керек.
Секциялар саны екеуден
асқан жағдайда әр екі секцияда кем дегенде 12 бақылау үлгісі болуға тиіс.
Үшеуден кем емес үлгілерді (20 ± 5)
С төмен емес температурада 3 сағат бойы
ерігеннен кейін сынайды.
Бақылау үлгі-кубтарын конструкцияларды салу кезінде әр қабаттағы ерітіндінің
беріктігін бақылау үшін қажетті мерзімде сынау қажет.
4.7.13.3 Үлгілерді салынатын конструкция сақталатын жағдайларда сақтап, оларға су
мен қардың тиюіне жол бермеу керек.
Ерітіндінің ақырғы беріктігін анықтау үшін үш бақылау үлгісін
олар табиғи
жағдайларда ерігеннен және кейін сыртқы ауа температурасы (20
5) °С төмен емес
жағдайларда 28 тәулік бойы қатқаннан кейін сынау қажет.
4.7.13.4 Кубтар сынақтарына қосымша, сондай-ақ
олар жоқ болған жағдайда
ерітіндінің беріктігін ерітіндінің көлденең жіктерден алынған екі пластинкаларынан
жасалған, қыры (3-4) см құрайтын үлгілерді сынау арқылы анықтауға жол беріледі.
4.7.13.5 Жылыту кезінде үй-жайлардағы ауаның температурасын ұдайы,
бірақ
тәулігіне үш реттен кем емес рет өлшеп отыру керек: 1, 9 және 17 сағ. Ауа
температурасын жылытылатын қабаттың сыртқы қабырғаларының жанында еденнен 0,5 м
қашықтықта кем дегенде 5-6 жерден бақылау қажет.
Жылытылатын қабаттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы кездейсоқ
өлшеулердің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: