Студенттердің білімін тексеру сұрақтары.
1.Саясат –зерттеу объектісі .
2.Саясат пен ақлиқаттың өзара қатынасы жөніндегі негігі көзқарастар.
3.Саясат және салыстырмалы саясаттану.
4.Қазіргі қоғамдағы саясат және саяси қағидалар.
5. Саяси қатнастардағы қазіргі ұлт саясатының негізгі қағидалары.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының сұрақтары.
1.Билік ұғымын зерттеу анықатамалары.
2. М.Вебердің билік легитимділігі теориясы.
Негізгі әдебиеттер:
1.Калиев С. Саяси билік. Астана. 2013ж.
3.Әбсаттаров Р. Саясаттану. Оқу құралы. Алматы. 2013ж.
4.Өтемісов Б. Саяси білімдер теориясы, тарихы және Қазақстандық тәжірибе : оқулық / Б. Өтемісов, Қ. Қарабала. - Ақтөбе : "А- Полиграфия" ЖШС, 2010. - 280 с
Қосымша әдебиеттер:
1. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңы. Астана. 2015ж.
2.Гаджиев К.С.Политология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. "Политология"; Допущено МО РФ / К. С. Гаджиев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : "Логос", 2011. - 432 с. : ил. - (Новая студенческая библиотека)
3. Акопов Г.Л.Политология : учебное пособие для студ. вузов / Г. Л. Акопов, С. А. Кислицын. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 350 с. - (Высшее образование)
4. Рахметов, Қ.Ж. Саясаттану : оқу құралы / Қ. Ж. Рахметов, А. Н. Болатова, З. Н. Исмағамбетова. - Алматы : Өлке, 2009. – 176
5. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық ҚР мәдениет және ақпарат мин.; Ақпарат және мұрағат комитеті. – Алматы: ЖШС «Қазақстан»баспа үйі.-2006. 3-ші том. – 480 бет. «Мәдени мұра»
11-тақырып.
Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлаулар мен сайлау жүйелері.
Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.
Саяси жүйенің құрылымы.
ҚР саяси жүйесі мен Конституциясы.
Саяси режимдер.
Сайлау жүйелері.
Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде.
Саяси жүйелер теориясы шамамен жуықта — XX ғасырдың, 50-60-жылдарында пайда болды. Бұл теорияның жұрт таныған негізін салушылар американдық саясаттанушылар Д. Истон мен Г.Альмондболып табылады.
Д.Истон "Саяси жүйе" (1953), "Саяси өмірді жүйелі талдау" (1965) атты еңбектерінде саяси жүйе теориясының негізін қалады. Оның түсіндіруінде саяси жүйе дамитын және сырттан келетін әсерге сезімтал өзін-өзі реттейтін организм тәрізді. Бұл - көптеген бөліктерден тұратын біртүтас жүйе, оны ортадан бөліп тұратын белгілі бір шектері бар.
Г. Алмонд "Салыстырмалы саяси жүйе" (1956) атты мақаласында саяси жүйені мемлекеттік, соңдай-ақ мемлекетттік емес саяси тәртіптің әралуан нысандары болып табылады, оларға талдау жасау кезінде екі деңгей - институциялық және бағдарлық деңгей ажыратылады деп көрсетеді. Институциялық деңгей қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал баршалық деңгей — нақты саяси құрылымды, саяси мәдениетті зерттеуге назар аударады.
Осы заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымының екі мәні бар:
а) саяси жүйе теориялық, ойлау құралы болып табылады, оның көмегімен әралуан саяси бірегей құбыластардың қасиеттері анықталып, сипатталады. Осы тұрғыдан бұл санат саяси шын-айылықтың өзін бейнелеместен, саясатты (партиялар, мемлекет, саяси мәдениет және басқалары) жүйелі талдаудың құралы болып табылады;
б) саяси жүйе — бұл қоғамдағы биліктің қалыптасуы мен қызмет істеуінің нақты күрделі тетігі. Бұл тетікке мемлекет, партиялар, саяси бірлестіктер, БАҚ, электорат және т.т. жатады.
Сөйтіп, қоғамның саяси жүйесі — бұл саяси институттардың, саяси рөлдердің, қатынастардың, процестердің, саяси, әлеуметтік, заңдық, идеологиялық, мәдени нормалардың кодексіне, нақты қоғамның саяси режимінің дәстүрлері мен нұсқауларына бағынатын қоғамның саяси ұйымы принциптерінің біртұтас, тәртіптелген жиынтығы.
"Саяси ұйым" және "саяси жүйе" ұғымдарының арақатынасы туралы. Кейбір әдебиеттерде бұл ұғымдар ұқсас ұғымдар ретінде, синонимдер ретінде қарастырылады. Бірақ олардың айырмашылығы бар. Қоғамның саяси ұйымы саяси институттар мен саяси-құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Саяси ұйым жетекші, билік жүргізуші ұйымдастырушы құрылым ретінде түсіндіріледі.
" Саяси жүйе" санаты "саяси ұйым" ұғымынан кең мағынада түсініледі, өйткені саяси жүйеге саяси ұйыммен қатар саяси сана-сезім, мәдениет, коммуникация, саясатқа қатысу сияқты құрылымдық элементтер жатады.
Қоғамның қосымша жүйелері. Саяси жүйе жиынтық қоғамдық жүйенің қосымша жүйелерінің бірі болып табылады. Ол басқа қосымша жүйелермен: әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, I әдептік, құқықтық, мәдени жүйелермен өзара іс-кимыл жасайды, бұлар табиғи қоршаған ортамен және табиғи ресурстармен (демографиялық, кеңістік-аумақтық ресурстармен), сондай-ақ сыртқы саяси ортамен қатар, саяси жүйенің қоғамдық ортасын, I оның қоғамдық ресурстарын құрайды.
Нақты қоғамның саяси жүйесін анықтайтын факторлар қандай?
а) қоғамның таптық табиғаты, әлеуметтік құрылысы;
б) басқару нысаны (парламенттік, президенттік және т.т.);
в) мемлекеттің түрі (монархия, республика);
г) саяси режимнің сипаты (тоталитарлық, демократиялық);
д) саяси-идеологиялық және мәдени қатынастар сипаты;
е) саяси өмір тәртібінің (саяси жағынан белсенді не енжар халық) тарихи және ұлттық дәстүрі.
Тұтастай алғанда, қоғамның қосымша жүйелерінің бірі болып табылатын саяси жүйе айрықша ерекшеліктермен сипатталады.
а) саяси жүйенің басқа қоғамдық жүйелерден (ол қабылдайтын шешімдер ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыратындықтан, барлық жүйелер үшін міндетті болады) басым түсуімен;
б) қоғамдық ортаның, қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымының сипатын анықтауымен;
в) біршама дербестігімен сипатталады. Ол сонымен бірге белгілі бір деңгейде ресми сипаталады, өйткені оның ауқымындағы қатынастар құқықтық және саяси нормалармен реттеледі.
Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде болады, ол кеңістіктің аумақтық өлшемі (мемлекет шекарасы) және қоғамның саяси ұйымының әртүрлі деңгейлеріндегі саяси жүйе мен оның құрамдас бөліктерінің саласымен анықталатын қызметтік өлшемі болады. Шекаралардың мәртебесін анықтау күрделі саяси құқықтық процесс болып табылады, ол ресми сипат алады және заң жүзінде (конституцияда, заңда) белгіленеді.
Саяси жүйе қоғамдық бірегей құбылыс ретінде уақыт ішінде белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Бұл процесс саяси қатынастар мен институттардың дамуы немесе ескіруі ретінде сипатталады:
Саяси жүйенің тарихи дамуы бірқатар заңдылықтарға бағынады:
а) билікті шоғырландыру және тарату, орталықтандыру және орталықсыздандыру;
б) осы үрдістердің күресі. Билікті шоғырландыру мен тарату, орталықтандыру мен орталықсыздандыру арасынадағы күрес формациялардың өзгеруі кезінде орталықтандырудың, орталықсыздандырудың дағдарысымен және осы екі бастаудың жаңаайналымымен (көне дәуір империяларынан ерте феодалдық бытыраңқылыққа, феодалдық монархиялардан буржуазиялық мемлекетке, XIXғасырдың аяғындағы - XXғасырдың басындағы империализмнен демократияландыру процесіне көшу кезіндегі) дәуірлер тоғысында аяқталады;
в) жүйе мен оның қосымша жүйелерінің күрделі болуының жалпы процесіне (партиялардың пайда болуы мен көбеюі, қауымдастықтардың дамуы және т.с.с.)
г) жүйені ресмилеу, оны заң жүзінде ресімдеу;
д) демократиялық институттарды қалыптастыру, жалпыға бірдей сайлау, өзін-өзі басқару;
е) билік пен халық қатынастарын қайта ұйымдастыру (жоғарыдан жасалатын әкімшілік-әміршілдік, озбырлық және жанжалды қатынастардан - төменде шартты конституциялық және келісімге келу қатынастарына көшу);
ж) басқару ақпаратының, мәжбүрлеу органдарының өріс алуы.
Сонымен, саяси жүйенің нақты жолдары мен нысандары әртүрлі дәуірлерде және әртүрлі қоғамдарда әралуан болады. Сонымен бірге, оның кеңістік-уақыттық өзгерістерінің принципі тұрақты болады.
Саяси жүйенің деңгейлері. Қоғамның саяси жүйесі билік пен саяси қатынастардың үш деңғейдегі қосымша жүйелерінен қалыптасады: екі институциялық — жоғары немесе жоғары (үлкен деңгей), орташа немесе аралық (аралық деңгей) және институциялық емес — төменгі, бұқаралық (шағын деңгей) деңгейлерден тұрады.
Үлкен деңгейде (институциялық, жоғары) саяси жүйеге мемлекеттік өкімет билігінің: opталық аппараты жатады. Мұнда үлкен биліктің көлеңкелі, жасырын саяси құрылымдары мен қызметтері орналасқан: оларды (жоғары органдардың (мемлекеттік, пapтиялық органдардың) ресми мекемелердің жасырын іс-қимылдары, құпия құжаттар, бұйрықтар, өкімдер, әртүрлі ресми көшбасшыларының және басқаларының жария емес қызметтері мен елеусіз рөлі.
Орташа құрылым (аралық деңғей) өзінің құрылысы жағынан осыған ұқсас келеді. Оны шеткері аймақтағы басқару аппараты, билігін, сайланбалы және тағайындайтын органдары құрады. Саяси жүйенің аралық деңгейі, мемлекеттік билік пен қоғамның жоғары сатылары арасындағы саяси кеңістікте орналасқан, ол мемлекетпен байланыстырады. Бұдан аймақтық және муниципалдық әкімшілік, ірі кәсіпорындар экономиканың көшбасшылары және басқалары жатады.
Аралық деңгей шешуші рөл атқарады, өйткені саяси жүйе мен қоғамның үлкен құрылымдары арасында байланыстырушы буын қызметін атқарады, олардың қатынастарын ұйымдастырады, биліктің мемлекеттік центінен қоғамға және оның жауап әрекеттеріне серпін береді. Нақ осы деңгейде басқару аппаратының; мейлінше ықпалды терешілдік аппараты мен ең бұқаралық қосарлы (көлеңкелі) құрылымдары қалыптасады. Оры саяси кеңістікте аппараттар мен олардың көшбасшыларының жанжалдары, топ құрушьшық, жершілдік, қандас туысқандық байланыстары, ресми адамдар мен өкімет орындарының құқыққа қарсы белсенділігі мен сыбайлас жемқорлық ерекшекең өріс алған. Осы деңгейде саяси сипаты жоқ заңсыз құрылымдап қосарлы экономика, қара базар, қылмыстық әлемнің ұйымдары, заңды құрылымдармен бірігуге бағыт ұстаған "алуан, түрлі жасырын қауымдар мен жасырын қауым корпорациялары қалыптасады.
Саяси жүйенің шағын деңгейі - бұл қоғамдық топтардың, қоғам таптары мен жіктерінің, азаматтарының саяси өмірге жаппай қатысуы. Бұл деңгейде саяси халықтық қозғалыстар қалыптасады, саяси топтар мен партиялар өмірге келеді, қоғамдық пікір қалыптасады, қоғамның саяси жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамның саяси мәдениеті құрылады.
Бірқатар ғалымдар саяси жүйені қосымша жүйелер жиынтығы: институциялдық, нормативтік-реттеуші коммуникативтік, идеологиялық, саяси-мәдени, саясатқа қатысудың қосымша жүйесі ретінде түсіндіреді. Бұл айқындама жоғарыда келтірілген көзқарасқа қайшы келмейді, керісінше қызметтік көзқарас тұрғысындағы саяси жүйенің құрылымын пайымдайды.
Саяси жүйенің құрылымы.
Саясижүйеніңқұрылымымыналардан:
а) бүкіл саяси жүйенің, билік ету-басқару құрылымдарының материалдық негізін, тірегін құрайтын саяси институттардан;
б) белгілі, бір қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан;
в) саяси жүйенің элементтері арасындағы тік және көлденең байланыстардың негізі болып табылатын саяси қатынастардан;
г) саяси жүйенің басқа бөліктерін құру мен қайта құру процесін жанама түрде жүргізетін саяси сана-сезімнен;
д) жүйені дамытудың бағалы басымдықтары мен оған қойылатын талаптарды анықтап, тарататын саяси мәдениеттен;
е) тиісті ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан;
ж) саяси жүйені немесе оған қарсы тұрған күштерді қолдаудың белгілі бір деңгейін білдіретін саяси қатысудан тұрады.
Саяси нормалардың рөлі. Ресми нормативтік жүйелер қатарында мемлекеттің нормативтік жүйесіне — құқыққа жетекші орын беріледі. Құқық саяси партиялар мен басқа да саяси ұйымдар, кәсіптік одақтар, жастар ұйымдары мен т.т. құратын саяси нормативтік жүйемен бірге қызмет атқарады. Мұнда жетекші партиялардың саяси нормативтік жүйелері ерекше рөл атқарады, өйткені оларды, әдетте, нормативтік кесімдер түріңде қабылданатын мемлекеттік органдардың шешімдері тірек етеді. Саяси нормалар жоғарыда аталған ұйымдардың жарғыларында, олардың бағдарламаларында, мәлімдемелерінде және т.т. тұжырымдалады.
Демократиялық мемлекеттерде саяси нормативтік жүйе конституциялық нормалардың қажетті қосымшасы ретінде болады, өйткені, атап айтқанда, ол заң шығару билігі жоғары органдары депутаттарының мінез-құлқы негізінен орын алған.
Жоғарыда келтірілген саяси жүйенің құрылымдық құрамдастары жөніндегі барлық көзқарастардың негізінде мынадай қорытындыға келеміз: қоғамның саяси жүйесі — бұл "біртұтас, күрделі, ықтимал және ашық жүйе.
Саяси жүйелердің міндеттері және оларды жіктеу
Саяси жүйенің міндеттері:
а) әлеуметтік мүдделерді және билік институттарымен өзара іс-қимылдарды ұштастыру;
б) қоғам мүшелерінің мүдделерін білдіру және ол мүдделерді олардың ортақ мүдделерімен үйлестіру;
в) саяси басшылық;
г) белгілі бір қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында қоғамның саяси күштерін біріктіру;
д) қоғамда қабылданған және басым мұраттарға бағдарланған саяси қатынастарға белсене қатысушьшардың әлеуметтік базасын ұлғайту.
Саяси жүйелердің негізгі міндеттері:
қоғамның мақсаттарын, оны дамыту бағдарламаларын белгілеу;
2) алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыру;
3) ортақ мақсаттар мен құндылықтарды насихаттау көмегімен қоғамның барлық элементтерін ықпалдастыру;
4) жеке-дара адамдарды саяси әлеуметтендіру; қоғамның барлық мүшелерін қатысуға тарту;
5) олардың мүдделерін үйлестіру;
6) нормаларды (заңдарды) жасау; оларды атқару мен сақтауға бақылау жасау.
Саяси жүйелерді топтастыру. Саяси жүйелер әртүрлі негіздер бойынша топтастырылуы мүмкін.
Қоғамның түріне қарай олар дәстүрлі, жаңғыртылған демократия және тоталитарлық жүйелер болып бөлінеді (Р. Арон, У. Ростоу және басқалары).
Ортамен өзара іс-қимылы сипатына қарай — ашық және жабық жүйелер болады.
Саяси мәдениеттері мен оларды билікті ұйымдастыру нысандарында білдіруіне қарай — ағылшын-американдық, құрлықтық-еуропалық, индустриялық дәуірге дейінгі және ішінара-индустриялық, тоталитарлық жүйелер (Г. Алмонд) болып бөлінеді.
Саяси режиміне қарай — тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық (іс жүзінде, бірде-бір режим таза күйінде болмайды, белгілерінің, сипаттамаларының тоғысуы байқалады) жүйелері бөлінеді.
Саяси жүйенің демократиялық түрі:
а) саяси іс-қимылдарға қатысушылардың әлеуметтік базасын ұлғайтумен, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, жоғары тұрмыс деңгейімен, орташа таптың басым рөлімен;
б) саяси бәсекемен, саяси қатысудың жарысқа түсу нысанымен және басшылықтың көппартиялық нысанымен, адамдардың қалың топтарының және билік институттарының билігіп жүзеге асыруға қатысуымен;
в) халықтың еркін парламенттік әдіспен білдіруімен, өкімет билігінің заң шығарушы органдарының төменнен жоғарыға дейін саясаттануы мен есеп беруімен;
г) азшылықтың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу жағдайында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауымен;
д) дамыған азаматтық қоғаммен, бұқаралық қоғамдық бірлестіктерді, одақтарды құрумен;
е) демократиялақ саяси мәдениетімен, пікірлердің, көзқарастардың әралуандығымен, жариялылығымен, ашықтығымен сипатталады.
Саяси жүйенің тоталитарлық (латыннаң "totalis" — "толық, бүкіл, тұтас" деген сөзі) түрі:
а) билікті бір көшбасшысының немесе адамдардың шағын тобының қолдарына мейлінше шоғырландырумен (хунтамен);
б) жеке көшбасшы, қатаң бағыныстағы және тәртіптегі басшылықтың бірпартияиық негізінде билік құрылымдарының тетігімен;
в) барлық саяси институптарды және билік құрылымдарын жетекші партия мен оның көшбасшысына міндетті түрде бағындырумен;
г) бүкіл қоғамдық өмірдің бірыңғай орталығынан жаппай реттеу (экономика, мәдениет, білім, медицина және басқалары), пікір алуандығының, қарсыластардың барлық нысандарын жоюмен, азаматтардың жеке өміріне араласуымен;
д) қоғамға бір ресми идеологияны танумен, басқаша ойлауды тұншықтырумен, жаппай саяси бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарындағы цензурамен;
е) әлеуметтік-саяси даурықпалықпен сипатталады.
Саяси жүйенің авторитарлық түрі:
а) саяси шешімдерді қабылдаудың, бірыңғай орталығында саяси билікті барынша толық шоғырландыру;
б) атқарушы биліктің біліқгілігін барынша ұлғайту;
в) үкіметтік емес партиялар мен қозғалыстардың саяси қатысуын шектеу;
г) билікті бақылаусыз қолдану мен халықтың барлық жіктерінің тәртібін бақылау;
д) номенклатуралық принципті іске асыру, яғни жоғары тұрған өкімет биліктерінің ырқы; бойынша барлық деңгейдегі басшы кадрларды орналастыру мен орындарынаң ауыстыру және олардың "төмендегілерге" есеп бермеуі.
Өзінің жалпы түсінігінде саяси жүйенің авторитарлық түрінің белгілері ретінде билікті орталықтаңдыруы, қарсылас партиялар мен ұйымдардың қызметін шектеуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуі болады.
Сонымен, әралуан түрлердегі саяси жүйелердің қалыптасуы, қызмег атқаруы мен дамуы, бір түрден екінші түрге көшуі, олардың өзін қоршаған ортамен өзара іс-қимылы саяси процесс ретінде көрінеді. Ал бұл процестің ерекшеліктері нақты саяси жүйелердің, саяси режимдердің жай-күйі нақты талдауды қажет етеді.
ҚР саяси жүйесі мен Конституциясы.
Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Рес-публикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республи-касының жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтік мемлекетдеп жария-лады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Республи-када мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына беліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асы-рылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығы-ның, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдде-лерін корғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Ке-ңес республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.
Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқ-талмауға болмайды. Олар қоғамдық емірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз ету үшін қажет. Оған мыналар жатады: легитимдік принципі (яғни, билік заңға, заң шығаруға сүйен-генде ғана өзін сенімді, еркін сезіне алады), қорғау принципі (билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны артты-ра білу керек), ұтымдылық принципі (билік батымды, өтімді, ықпалды, табанды болғаны жөн, онсыз билік билік бола алмайды), сыр бермеу принципі (билік үшін ең қауіпті нәрсе — шын-дықты уақытынан бұрын айтып қою).Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең киыны десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар. Оларға жататындар: іштей еріксіздік (әміршінің өз билігі өзінде бола бермейді), сақтық (саяси іс-әрекетті алдын ала парасатты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс), қызметтестік (биліктің мықтылығы бірлесіп іс басқара білуде), шыдамдылық (әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс), ымыраға келушілік (биліктің қисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондықтан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге, бірлестіктерге, блоктарға енуге негіз болды.
4.Саяси режим ұғымы, типтері
Саяси тәртіп деп саяси билік, қогамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтыгын, азаматтардың қщықтары мен еркіндіктерінің де-мократиялық дәрежесін айтады.
Казіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға карсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топка бөледі.
Демократиялық тәртіпке халықты биліктін қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктін түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азамат-тардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси пар-тиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқын-далады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:
Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе және оны шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адал-дыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кан-дидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады. Егер бір топтар катысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, ондай сайлау жарыс ар-қылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мерзімде өткізілуін айтады.
Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз. Мысалы, Латын Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай әскери төңкеріс жаса-лып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі өкімет басына сайлау аркылы келу керек.
Демократия жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшылықтың кепшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағаңда ғана демократиялы бола алады.
Демократиялык тәртіп президенттік және парламенттік бо-лып екіге бөлінеді. Олар туралы келесі тақырыпта арнайы сөз болады.
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитар-лық болып бөлінеді.
Тоталитарлық (латынныц бүтіндей, түтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қогам, адам өмірінің барлық салалары түта-сымен мемлекеттік бақылауга алынган мемлекеттік-саяси қүры-лымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке емірі және т.б. — бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың консти-туциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптаса-ды. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің ез еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Кесемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.
Ондай қоғамда идеологияның релі үстемдік етеді. Ол бар-лық бұқара ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты ез теориясының "шындығына" сендіруге тырысады. Идеологияны кесем анықтайды. Ол ез әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыс-тырғанда бір нәсіл не ұлттың (немістердің) пешенесіне жазыл-ған артықшылығы, Франконыңхристиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Бас-қаша ойлауға мүмкіндік бермейді.
Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси қүрылысты айтады. Мұнда атқа-рушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлыкпен салыстырған-да авторитарлық тәртіпте бірыңғай идеология, кепшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемле-кет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшы-сының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Морокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және т.б. жатқызуға болады. Мұндай тәртіп, әсіресе, Ла-тын Америкасында жиі кездеседі.
Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демок-ратиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі етеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялықдемократиялықтәртіп АҚШ-тын әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-эко-номикалық, саяси және моральдық-психологиялық қолдауы-ның, сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты. Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бүрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне се-нуге болады. Бірак ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт. Сол елдердің қатарына біздің Қазақстан да қосы-лады. Біз үшін либералдық демократияға өту қосымша қиын-дықтартудырады. Себебі, бізде нарықтық экономика айтарлық-тай қалыптаспаған. Оның үстіне, еліміздің саяси мәдениеті әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі болмақ.
Сайып келгенде, саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Ол орасан зор үйлестіру және жинақтау қызметін атқарады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдарының өміршең, тұрақты дамуы саяси жүйенің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты. Оны толық түсіну үшін саяси жүйенің құрамдас элементтерін, әсіресе мемлекетті оқып білу керек. Оны келесі тақырыпта қараймыз.
Саяси режим — билікті жүзеге асыру әдісі
Осы заманғы саясаттануда "саяси режим" санаты саяси жүйенің тетігін ашуда база болып табылады.
Саяси режим мемлекеттің белгілі бір түрі үшін сипатты саяси қатынастардың жиынтығы, өкімет орындары қолданатын құралдар мен әдістері, мемлекеттік билік пен қоғамның қалыптасқан қатынастары, идеологияның, әлеуметтік және таптық өзара қатынастары үстем нысандары, саяси мәдениеттің жай-күйі ретінде белгіленеді ("Саясаттану" энциклопедиялық сөздігі).
Кейбір зерттеулерді саяси режимді мемлекеттің саяси басқа да құрамдас құрылымдарымен және азаматтық қоғаммен (әлеуметтік жүйелер, топтар, саяси партиялар және т.т.) өзара іс қимылына назар аудармастан, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың сипаттамасы ретінде ғана қолданады.
"Мемлекеттік режим" және "саяси режим" ұғымдарының арақатынасы туралы. "Мемлекеттік режим" және "саяси режим" ұтымдарын олар біртеңдес ұғымдар бола тұрса да, бір мәнді білдірмейді. Оның біріншісі жалпы және тұтастай алғанда, мемлекет билігін жүзеге асырудың әдістерін сипаттайды, екіншісі биліктің сипатын және қоғамның саяси өмірінің жағдайларын ашады.
Саяси режимдерді жіктеу. Өлшемдері — биліктерді заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп бөлу принципі десек, онда биліктерден бөлу режимі және биліктерді бөлу режимі деп ажыратуға болады. Өлшемдері — қоғамдағы армияның мәртебесі мен рөлі десек, онда әңгіме әскери немесе азаматтық режим туралы болады. Өлшемдері — ділі мен әлеуметтік-мәдени кешен — "батыс және шығыс ділі мен әлеуметтік-мәдени кешені. Өлшемдері — мемлекет пен шіркеудің өзара қатынастарының сипаты — теократиялық (клерикалдық) және зайырлы режимдер.
Саяси режимдердің мейлінше кең тараған және жалпы жұрт таныған жіктеуі билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылдары ерекшеліктеріне, мемлекеттік биліктің ықпал ету деңгейіне және әлеуметтік болмыс пен азамттардың жеке өмірінің басқа салаларына енуіне негізделген жіктеу болып табылады. Осы өлшемге сәйкес демократиялық, тоталитарлық және автократиялық режимдер деп бөлінеді.
Режимнің сипаты анықталатын белгілер:
а) халықтың саяси билікті құруға қатысу дәрежесі;
б) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет құқықтарымен арақатынасы;
в) қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес құрылымдардың орны мен рөлі;
г) азаматтар мен лауазымды адамдарға қатысты құқықтық реттеудің сипаты;
д) саяси көшбасшылық сипаты;
е) саяси билікгі жүзеге асыру кезінде белгілі бір әдістердің басымдығы;
ж) қоғамдағы "әлуетті құрылымдардың саяси, зандылық жағдайы мен рөлі;
з) саяси пікір алуандығы мен көппартиялықтың өлшемі.
Демократиялық саяси режим мына принциптерге негізделеді:
а) биліктің көзі ретінде халықтың танылуы;
б) биліктің негізгі органдары, мен лауазымды адамдардың сайланып қойылуы, олардың сайлаушыларға бағынуы;
в) тағайындау арқылы құрылатын мемлекеттік органдардың, сайланбалы органдар алдында бақылауда болуы мен жауапкершілігі;
г) негізгі демократиялық құқықтар мен бостандықтардың жариялануы, барлығының заң алдындағы теңдігі;
д) қоғамдағы пікір алуандығының заңды түрде орын алуы көппартиялық;
е) өкімет билікгерін бөлу және тежемелік әрі тепе-тендік жүйесінің құрылуы;
ж) демократиялық режимнің - орташа таптың әлеуметтік базасын құру.
Тоталитарлық саяси режим кезінде:
а) мемлекеттік билік қатаң түрде бір орталыққа бағынады және іс жүзінде жетекші партияның, билік ұйымының аппаратына немесе хунтаға тән болады;
б) мемлекет басшысы, әдетте, билік басында ғұмыры бойы болады, ол ешкімге де есеп бермейді, оның қолына мемлекеттегі барлық билік шоғырланған;
в) ел халқының негізгі көпшілігі басқаруға қатысудан шеттетіледі егер өкілдік ететін органдары болса, онда олар алдамшы сипатта болады, немесе жалпыға бірдей сайлау құқығы принципі бұзылып құрылады;
г) тоталитарлық режим үшін күш қолдану әдістерін, ашық түрде көрсету сипатты болады, мұның өзі халықты үрейлендіруге жәрдемдеседі және жүргізіліп отырған бағытқа қарсылық көрсету әрекеттерінің жолын кеседі;
д) экономика саласында, әдетте, мемлекет тарапынан монаполиялық үстемдік пен бақылау болады;
е) белгілі бір қоғамның саяси жүйесінде бір партияның шексіз билігіне, қарсыластардың қызметіне кез келген нысанда тыйым салынады;
ж) құқық тұрғысынан адғанда, мұндай тоталитарлық мемлекеттерде конституцияға тыйым салынады немесе олардың күші тоқтатылады, не олар әлемдік жұртшылықтың белгілі бір саяси режимді зәуқайыр сынамауы үшін бүркеніш перде ретінде болады.
Авторитарлықтың сипатты белгілері мыналар болады:
а) мемлекеттің қоғамдық өмірге әсер етуінің шешуші тұтқаларының ғана болуы;
б) орасан зрр жазалау аппаратының болмауы;
в) азаматтарға заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат ету;
г) "демократияның кейбір элементтерінің болуы (сайлау, парламенттік күрес).
Авторитарлық режимдер қоғамдық құрылыстың ауысуы болатын, демократиялық жолмен жеңу мүмкін болмайтын ұзаққа созылатын экономикалық және саяси дағдарыстар байқалатын елдерде пайда болады.
Сөз жоқ, авторитарлық билік қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің және қажет болған жағдайда толғағы жеткен проблемаларды шешуге күш-жігер мен ресурстарды шоғырландырудың жоғары қабілетіне ие болады, алайда осындай жағдайларда азаматтардың өздерінің саналуан мүдделерін саяси тұрғыда білдіру үшін мүмкіндіктерінің болмауы авторитарлық режимнің ең осал жағы болып табылады. Және де, қоғамдық өмірдегі объективті процестер білімнің өсуі, орташа таппен оның саяси белсенділігінің артуы, өскелең ақпараттар тасқыны, дамыған демократиямен байланыстардың күшеюі - дамушы елдерде де демократиялық қайта құруларды көтермелейді.
Осы заманғы әлемнің саяси көрінісі саяси режимдердіңтұрақты дамуын дәлелдейді.
"Демократия" термині көне грек сөзінен шыққан Этимология тұрғысынан "халық билігі", "халықтық өкімет" дегенді білдіреді. Осы орайда демократияның неғұрлым толық анықтамасын, Америка президенті А. Линкольн: "халық сайлаған және халық үшін сайланған халықтың басқаруы" деп берді.
"Демократияның" осы заманғы түсінігінің бірнеше мәні бар:
а) өздерінің мүшелерінің басқаруға көпшілік бойынша шешімдер қабылдауға тең құқықта қатысуына негізделген кез келген ұйым құрылғысының нысаны;
б) адамның бостандығы, тендігі, құқығы, халықтың егемендігі және т.с.с. құндылықтардың артықшылықтарын таңуға негізделген қоғамдық құрылыстың мұраты;
в) халықтық өкімет билігі жолындағы әлеуметтік-саяси қозғалыс, демократиялық мақсаттар мен мұраттарды жүзеге асыру.
Демократия - қоғамды басқарудың, саяси және әлеуметтік ұйым нысандарының бірі, тарихта дамитын және ілгерілейтін саяси режим...
Осы заманғы демократияның сипатты белгілері:
а) халық — билік көзі;
б) мемлекеттік биліктің негізгі органдарын мезгіл-мезгілсайлау;
в) сайлау құқықтарының теңдігі, мемлекетті, басқаруға қатысудың тең құқығы;
г) көпшіліктің шешімі азшылықтың құқығын тектейді;
д) демократия қоғамның үздіксіз әрі жіті бақылауымен өмір сүреді;
е) мемлекет пен қоғам қоғамдық өмірдің барлық деңгейлері мен барлық салаларында жанжалдардың алдын алудың пәрменді тетіктерін жасайды.
Демократияны дамыту мен оның теориясының негізгі кезеңдері
Демократияның көне дәуірлік теориясы. Демократия идеясын б.д.д. Vғасырда Геродот былайша білдірген болатын: бұл -теңдік негізінде құрылған мемлекет (грекше — изономия). Бұл тәріздес саяси құрылыстың негізгі белгілері: жеребеге сәйкес қызметтерді атқару, жоғары мәртебелі лауазымдағылардың өздерінің үкіметтік, атап айтқанда, қаржы қызметі туралы есеп беру міндеті, талқылауды қажет ететін аса маңызды Істерді халық жиналысының қолына шоғырландыру.
Демократияның көне дәуірлік теориясын сол заманның аса ірі филсофтары Аристотель мен Платон тұжырымдаған.
Аристотель демократияны құрылыс деп санаған жөн дегенді айтады, онда еркін туғандар мен құл-құтандар көпшілік болып табылады және жоғарғы билікті өздерінің қолдарында ұстайды. Азаматтар еркін әрі тең болады, олар мемлекеттік Істерді басқаруға қатысады, көпшілік пікірі шешуші маңыз алады.
Аристотельдің көзқарасы бойынша, ең нашар демократия — буржуазиялық, тобыр басқарған демократия. Демократияның мұндай нысаны жағдайында монарх рөлін халық атқарады және рақымсыз жауызға айналады, ал қоғамдық құрылыс қатал билеушіні еске салады. Бұл нұсқасында тобырдың пікіріне өктемдік етуші даукестің жолы болады, заңдар болмаса, мемлекет болмайды. Заңды көпшіліктің шешімдерімен ауыстыруы жүреді, заңды айналып өтетін халық шешім қабылдайды.
Платон да демократияға теріс қарайды, оны демократияның бірден-бір нысаны ретінде охлократия (құл-құтандардың, тобырдың билігі) деп қарайды. Платон үшін демоқратия — бұл құл-құтандардың билігі, ол ешқандай да заңмен санаспайды, кездейсоқ шешімдер қабылдап, кез келген ретте өз бетімен әрекет етеді. Оның демократияға берген анықтамасы мынадай: "Демоқратия — бұл құрылыс, оның ауқымында қалағанынның бәрін жасауыңа болады".
Сонымен, көнедәуір демократиясы мен қоғамдық өмір салты полистік нысаны ауқымында биліктің біртұтас билігі әрекет етеді, ол әртүрлі әлеуметтік топтар кезеңіне қарай шоғырланған. Биліктің бытыраңқы болу идеясы атымен болған емес.
Жаңа заман демократиясының классикалық теориясы. Демократия дегеніміз қоғамдық маңызды шаралар қабылдауға азаматтардың жаппай қатысуы идеясын айтады. Саяси шешімдер қабылдауға жалпыға бірдей теңдік пен жалпыға бірдей қатысуы принципін Ж.Ж. Руссо "Қоғамдық шартында" мейлінше айқын тұжырымдады. Руссоның айтуынша, саяси процеске тартылған дербес ойлауға, пайымды жеке-дара адамдар сапалық жағынанжаңа әлеуметтік құбылыс болып табылады, ол жалпы ерік-жігердің негізінде қалыптасатын ортақ игіліктің қандай да бір идеясын жасауға қабілетті болады.
Демократияның классикалық теориясының авторлары адамның бойындағы ұтымдылық бастауларын асыра бағалады, адамдар кәсіби саясаткерлер тарапынан болатын айлашарғыларға (әсіресе, соңғыларының қолында бұқаралық ақпарат құралдары болса) оңай елітеді және адамдар күнделікті ынта-ықыластарымен тікелей байланысы жоқ процестерге мейлінше селқос қарайды.
Демократияның шумпетерлік теориясы. Авторы — И. Шумпетер "шумпетерлік" деп аталған демократияның "тексеру" теориясының авторы. Демократия еш жағдайда да халықтың басқаруы емес, халық тек белгілі бір аралық институтты сайлайды, ал ол, өз кезегінде, ұлттық атқару органын немесе үкіметті құрады. Бұдан кейін бұқара іс жүзінде саясаттан шеттетіледі. Осыған байланысты, Шумпетер бойынша, демократиялық әдіс институциялық шаралар жүйесі ретінде көрінеді, бұл ретте жеке-дара адамдар халықтың дауысы үшін бәсекелестік күрес нәтижесінде билікке қол жеткізеді.
Демократияның қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар:
а) аса маңызды мемлекеттік лауазымдарға сайлауға болатын мейлінше білікті өкілдер тобының болуы. Англияда Шумпетер үшін бұл ең алдымен ақсүйектер болып табылады;
б) саяси органдар жалпы алғанда халық жақсы түсінергін және осы шешімдер жөнінде өздерінің көзқарасын айта алатын шешімдер қабылдауға тиіс;
в) жауапкершілігін сезіне білетін, шен-шекпен абыройын сақтайтын жақсы ұйымдасқан әрі даярлығы бар төрешілдер керек, өйткені олар кәсіби емес-ынталыларға қарағанда мемлекетті басқару міндеттерін жақсы атқарады;
г) тек саяси теория ғана емес, саяси мәдениеттің элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау қажет.
Демократияның пікір алуандығы теориясы. Бұл теория баршаның саяси процеске тікелей қатысуы идеясынан толық бас тартады. Жеке-дара адам дауыс беруге әншейін қатысады, өкілдік ететін демократия оны тікелей шешімдер қабылдаудан шеттеткен. Азамат саяси процестің ықпалды тұлғасы болудан қалады, саяси-процестің өзі жеке-дара адамдардың өзара іс-қимылы ретінде емес, қайта топтар мен топтық мүдделердің өзара іс-қимыл ішінде түсіндіріледі.
Демократияның бекзаттық теориясы. Демократияның нақ осы "шумпетерлік" теориясы бекзаттық теориясының негізін қалады. Бекзаттар үшін саяси процесс осы әртүрлі мүдделер топтарын күресі ретінде көрініс тапты.
Бекзаттардың әралуан пікірдегілерден негізгі айырмашылығы мынада: соңғылары сайлаушылар бұқарасы тарапынан жасалатын қысымға тиісінше мән бере отырып, оны саяси процестің түбегейлі факторы деп есептейді. Ал бекзаттар болса, бұқараны жалпы есепке алмайды. Осы заманғы батыстың саяси жүйелері бекзаттар — әралуан пікірдегілер жүйелері болып табылады.
Демократияның партиципаторлық теориясы. Бұл теория адам — пайымды тіршілік иесі, ол ізгілік пен зұлымдықтың болатынын, игіліктің не екенін түсінетін тіршілік иесі болатынына көзі әбден жеткен пайым-парасаттылар идеясына негізделген. Осы білімді негізге ала отырып, адам пайымды шешім қабылдауға саналы түрде қабілетті болады. Партиципаторлық теория демократияны жеке адамның қадір-қасиетін құрметтеуді қамтамасыз ететін қоғамдық өмірдің барлық салаларын ұйымдастырудың әмбебап принципі ретінде түсіндіреді. Бұл тұрғысында демократия отбасының, мектептің, университеттің, ұжымның, мемлекеттің және т.б. айрықша белгісі болып табылады.
Демократия және құқық
Демократия туралы ең жалпы түсінікті құқықты тұтастай алғанда бүкіл қоғам мен мемлекет тарапынан демоқратияға берілетін кепілдіктер туралы. Мәселе ретінде үғынуға болады.
Оны дамытудың біршама ұзақ тарихи тәжірибесі демократияның негізгі кепілдіктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1) бұл өзінің игілігі ретінде демократияны қорғайтын қоғамның өзі;
2) бұл қазіргі демократиялық институттар мен тәртіптер;
3) саяси билік, заңдық құралдар, мәдениеттің, ақлихаттың нормалары.
4) оның нақты, егжей-тегжейлі көріністерін немесе олқылықтарын қоғамдық бақылау.
Демократия құқық арқылы түсіндіріледі, мұның өзі олардың жеке өмір сүру мүмкіндігінің жоқ екенін білдіреді. Демократия – құқық белгісі ме немесе құқық демократия белгісі ме?
Демократияны құқықтың белгісі ретінде қарастыра отырып, біз оларды біріктіріп, ортақ негізге салуға, олардың белгісінің өзегін анықтауға тиіспіз. Шығу тегінде құқық басқару нысаны ретінде, қоғамдық өмірді ұйымдастыру принципі ретінде, құқықтарды, бостандықтарды және т.с.с. қамтамасыз ету деңгейі ретінде демократиядан бұрын қалыптасады.
Осыған байланысты, демек, мына пайым дұрысырақ болады: құқық — демократияның белгісі. Демократия қажеттіліктен құқықта, заңда, нормативтік кесімдерде және басқаларында көрінуі тиіс. Демократия болмысы құқықтан көрінеді.
Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостаңдық әкеледі, өділдікті, де-мократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліңнің экономикалық, мәдени, ғылы-ми деңгейіңді салыстырып, байқауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті оміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы-мызды айнада көргендей боламыз дейді. Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жақсы жағын қабылдау, мәдениетін баға-лау жөн және т.б. Десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыс-пен байланысты. Оған дәлел — діні, мәдениеті, бүрынғы жа-зуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, үжымдастық, туы-стық жакын. Азия елдерінде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретінде Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақ-сы жақтарын кабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлту-малығын жоғалтпайды. Үлттың бар күшін Батыстың ең жаңа технологияларын меңгеруге жүмсап, жүмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.
Егер республикамыз еркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады. Мысалы, жергілікті жерде болса жиын-дар, жиналыстар, билік органдарын бақылайтын комис-сиялар және т.т. Ал бізде шешімдер көп жағдайда біржақты жоғарыдан төмен түсірілу, әміршілдікке ұрыну, олар жабық жағдайда кабылдануы басым сияқты. Жалпы, билік басында-ғылардың қызметі халық бақылауынан тыс қалып бара жатқан-дай. Онсыз демократияны орнату қиын.
Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп кал-ған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақ-саттардың бірі болуға тиіс. Олар өз қүқықтарын, бостандықта-рын қорғай білулері керек. Бүл жолда алдымен Конституцияда керсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықта-рының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |