Свод правил республики казахстан


 Ағаш құрама фермаларды монтаждау



Pdf көрінісі
бет86/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

4.5.3 Ағаш құрама фермаларды монтаждау
 
4.5.3.1 Монтаждауға арналған фермалар кранның жұмыс істеу аймағында арнайы 
уақытша тіректерге тігінен толығымен жинақталуы және орнатылуы қажет. Фермалар 
белдеулеріне маркасы, белағаштар, кергіштер осьтерінің кертіктері, ілмектелген жерлер
қозғалатын және қозғалмайтын тіректер, симметриялық емес фермалар үшін – тіректер 
осьтерінің нөмірлері белгілену керек.
4.5.3.2 Ағаштан жасалған аралықтары үлкен фермаларды ірілендіріп жинақтау үшін 
үстіңгі белдеуді көлденеңінен немесе тігінен габариттердің бекітілуін, қажет болған 
жағдайда белдеулердің және тораптардағы қатты түйіспелерді дәнекерлеу, түйіспелердегі 
саңылауларды полимербетонмен құйып бекіту, тор және белдеулер элементтерін бекіту 
үшін сыналар мен бұрамасұқпалардың орнатылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін стапельде 
көтеру қажет.
4.5.3.3 Фермаларды жинақтау стендінде монтаждау үшін фермаларды тігінен қою 
кезінде фермалар белдеулері түйіспелерін және қиғаш тіреулердің бекітілу тораптарын 
қаттылығын күшейту үшін қажетті деңгейге дейін монтаждық күшейту керек.
4.5.3.4 Астыңғы белдеуі металдан жасалған, оның ішінде астыңғы белдеуі 
жоғарылатылған (тірелу сызығынан жоғары) металл-ағаш фермалар, шпренгель 
фермалары тігінен орналастырылып, фермалар элементтерін орнатуға және түзетуге 
арналған құрылғылары бар арнайы стапельдерде ірілендіріп жинақталады.
Астыңғы белдеулері металдан жасалған және үстіңгі белдеулері кесілген 
фермалардың ілмектелген жерлері көтерген кезде металл белдеулерінің керілуін 
қамтамасыз етіп отыру керек. Үстіңгі белдеулері кесілген металл-ағаш фермаларды 
аралықтың ортаңғы бөлігінде ілмектеу кезінде 18 м дейін көтеруге рұқсат етіледі.
4.5.3.5 Аралықтары 24 м жоғары фермалар және астыңғы белдеуі жоғарылатылған 
фермалар үшін топсалы-қозғалмалы тіректерді орнату кезінде тіректердің жобаға сәйкес 
есептік шамаға кедергісіз көлденең жылжу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
4.5.3.6 Фермаларды жылжытқышпен болат рельстердегі жиналмалы-құрама 
кеңістіктік стапельдерді пайдалану арқылы тігінен берілген белгіге (2-3) данадан 
қойылған күйде қатты кеңістіктік блоктармен монтаждау қажет. Блоктарды олардың екі 
тірелу нүктелеріне арқан бекітіп тартқыштармен синхронды түрде және ЖАЖ сәйкес 
жылжыту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет