Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет117/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі
Сыни пікір – көркем шығарма, мақала, ғы лы ми­зерттеу жұмысы,
монография, эссе және т.б. жазылған сыни шолу, сарап та малық пікір.
Сыни пікірдің құрылымы:
1. Еңбектің авторы, тақырыбы, көлемі т.б. туралы мәлімет.
2. Жұмыстың қысқаша мазмұны, өзектілігі.
3. Сыни пікір берушінің жұмысты оқығаннан алған әсері.
4. Сыни талдау, яғни жұмыстың құрылымын, баяндау стилін, дәл ді гін,
автор шебер лі гін т.б. бағалау.
5. Жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.
6. Жұмысты бағалау, ұсыну т.б.
7. Сыни пікір берушінің аты­жөні, лауазымы.


199
5.
Берілген үлгіні негізге алып, жұптарыңның жазған шығар ма-
шы лық жұмысына сыни пікір жазыңдар.
Алматы қаласы №17 мектептің 11­сынып оқушысы Манапова
Жұлдыздың «Асыл тас атауларының танымдық сипаты» мақаласына
СЫНИ ПІКІР
Мақала қазақ тіліндегі айрықша лексикалық топ – асыл тас атау­
ла рының танымдық сипатын ашуға арналған. Мақалада қазақ хал қы­
ның эстетикалық талғамы, дүниетанымы, біз білетін және білмей тін
атаулардың тілдік табиғаты туралы қызық мате риал дар бар.
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кі ріс ­
пе де халқымыздың эстетикалық талғамы ту ра лы жазыл ған шы ғар­
маларға, дереккөздерге шолу жасалады. Не гіз гі бөлімде көпте ген
асыл тас атауларының этимологиясына ба йып ты талдау жасал ған,
оны дә лел дейтін мақал­мәтелдер мен фра зео ло гизм дер сара лан ған.
Қо ры тынды да асыл тас атаулары халқымыз дың та ри хи­ мәдени, эсте­
ти ка лық, өркениеттік құн ды лық тарынан ақпа рат бе ре тін тілдік бірлік
ре тін де анықталды.
Мақа ланың тілі жатық, мәсе ле ні тал дау да автор дың ғылыми­көп­
ші лік стильді орынды қолдан ғаны бай қа ла ды.
Жұмыстың артықшылығы: асыл тас атауларына байланысты ата­
лым дарды, фразеологизмдерді, антропонимдерді жинақтап, топ тас­
тыр ған, өзіндік пайымдаулар жасаған.
Десе де мақалада әшекей бұйым атаулары мен асыл тас атау­
ла ры араласып кеткен. Мысалы: шашбау, түйме, қын т.б. әше кей
бұ йым дарын асыл тас атауларына жатқызуға болмас.
Қорыта айтқанда, 11­сынып оқушысы Манапова Жұлдыздың
«Асыл тас атауларының танымдық сипаты» мақаласы – өзекті мәсе­
ле ні көтерген, оқушының ізденушілік қабілетін танытатын жұмыс.
Жо ға рыда аталған ескертулерді жөндеп, баспаға ұсынуға болады.
Сыни пікір беруші: №85 мектептің педагог­сарапшысы
Н.Дүсіпова




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет