Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет34/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Жалаң және жайылма сөйлемдердің ерекшелігі қандай?
2.Толымды және толымсыз, атаулы сөйлемдер, олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі қандай?


23-дәрістің тақырыбы: Бір негізді сөйлемдер
Дәрістің мақсаты: Бір негізді сөйлемдердің ерекшелігі, жалпылма жақты сөйлем, белгісіз жақты сөйлем, жанама жақты сөйлем, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Бір негізді сөйлемдердің ерекшелігі
2.Жалпылма жақты сөйлем
3.Белгісіз жақты сөйлем
4.Жанама жақты сөйлем
Сөйлемнің ең басты белгілерінің бірі – предикативтік қатынас сөйлемдегі бас мүшелердің (бастауыш пен баяндауыш) өзара қатынасына негізделетіні белгілі. Алайда сөйлемнің мағыналық-мазмұндық құрылымындағы бас мүшелер болып табылатын субъекті мен предикат арасындағы жақтық мағына грамматикалық ыңғайда басқаша жолдармен де берілуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, сөйлем үнемі екі бас мүшенің грамматикалық қатынысынан құрала бермей, предикативтік мағынаны логикалық ыңғайда тұтастай білдіретін бір ғана бас мүшелік құрылым арқылы да беріле алады. Сөйтіп, бір негізді сөйлемдер деп грамматикалық жағынан бір ғана предикативтік бас мүше құрылымда келіп, субъектілік бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз. Бір негізді сөйлемдер ондағы субъекті мәнінің берілісіне қарай:1. Жалпылама жақты сөйлем;2.Белгісіз жақты сөйлем;3.Жанама жақты (жақсыз) сөйлем деп бөлінеді.
Кез келген тілдік тұлға нақты, тура мағынасынан басқа жалпылық та мағынаға ие бола алады. Осы заңдылық тұрғысынан келгенде, белгілі бір жақтық жалғау тура мағынасынан басқа жалпылық жақты білдіретін мәнге де ие бола алады, яғни абстракцияланады. Сөйлемнің бас мүшесі қандай жақтық көрсеткішпен берілгеніне қарамастан, тыңдаушы (оқырман) сөйлем мазмұнынан сол хабардағы іс-әрекет, қимыл-қозғалыстың өзіне де, сөйлеушіге де, бөгде жаққа да қатысы бар екенін ұғынады. Мысалы: . Жер үстінде Адам баласы болудан артық не бар дейсің (Ғ.Мүсірепов). Келбеті келгеннен кеңес сұра (мақал).
Бас мүшесі 3-жақтық тұлғада келіп, іс-әрекет иесі белгісіз жақ болатын, тек іс-әрекеттің орындалуы жайында хабар білдіру мақсатын көздейтін бір құрамды сөйлем түрін белгісіз жақты сөйлем дейміз. Мысалы: Жиылыста Омбы мен Қызылжарды большевик билеп алғанын хабарлады (Ғ.Мүсірепов). Бүгінгі шыққан ауылымызды «Ерекең ауылы» дейді (Б.Майлин).
Жанама жақты (жақсыз) сөйлемде айтылатын ой тұрлаулы мүшенің тек біреуі арқылы ғана, яғни баяндауышы арқылы ғана қалыптасып жарыққа шығады. Ал сөйлемдегі баяндауыш көрсеткен іс-қимылдың субъектісі бастауыш арқылы берілмейді. Сондықтан жақсыз сөйлемде атау тұлғасында тұрып, кім? не? сұрағына жауап беретін бастауыш болмайды және оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға да мүмкін емес. Мұның себебі – баяндауыштың бастауышпен қиыса байланысу қабілеті болмай құрылуында. Баяндауыш тұлғасы әрқашан жекеше 3-жақта ғана тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет