Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет114/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
110 
- тастарды бетонға бетонды тығыздау барысында оны қалағаннан кейін батыру 
керек;
- кесектасты іргетастарды тіктегіш қабырғалары бар траншеяларда керіп қалыптамай 
салуға жол беріледі;
- тастар қатарын бетон қоспасының соңғы (үстіңгі) қатарына қалағаннан кейін ғана 
жұмыста үзіліс жасауға жол беріледі; үзілістен кейін жұмысты бетон қоспасын төсеуден 
бастайды.
Құрғақ және ыстық ауа-райында салынатын кесек тастан және кесектасты бетоннан 
тұрғызылатын конструкцияларды монолитті бетон конструкциялар сияқты күтіп-
баптайды.
4.7.10 Тас конструкцияларын қыс жағдайларында салу
4.7.10.1 Қыс жағдайларында тас конструкцияларды қалау үшін цемент, цемент-әк 
және цемент-саз ерітінділер қолданылады.
4.7.10.2 Қысқы жұмыстарға арналған берілген маркадағы (кәдімгі және аязға қарсы 
қоспалары бар) құрылыс ерітіндісінің құрамын, ерітіндінің жылжығыштығын және 
жылжығыштықты сақтау мерзімдерін құрылыс зертханасы алдын ала қолданыстағы 
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес белгілейді және қолданылатын материалдарды 
ескере отырып түзетеді.
4.7.10.3 Қыс жағдайларында қалау үшін жылжығыштығы келесідей ерітінділерді 
пайдалану қажет: (9 - 13) см – кәдімгі кірпіштен қалау үшін және (7 - 8) см – бос қуыстары 
бар кірпіштерден және табиғи тастардан қалау үшін.
4.7.10.4 Қысқы уақытта тасты қалау кезінде жазғы уақытта қолданылатын барлық 
байлау жүйелерін пайдалануға болады. Аязға қарсы қоспалары жоқ ерітінділерді 
пайдалану арқылы қалау кезінде бір қатарлы байлауды қолдану қажет.
4.7.10.5 Көп қатарлы байлау жүйесі қолданылған жағдайда тік бойлық жіктерді 
кірпіштен қалаған кезде кем дегенде әр үш қатар сайын және қалыңдығы 138 мм 
керамикалық және силикат тастан қалаған кезде - екі қатар сайын байлайды. Кірпіш пен 
тасты қалаған кезде тік және көлденең жіктер толығымен толтырылады.
4.7.10.6 Қабырғалар мен ұстындарды ғимарат периметрінің бойымен және шөгу 
жіктерінің арасындағы шектерде біркелкі, биіктігінің бойымен ½ қабаттан асатын 
аралықта үзілулердің пайда болуына жол бермей тұрғызу қажет.
Қабырғалардың саңылаусыз жерлерін және бұрыштарды қалау кезінде үзілулерді 
қабаттың ½ бөлігінен аспайтын биіктікпен жасауға рұқсат етіледі және олар кемерлеп 
жүзеге асырылады. 
4.7.10.7 Жұмыс барысында үзіліс жасаған кезде ерітіндіні қалаудың үстіңгі қатарына 
төсеуге жол беріледі. Жұмыс кезіндегі үзіліс уақытында мұз қатып немесе қар жамылып 
қалмау үшін қалаудың үстін жабу керек.
Қалау ерітінділерінде қолданылатын құмның құрамында мұз немесе мұздаған кесек 
болмау керек, әк және саз қамыр 10 

С төмен емес температурада мұздамаған болуға тиіс.
4.7.10.8 Қыс жағдайларында кірпіштен, қисық пішінді тастардан және ірі блоктардан 
жасалатын конструкцияларды келесі әдістермен салуға рұқсат етіледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет