Бақылау сұрақтары:
1.Бастауыш болатын сөз таптары және олардың тұлғалық, мағыналық ерекшелігі туралы айтыңыз.
2.Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерден болған бастауыштар және олардың мағыналық ерекшелігі қандай?
12-дәрістің тақырыбы: Бастауыш және оның жасалу жолдары
Дәрістің мақсаты: Бастауыш және бастауыш қызметін атқаратын сөз таптары, бастауыштың жасалу жолдары туралы мәлімет беру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Етістік, үстеу, еліктеу, модаль сөздерден болған бастауыштар және олардың ерекшелігі.
2.Дара және күрделі бастауыштар. Күрделі бастауыштың жасалу жолдары.
3.Үйірлі бастауыштар және оның ерекшелігі, жасалуы.
Тұрлаулы мүшелердің ең басты, негізгі мүшесі – бастауыш. Грамматикалық бастауыштың аясына бастауыш қызметіндегі атау септігінде тұрған кім? не? деген сұрауға жауап беретін логикалық субъекті толығымен кіреді. Сондай-ақ, басқа сөз топтары да заттанып бастауыштық қызметті атқара береді. Заттық мағынаны білдіру арқылы бастауыш қызметінде сөз таптарының бірі - етістік. Етістіктің есімше, қимыл есімі түрлері етістікке тән симантикасын атқарады. Бұлардың ішінде есімшенің қызметі сын есімге ұқсас келеді.
1. Есімшеден жасалған бастауыш қимыл иесі – кісі мағынасында көрінеді. Сұрағы кім? және есімшенің жұрнағына сәйкес есімшелі сұрақ (не істеген? қайткен? т.б) болып келеді. Мысалы: Көрмес түйені де көрмес (мақал) Желінер желінді, ішілер ішілді (Сүлейменов).
Бастауыш қимыл есімі мен ортақ етістен де жасалады. Мысалы: Кітап бастыру, газет-журнал шығару күшейді (Кенжебаев). Енді не тұрыс бар (Сүлейменов).
Бастауыштар да жеке сөзді – дара (жалаң), көп сөзден құралған күрделі, не үйірлі және басқа сөйлем мүшелері сияқты бірыңғай болады.
Әлденеше сөз күрделі бастауыш болу үшін, олар өзара синтаксистік тығыз байланыста болулары керек те, сөйлемнің баяндауышы сол сөз тіркесіндегі сөздермен байланысқан болуы керек: Самат екеуміз қырманға бардық. Ертең канал қазу жұмысы басталады (С. Мұқанов).
Күрделі бастауыш болатын сөз тіркесінің құрлысы, негізінде, былай болады:
1. Ілік септіктің жасырын түріндегі сөзбен үшінші жақтық тәуелдік жалғаулы сөздер тіркесін құру арқылы бастауыш болады: Обком секретары Кулаков орнынан босады (Д. Досжанов). Қошқаратаның орта шетінде қонақ үйі бар екен (М. Балақаев).
2. Көмекші есімдер тәуелдену арқылы ілік септікті сөздермен бірігіп күрделі бастауыш болады: Базар маңы ығы-жығы. Үйдің іші тап – таза екен.
3. Өздік есімдігі тәуелденіп келеді де, жіктеу есімдіктерімен біртұтасып кетеді. Кейде ілік септігі түсіріліп те қолданылады: Мен өзім соны сізден сұрайын деп едім (С. Ерубаев). Сен өзің құлыншақтай уыз жассың (Күш атасы).
4. Бастауыш құрамында екеуіміз, үшеуіміз, дегеніміз, деген сөздері айтылып күрделі бастауыш жасалады: Сен екеуміз барамыз. Дүйсен екеуміз жүріп келеміз (М.Әуезов).
5. Негізгі және көмекші етістіктер (субстантивтенген), есімдер тобы күрделі бастауыш болады: Менің айтып отырғаным – ақыл. Күле беру ұят болады.
6. Күрделі бастауыш заттанған күрделі сын есім мен сан есімдерден жасалады: Жүйрік торы ойнақшып тұр екен.(Ғ.Мүсірепов). Бір жүз қырық алты тең бөлінбейді.
7. Күрделі жалқы есімдер сөйлемде күрделі бастауыш болады: Біріккен Ұлттар Ұйымы – дүние жүзі елдерінің бас қосып кеңес құратын жері.
Үйірлі бастауыштар да көп сөзден құралады. Оның кұрделіден айырмашылығы мынау:
Егер күрделінің құрамы түйдекті тіркесті болса, үйірлі бастауыштардың құрамында бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар (мақал). Мен көрген бұл кісі емес. Жасы құрдас – құрдас емес, заманы бір – құрдас (мақал).
Достарыңызбен бөлісу: |