ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
54
4.4.11.1.5 Профильді төсем табақтарын цинк жабынын зақымдамай және пішінін
бұзбай қалау және бастықтыру (қапсырмаланған жерлерде) қажет. Металл құралды
қорғаныш жабынын бұзбау үшін тек қана ағаш төсемдерге қою керек.
4.4.11.1.6 Әрбір элемент бойынша монтаждау әдісінде аспалы көлік жолдарының
арқалықтарын, сондай-ақ көпір крандарын көтеруге арналған монтаждау арқалықтарын
олар беткітілуге тиіс конструкциялардан кейін төсем немесе жабын плиталары төселгенге
дейін орнату қажет.
4.4.11.1.7 Әрбір аралықтың кран (көпір және аспалы крандар) жолдарын жоба
бойынша әрбір аралық қаңқаның көтергіш конструкцияларын бекіткеннен кейін бүкіл
ұзындық бойымен немесе температуралық жіктер арасындағы орында теңестіру және
бекіту қажет.
4.4.11.1.8 Монтаждалған конструкцияларды түпкілікті қабылдау кезінде 4.1.50
көзделген құжаттар тапсырылуы тиіс.
4.4.11.2 Қабылдау кезіндегі бақылауға қойылатын талаптар
4.4.11.2.1 Монтаждалған
конструкциялардың
нақты
орналасуының
шекті
ауытқулары қабылдау кезінде 15-кестеде келтірілген шамалардан артық болмауы керек.
15-кесте – Монтаждалған конструкциялардың нақты орналасуының шекті
ауытқулары
Параметрі
Шекті ауытқулар,
мм
Бақылау (әдісі, көлемі және
тіркеу түрі)
Ұстындар мен тіректер
1 Ұстындар мен тіректердің тіреуіш беттері
белгілерінің жоба бойынша белгілерден
ауытқуы
5
Өлшеу, әр ұстын және тірек,
геодезиялық атқару сызбасы
2 Көршілес ұстындардың тіреуіш беттер және
қатар бойы мен аралықтағы тіректер
белгілерінің айырмасы
3
Жоғарыдағыдай
3 Ұстындар мен тіректер осьтерінің тірек
қимасындағы бөліктеу осьтеріне қатысты
жылжып кетуі
5
Жоғарыдағыдай
4 Ұстындар осьтерінің үстіңгі қимадағы тік
сызықтан ауытқуы, ұстындар ұзындығы, мм:
Жоғарыдағыдай
4000 бастап 8000 дейін
10
8000 бастап 16 000 дейін
12
16 000 бастап 25 000 дейін
15
25 000 бастап 40 000 дейін
20
|