Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет14/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ тіліндегі синтаксистік заңдылықтар дегеніміз не?
2.Синтаксистік байланыс, қатынас, құрал туралы айтыңыз.
3.Синтаксистік форма мен мағына дегеніміз не?


3-дәрістің тақырыбы: Сөзтұлға синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисі. Сөз тіркесі туралы түсінік.
Дәрістің мақсаты: Қазақ тіліндегі синтаксистің салалары туралы түсінік беру, сөзтұлға синтаксисі, оның зерттеу нысаны туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Сөзтұлға синтаксисі.
2.Сөз тіркесі синтаксисі және оның зерттеу нысаны. Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөз тіркесі, анықтамасы, ерекшелігі, зерттелуі
Синтаксис сөзінің беретін мағынасы «құрау, құрылым», бұл жағынан келгенде, синтаксис кемі екі тілдік бірліктің бір-бірімен грамматикалық байланысынан туындайтын нәтиже. Синтаксистің негізгі зерттеу нысаны болып сөз тіркесі мен сөйлем танылады. Сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы ретінде жұмсалады. Сондай-ақ, сөз де сөйлем материалы болып жұмсалатыны рас. Сөз - сөйлемге ғана емес, сөз тіркесі үшін де тілдік құрал. Ендеше сөз тіркесі синтаксисіне дейін тағы бір синтаксис саласы бар болып шығады. Тілдегі жеке сөз болсын, бір ұғымға ие күрделі тілдік бірліктер болсын, ең алдымен өзара байланысқа түседі. Яғни, синтаксистік амал-тәсілге бағынады. Синтаксистік амал-тәсіл екі тілдік бірліктің байланысу түріне (формасы) әкеледі. Олар тілде бес түрлі: қабысу, матасу жанасу, меңгеру, қиысу. Аталған екі синтаксистік тұлға (амал-тәсіл және байланысу түрлері) сөз тіркесінің нысаны емес. Егер олай болса, сөз тіркесінің амал-тәсілдері, сөз тіркесінің байланысу түрлері болып шығар еді. Бұл дегеніңіз – кемі төрт толық мағыналы сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы. Сондықтан сөзтұлға синтаксисі ойдан құрала қалған жоқ. Тілде бар тілдік бірліктер жиынтығынан, демек синтаксистік амал-тәсіл мен сөздердің байланысу түрлерінен, туындады. Қазақ тілінің оқу құралдарында, ғылыми зерттеулерінде синтаксис бөлімі сөз тіркесі және сөйлем болып сараланды. Тек 1996 жылы авторлар ұжымы құрастырған «Кестелі грамматика» оқу құралында синтаксис ғылымы төрт салаға жіктелінген. Ғалым Б.Шалабаев оның алғашқысын сөз және оның формасының синтаксисі деп атаған. Және оны «…белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқты басқа бір сөзді бағындыра алатын қасиеттерін, олардың сөз тіркестері мен сөйлем құрамында қолданылуын, қызмет ету жағдайларын зерттейді» - деген. Сөзтұлға атауының тілімізде қолданылуы бірінші рет емес, ол, ең алдымен, сөзжасамдық нысан ретінде белгілі болды. Тіліміздегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан біркелкі емес, әр түрлі. Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де, жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер де бар. Бұл тұлғалармен қатар екі түбірден біріккен сөздер де, екі түбірден қосарланып жасалған сөздер де, бірнеше түбірдің тіркесуі арқылы жасалған құрама сөздер де, бірнеше түбірден қысқарып құралған сөздер де бар. Сөзтұлғаның синтаксиске қатысын, М.Серғалиев былай дейді: "Сөз тұлғасы екі жағдайда қолданылады. 1) Нақтылы бір сөзге байланысты (жатырмын, күледі, т.б.); 2) кез келген сөз байланысы және біртекті өзгеріс ретінде танылады. Мысалы, сын есімнің салыстырмалы шырай тұлғасы, өткен шақ тұлғасы сөзтұлға деген бір тілдік аталыммен аталады. А.Байтұрсынов синтаксистің сөйлем жүйесіне ерекше мән берген. С.Аманжоловтың талдауларынан сөзтұлғалық белгідегі бірліктердің қатынасын екшеп алуға болады. Қ.Жұбанов күрделі сөз түрлерінің жасалуы мен синтаксистік қызметін сөз етсе, Н.Сауранбаев синтаксистік құрал түрлерін барынша таратты. Мұндай синтаксистік бірліктердің қызметін орыс тіл білімі ғалымдары да көрсеткен. В.А.Белошапкова синтаксис предметін сөз тіркесі, сөйлем және құрмалас сөйлем дей отыра, сөзтұлға синтаксисінің барын жоққа шығармайды. Ғалым: «Минимальные составляющие синтаксических единиц – слова и форма слова. …Объектами синтаксиса являются также слова и формы слова»1 дегенді айтады. Бұл пікірді кейіннен жақын қолдап кеткен ғалымдар болды. Олар сөз және оның тұлғасының сөз тіркесі мен сөйлемішілік қызметін нақты көрсетті: «Синтаксис характеризует слова и формы слова с точки зрения их сочетаемости друг с другом и их функции в составе словосочетания и предложения». Жоғарыда аталған пікірлер тіл біліміндегі синтаксистік құрылыстың төрт саламен тиянақталатынын негіздейді. Біздің пікірімізше, сөзтұлға синтаксисінде жеке сөздердің тұлғалары анықталып, олар өзара грамматикалық байланысқа түсуі шарт. Яғни, синтаксистік амал-т әсілдер анықталуы қажет. Онан кейінгі сатыда сөздердің байланысу түрлері айқындалады. Бұлардың өзі екі тұлғаның я сөз тіркесі, я сөйлем материалы болуына жол ашады. Сөзтұлға синтаксистің ажырамас бір бөлігі болғандықтан, жалпы синтаксистік заңдылықтарға бағынады. Қорыта келгенде, қазақ тіл біліміндегі соңғы ізденістер сөзтұлға синтаксисінің жеке сала түрі екендігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет