4
Ал ғы сөз
Қымбаттыоқушылар!
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мақтан ететін
мына мәлімет естеріңде жүрсін: еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ
тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің
ішінде тіл байлығы
мен көркемдігі, оралымдылығы жағынан алдыңғы қатардан орын
алатын тіл. Сондай-ақ ол дүниежүзіндегі ауызша және жазбаша тіл
мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәр те-
беге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Осындай тілдің мұрагері болу,
оның грамматикалық құрылымы мен тіл байлығын игеру үлкен
мәртебе және жауапты іс екенін түсінген боларсыңдар?!
«Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені оқулықтан, электронды
қосымшадан (СД дискі) және Дидактикалық ма териал дардан
тұрады. Қолдарыңдағы оқулық ана тілінің құді ре тін сезіндірумен
бірге, сендердің тұлға ретінде, қоғамның белсенді мү шесі ретінде
қалыптасуларыңа
көмегін тигізеді, мәтіндердегі ақпараттар
сендердің танымдарыңды кеңейтеді. Қазіргі заман оқу шыдан
көп ізденуді, жалықпай үйренуді талап етеді. Сол себепті оқу-
лық та қосымша ізденісті, қазіргі ақпараттық технологияның кең
мүмкіндіктерін пайдалануды,
шығармашылықпен жұмыс жа -
сау ды қажет ететін тапсырмалар да берілді. Ал түсінуге қиындық
ту ды ратын сөздердің мағынасымен оқулық соңындағы глоссарийде
таны сасыңдар. Оқулықтан алған білімдеріңді күнделікті өмірде
қолдана білуге тырысыңдар.
Халқымыздың өмірінде шешендік сөздер ерекше орын алады.
Шешендік сөздің сүйенер дәлелі мықты, эстетикалық қасиеті, тәр-
бие лік мәні басым сөз екенін белгілі ғалым, академик Р.Сыздық
баса айтқан. Оқулықты меңгеру барысында халықтың тіршілігі
мен тұрмысындағы, тарихы мен тағдырындағы түрлі мәселелер
жө нін де ойталқы, ойкөкпар, пікір алмасу, пікірсайыс және әңгіме
ұйым дастыру арқылы сыни пікір айта білуге дағдыланасыңдар.
Ен де ше, еркін ойлап, дербес пікір айту үшін шешендерден үйрене
жүріп,
сөз мәнерлілігін сақтай отырып, үздіксіз сөйлеп жаттығу
ар қы лы шешен бола аласыңдар. Нәтижесінде ойын ауызша және
жаз баша сауатты жеткізе алатын, ой-өрісі дамыған, туындаған
мәсе
ле лерді еркін шеше білетін, шынайы өмірге бейім, жаңашыл
жет кін шек болатындарыңа сенеміз.
Тіл әлеміне қош келдің, саналы ұрпақ!