Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет17/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 
4.2 Бетон жұмыстары
 
4.2.1 Бетондарға арналған материалдар
4.2.1.1 Бетон қоспасын дайындауға арналған цементтерді осы ережелерге
(А қосымшасын қараңыз) және ҚР СТ EN 197-1, ГОСТ 30515 сәйкес таңдап алу қажет. 


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
12 
Цементтерді қабылдау, тасымалдау және сақтау ҚР СТ EN 197-1, ГОСТ 30515 және
ҚР ЕЖ 5.03-102 бойынша жүзеге асырылады.
4.2.1.2 Жол және аэродром жабындарының бетондары, түтін және желдету 
құбырлары, темірбетон шпалдары, желдету және мұнара градирнялары, жоғары вольттық 
желілер тіректері, көпір конструкциялары, темірбетонды тегеурінді және тегеурінсіз 
құбырлар, тірек бағандары үшін минералдық құрамы ГОСТ 10178, ГОСТ 26633 бойынша 
нормаланған клинкердің негізінде жасалған портландцементті пайдалану қажет.
4.2.1.3 Бетондарға 
арналған толтырғыштар Б қосымшасында көрсетілген 
нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
4.2.1.4 Бетон қоспаларының технологиялық қасиеттерінің және бетондардың 
пайдалану қасиеттерінің талап етілген деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық қоспаларын 
немесе олардың кешендерін Б және В қосымшаларға сәйкес пайдалану керек.
4.2.1.5 Бетон қоспасын тығындауға және химиялық қоспалар ерітінділерін 
дайындауға арналған су ҚР СТ ISO 12439, ГОСТ 23732 сәйкес болу керек.
4.2.2 Бетон қоспалары 
4.2.2.1 Бетон қоспасын бөліп дайындау технологиясымен әзірлегенде төмендегідей 
реттілігік сақталуы қажет:
- жұмыс істеп жатқан жылдам араластырғышқа су, құмның бір бөлігі, ұсақ 
ұнтақталған минералды толтырғыш (қолданылған жағдайда) және цемент өлшеніп 
салынған соң барлығы араластырылады;
- пайда болған қоспаны қалған толтырғыштар мен су алдын ала құйылған 
бетонараластырғышқа салады да, тағы да барлығын араластырады.
4.2.2.2 Пайдалануға дайын және құрғақ бетон қоспаларын ГОСТ 7473 талаптарына 
сәйкес дайындайды, тасымалдайды және сақтайды.
Бетон қоспаларының құрамына, дайындалуына және тасымалдануына қойылатын 
талаптар 1-кестеде келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет