95
3.
Аудио жаз ба дан (07. mp3) «Ғы лы ми-тех ни ка лық ре во лю ция» мә ті -
нін тың дап, терминдері мен ұғымдарын, тілдік ора лым дарын тал-
даң дар.
Мә тіндегі терминдер мен
ұғымдар, тілдік оралымдар
Тү сі ндірме
(комментарий)
Шешендік сөздердің құрылымы
Шешендік сөздің құрылымы бірнеше бө лік тен (кіріспе, негізгі бө
лім және қорытынды) тұрады. Олар бірбірімен өзара сабақта са
бай ла ны сып, біріндегі ойды екіншісі то лық ты рып, те рең детіп, нақты
лай түседі. Кіріспе бөлім қысқа да ықшам бо ла ды. Кіріспеде мәтін де
баяндалатын оқиға туралы бағдар беріледі. Не гіз гі бөлімнің бас ты
мақсаты – белгілі бір ақпаратты хабарлау, өзіндік көз қа рас ты баян дау
және оны дәлелдеу, соған аудиторияны сендіру. Қо ры тынды – негіз гі
бөлімде айтылған ойдан туатын түйінді ой.
Кіріспе, негізгі бөлім және қо ры тын ды бөліктердің орны тұрақты
болады. Мысалға назар аударайық.
Кіріспе
Досай бидің жас кезі екен.
Негізгі бөлім Әкесі баласын сынамақ болып:
– Балам, патша үлкен бе, диқан үлкен бе? – деп сұрапты.
– Әрине, диқан үлкен.
– Қалайша?
Сонда Досай бала:
– Диқан астық бермесе, патша аштан өлмей ме? –
деген екен.
Қорытынды Әкесі баласының тапқырлығына риза болып, содан
былай қарай қасына ертіп жүріп, шешендікке бау
лып ты.
4.
Шешендік сөзді құрылымына қарай талдап, кіріспе, негізгі бөлім,
қорытындысын кестеге бөліп жазыңдар.
Шешендік сөз
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
|