Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет32/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1. Сөйлемнің үйірлі мүшелері дегеніміз не?
2. Жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілерінің қойылу ерекшелігі қандай?
3. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі және оның қызметі қандай?


21-дәрістің тақырыбы: Сөйлем туралы түсінік.
Дәрістің мақсаты: Сөйлем, оған тән басты белгілер, оның қызметі туралы түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Сөйлем туралы түсінік, оған тән басты белгілер.

  2. Сөйлемнің басқа грамматикалық единицалардан айырмашылығы.

  3. Сөйлемнің негізгі белгілері мен құрылысына, құрамына, мағынасына, айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері.

Сөйлем – коммуникативтік единица, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын единица. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды.
Тілімізге тән және ең көп жұмсалатын сөйлемдер – бастауыш- баяндауыш құрамындағылары. Осы сөйлемдердің құрылысын ескергенде, сөйлемді құрау үшін ең аз болғанда екі мүше қатысуы керек – ойдың кім, не туралы екенін білдіретін мүше, яғни баяндауыш мүше қатысуға тиіс. Осы екі мүшенің грамматикалық қатынасы сөйлем құрауға негіз болады. Өйткені сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады.
Бастауыш баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады. Тілде бірнешеу және бәрі де көбіне баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады. Бірі – шақтық форма. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа шақ, мезгіл жағынан қандай қатынаста тұрғанын білдіру үшін қызмет етеді.
Екіншісі – рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма. Рай формалары- ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай болып бөлінетіні белгілі. Үшіншісі – жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп құрылады және бұл үш жық субьектінің пікір алысу процесіне қатысу тұрғысынан белгіленеді. І жақ сөйлеуші (мен) және соның тобы (біз, біздер), ІІ жақ – тыңдаушы немесе сөздің адресаты (сен, сендер), ІІІ жақ пікір алысу процесінен сырттағы субьект (ол, кісі, қыз, ұл, инженер, тау т.б.)
Жақтық форма іс- қимылдың және оның субьектісінің сөйлеушіге қатынасын білдіреді: яғни субьект кім – сөйлеушінің өзі ме (мен), тыңдаушы ма (сен), сырттағы кісі ме (ол, олар) т.т.
Синтаксисте, яғни сөйлем құрамында да шақ, рай мағыналары етістікке тән формаларға (шақ, рай формаларына) сүйеніп білдіріледі. Бірақ айырмашылық жоқ емес. Бұл ретте біз лингвистика теориясында айтылып жүрген морфологиялық шақ, рай формалары мен синтаксистік шақ, рай формаларын даралап тануымыз керек деген пікірін ескергеніміз жөн. Морфологиялық форма мен оның синтаксистік жұмсалуының арасында айырмашылықтың көп болатыны септік формаларының сөз тіркесінде жұмсалуынан да байқадық.
Екінші ескертетін жай, сөйлемдер құрылысы, формасы, мағынасы жағынан ерекшеленіп топталғанмен, олар өзара тығыз структуралық байланыста келеді. Түрлі трансформация арқылы сөйлемдердің типтік түрлері функция жағынан да, өзгеру жүйесі жағынан да өзара байланысып жатады.
Осы айтылғанның бәрі сөйлемнің грамматикалық формасы, семантикалық-грамматикалық түрлері әр стильде түрліше көрінетінін байқатады. Әсіресе ауызекі сөйлеу тілінде сөйлем түрлі структуралық, грамматикалық ерекшелігімен көзге түседі, сонымен бірге онда сөйлемнің грамматикалық типтерін ерекше жұмсау да жоқ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет