Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет33/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Сөйлемге тән басты белгілерді атаңыз.
2.Сөйлемнің басқа грамматикалық единицалардан айырмашылығы қандай?
3.Сөйлемнің негізгі белгілері мен құрылысына, құрамына, мағынасына, айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері қандай?


22-дәрістің тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері
Дәрістің мақсаты: Жай сөйлем, оған тән басты белгілер, оның қызметі туралы түсіндіру. Қарастырылатын мәселелер:
1.Жалаң және жайылма сөйлемдер
2.Толымды және толымсыз, атаулы сөйлемдер, олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі.

Синтаксис туралы ғылыми зерттеулерде жай сөйлем өзінің құрамына, формасына, құрылымына және мазмұнына қарай әр түрлерге ажыратылады. Мұндай принциптер бойынша жай сөйлемдер мынадай типтерге бөлінеді: 1) Толымды және толымсыз жай сөйлем; 2) Номинантивті және етістікті жай сөйлем; 3) Жалаң және жайылма жай сөйлем; 4) Айтылу мақсатына қарай бөлінетін жай сөйлем; 5) Екі негізді (құрамды) және бір негізді жай сөйлем; 6) Күрделенген жай сөйлем.


Жай сөйлемнің толымды, толымсыз болуы сөйлемдегі бас мүшелердің болу, болмауына байланысты. Жалаң сөйлемдер екі құрамды болып келеді, басқаша айтқанда, олар тек бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Оның құрамында бастауыштың да, баяндауыштың да құрылымын кеңейтуші мүшелер болмайды Бастауыш негізінен зат есімнен жасалса, баяндаушы етістік болады. Мысалы: Есік ашылды. Шектібай мен Алексей кірді (С.Ерубаев).
Жайылма сөйлем жалаң сөйлемді құраушы тұрлаулы мүшелерге қатынасқан тұрлаусыз мүшелері бар жай сөйлемнен жасалады. Тұрлаулы мүшелердің бірінде ең кемі бір тұрлаусыз мүше тіркессе, онда ондай жай сөйлем жайылма сөйлем болып саналады.
Тұрлаулы мүшелер жай сөйлемді құрушы негіз мүшелер болғандықтан аталмыш сөйлемнің екі негізді жай сөйлем деп аталады.
Екі негізді жай сөйлем – коммуникативтік аспекті тұрғысынан ең көп қолданылатын тип. Өйткені зат есім-бастауыштың сапалары сан-алуан. Олар баядауыш арқылы көрінеді. Екі негізді жай сөйлем баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді және етістікті болып бөлінеді.
Атаулы сөйлемнің негізгі мүшесі ретінде сын есім, есімше жұмсалғанда, олар субстантивтеніп тұрады. Осылай болғандықтан олар септік тұлғаға ие бола алады. Негізгі мүше көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық етістік негізгі мүше қызметін табыс септік формасында тұрып та атқара алады. Жаздың ыстығын! Күтпеген жерден келуін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет