Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет2/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Мақсаты: Білім алушыларға синтаксистің негізгі салалары жөнінде түсінік беру. Студенттердің теориялық түсінігін жетілдіріп, ғылыми талдаулар жасай алуына мүмкіндік жасау. Студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылысынан – сөздердің байланысу амалдары мен формаларын, сөз тіркесі және сөйлем құрылысының негіздерін хабардар ету. Осыған байланысты сөйлем түзіп, олардың қатысымдық қызмет атқарып отырғандығын түсіндіру, дағдыландыру, синтаксистік тұлға-бірлік ретінде түсінілетін ұғымдардың ғылыми тұжырымдамаларын айқындау, студенттердің аталған салаға қатысты нақты білім алуын қадағалау.


Курстың міндеттері:
Білім алушыларға аталған пән бойынша төмендегідей білім-дағдысын меңгерту:

  • студенттердің төменгі курстарда алған білімдерін теориялық жақтан кеңейту;

  • синтаксистің негізгі объектілерінің мәнін ашып, оларды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру;

  • студенттерді тіркес түрлеріне, сөйлем мүшелеріне, сөйлем құрылысына қарай талдай білуге үйрету;

  • синтаксистік ұғымдар мен қағидалардың мәнін түсінуге, өз ойларын қорытындылай білуге дағдыландыру;

  • синтаксистік сала бірліктерін ажырату жолдарын игерту.



Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:
-Тіл білімінің синтаксис саласы бойынша, сөз тіркесі, жай сөйлем мәселелері бойынша бұрын-соңды жасалған, тиянақталған зерттеу нәтижелері жөнінде түсініктер қалыптастырады;
- Курсты меңгеру барысында студенттер қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі, оның өзге синтакситік бірліктерден айырмашылығын және сөйлем мен оның түрлері туралы толық мағлұмат ала отырып, сөйлемдерді құрылыстық жағынан талдай біледі;
- Берілген тақырыптар бойынша жинақталған білімін сөйлеу мен жазу, тыңдау мен оқу дағдысында қолданады;
- Студенттер сөйлем мен оның мағыналық түрлерін, сөйлем мүшелерін, сөз тіркесі мен күрделі сөз, тұрақты сөз тіркесі, шектеулі тіркес, атаулы тіркес сияқты бірліктердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын айқындай отырып, салыстырады,
- Синтаксис саласының зерттелу тарихының кезеңдерін классификациялайды;
- сөз тіркестерінің байланысу амалдары мен түрлеріне, сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет