Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет137/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

 Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі
Әдеби тілдің нормасына, тіліміздің грамматикалық нормасына сай
келмейтін, күнделікті өмірде қате қолданылып жүрген кейбір сөз қол­
да ныс тарға тоқталайық:
1. Жасы үлкен адамға қатысты «жасар» деген форма қолданыл май­
ды. Әдетте бұл сөз кішкентай балаларға қатысты айтылады. Мы­
салы: «екі жасар бала», «сегіз жасар бала». Ал жасы үлкен кісілер
тура лы «сексен екі жасқа толған», «жасы сексен екіге келген» деп
айтылады.
2. «Мен бару керекпін», «біз бару керекпіз» деп қолдану дұрыс емес.
«Ме нің баруым керек», «біздің баруымыз керек» деп қолданған жөн.
3. Көшпенді ме, көшпелі ме? «Көшпенді халық», «көшпенді мәдениет»
де ген дұрыс, ал «көшпелі» сөзін «көшпелі вагондар» деген сияқты
қол даныстарға қоюға болады.
4. «Америкалық», «италиялық» деген дұрыс. Ал арасына «н» ды бысы
қосылып кеткен «американдық», «итальяндық» деген қолданыс­
тар – орыс тіліндегі сөзді тура аудару.
5. Көптік мағынадағы сөзбен тіркескен заттық мағынадағы сөзге көптік
жал ғауы жалғанбайды. «Бес­алты оқушы» («бес­алты оқушылар»
емес), «он шақты қой­ешкісі бар» («он шақты қой­ешкілері» емес),
«көп теген ұлт» («көптеген ұлттар» емес), «барлық адам» («барлық
адам дар емес) деп қолданылады.
6. «Саламат» па, «салауат» па? Біз «саламатсыз ба» деп амандаса­
мыз, оның жіңішке формасы «сәлеметсіз бе» нормаға айналды. Біз
«салауатсыз ба» деп амандаспаймыз ғой. Олай болса, «салауатты
өмір салты» – қате қолданыс. «Саламатты өмір салты» болу керек. Ал
«салауат» деген сөз «рақым», «кешірім» деген ұғымға жақын ке леді.
7. «Отбасы» деген сөз орыс тіліндегі «семья» деген сөздің ұғымын
береді. Ал қазіргі кезде жиі қолданылып жүрген «жанұя» сөзі – жа­
сан ды, біздің мәдениетімізге жат сөз. (Анар Фазылжан).


231
6.
10-сыныпта өткен пунктуация ережелерін еске түсіріңдер. Берілген 
мәтіндерден бірнеше мысал алып, тыныс белгілері нің қо йы лу 
се беп терін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет