Бағалау критерийлері: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерден және етістік, үстеу, еліктеу, модаль сөздерден болған бастауыштар және олардың ерекшелігі, дара және күрделі бастауыштар, күрделі бастауыштың жасалу жолдары, үйірлі бастауыштар және оның ерекшелігі, жасалуы туралы тұжырымдарды толық әрі нақты жазуы, ауызша баяндауы, аталған теориялық білімді мысалдар келтіру арқылы дәлелдей білуі, «креативті матрица» арқылы жұптық жұмыста бастауыш болатын сөз таптарын қатыстырып мысалдар келтіруі, «тұжырымдамалық карта» арқылы жеке жұмыс тапсырмасын орындауы ескеріледі.
Әдебиеттер: 1, 6, 8, 5
Қосымша әдебиеттер: 4, 9, 15, 17
Семинар №7
Тақырыбы: Баяндауыш болатын сөз таптары және олардың тұлғалық, мағыналық ерекшелігі.
Сабақтың мақсаты: Баяндауыш қызметінде жұмсалған зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің, үстеу, еліктеу, модаль сөздердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктер, күрделі баяндауыштар және оның түрлері мен жасалу жолдары, үйірлі баяндауыш және оның ерекшелігі, күрделі есім баяндауыштар, күрделі етістік баяндауыштар және құрама бянауыштар туралы тұжырымдарды жазу, ауызша баяндау, практикалық тапсырма арқылы теориялық білімді бекіту.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1.Баяндауыш қызметінде жұмсалған зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері.
2.Баяндауыш қызметінде жұмсалған үстеу, еліктеу, модаль сөздердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері.
3.Күрделі баяндауыштар және оның түрлері мен жасалу жолдары.
4.Үйірлі баяндауыш және оның ерекшелігі. Күрделі есім баяндауыштар.Күрделі етістік баяндауыштар. Құрама бянауыштар.
5.Тема мен рема
Әдістемелік нұсқаулық: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, еліктеу, модаль сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы зерттеу еңбектеріне щолу жасап, олардың тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін ажырату, күрделі баяндауыштар және оның түрлері мен жасалу жолдарын көрсету, үйірлі баяндауыш және оның ерекшелігі, күрделі есім баяндауыштар, күрделі етістік баяндауыштар және құрама баянауыштар туралы тұжырымдарды жазып, ауызша баяндау, алған теориялық білімдерін мысалдар келтіре отырып дәлелдеу
Достарыңызбен бөлісу: |