Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет48/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Өткізу формасы: «стикердегі жазба» әдісі арқылы ұжымдық жұмыс жасау, жеке жұмыс: жаттығу жинағынан тапсырма орындау.
Бағалау критерийлері: баяндауыш қызметінде жұмсалған зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің, үстеу, еліктеу, модаль сөздердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін ажырата білуі, күрделі баяндауыштар және оның түрлері мен жасалу жолдары, үйірлі баяндауыш және оның ерекшелігі, күрделі есім баяндауыштар, күрделі етістік баяндауыштар және құрама бянауыштар туралы тұжырымдарды жинақтап, ауызша баяндай білуі, практикалық тапсырмаларды дескрипторына сай дұрыс орындай білуі, ұжымда жұмыс жасай білуі ескеріледі.
Әдебиеттер: 3, 6, 8, 5
Қосымша әдебиеттер: 2, 9, 13, 16


Семинар №8
Тақырыбы: Анықтауыштардың жасалу жолдары. Анықтауыштық тұлға мәселесі. Айқындауыш.
Сабақтың мақсаты: анықтауыш болатын сөз таптарын, олардың анықтауыш қызметіндегі тұлғалық және мағыналық ерекшелігін, күрделі анықтауыштың түрлерін, үйірлі анықтауыш және оның тұлғалық, мағыналық ерекшелігін меңгеру және айқындауыш, оның түрлері мен олардың анықтауыш мүшеден айырмашылығын меңгеру, теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекіту.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Анықтауыш болатын сөз таптары. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің анықтауыш қызметіндегі тұлғалық және мағыналық ерекшелігі.

  2. Есімше тұлғалы етістік, еліктеу, модаль сөздердің анықтауыш қызметінде қолданылу ерекшелігі.

  3. Күрделі анықтауыштың түрлері. Үйірлі анықтауыш және оның тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.

Әдістемелік нұсқаулық: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің анықтауыш қызметіндегі тұлғалық және мағыналық ерекшелігін, сондай-ақ есімше тұлғалы етістік, еліктеу, модаль сөздердің анықтауыш қызметінде қолданылу ерекшелігін, күрделі анықтауыштың түрлерін, үйірлі анықтауыш және оның тұлғалық, мағыналық ерекшелігін және айқындауыш, оның түрлері мен олардың анықтауыш мүшеден айырмашылығын көрсету, теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекіту мақсатында жаттығу жұмыстарын орындау, мысалдар келтіру.
Өткізу формасы: зерттеу еңбектеріне шолу жасап, берілген теориялық мәлімет жазылған ресурсты топтық жұмыста «Джигсо» әдісі арқылы баяндау, анықтауыш пен айқындауыштың ұқсастықтары мен айырмашылығын «Венн диаграммасы» арқылы көрсету, жеке жұмыс-«семантикалық кесте» жасау арқылы анықтауыш қызметін атқаратын сөз таптарына мысалдар келтіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет