Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева



Pdf көрінісі
бет94/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

155
2.
Мә тін ді оқып, негізгі ойды анық таң дар. Мәтінді өздерің білетін 
мәліметтермен толықтырыңдар.
Түгел сөздің түбі бір...
Майқы би айтыпты дейтін, ел есінде сақталып, мақал, 
на қылға айналып кеткен аталы сөздерден адамгершілік, ар- 
намыс, ел бірлігін сақтау идеясының самалы есіп тұрады. 
Ойлы, сары алтындай салмақты сөздердің өз тұ сын дағы хан-
дар ға, би-бектерге бағыштай айтылғаны аңғарылады. Сондай 
нақылдардың ел аузынан хатқа түскені мыналар:
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
Би екеу болса
Дау төртеу болады.
Дауыл болмай, жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас. 
Естіге айтқан тура сөз
Шыңға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз
Құмға сіңген сумен тең.
Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.
Хан – халықтың қазығы,
Қараша – ханның азығы.
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
(«Қазақтың би-шешендері» жинағынан)


156
3.
Мә тіндегі көтерілген мәселеге байланысты пікірталас өткізіңдер. 
Пікірталастағы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен 
ұғымдарды талдаңдар.
«Шешен болу үшін туа біткен талант керек» деген 
ұғым – бү гінгі таңда ақылға сыйымсыз, таяз ойлаудың айғағы. 
Да рын ды болып тумадым деп өкінудің қажеті жоқ, өз ісінің 
май талман шебері болу – әркімнің қолында, тек жатып ішер 
жал қау лықтан сақтасын. Халық айтады: «Сөйлей-сөй лей 
ше шен боларсың», – деп. Ғұламалар айтады: «Ақын туа қа -
лып та са ды, шешен жүре қалыптасады», – деп. Дегенмен көп 
көр ген нің бәрі – көсем, көп сөйлегеннің бәрі шешен емес ті гі 
де аян. Астарында термен келер тәжірибе жатыр. 
(Абат Қыдыршаев)
Сөзбен қаймықтыру, сөзден жаңылыстыру, жауларын 
сөз тың дарлық жағдайға түсіру – мықты өнер. Ол қару-жа-
рақ тан да күшті. Қарсыласыңды қаһарлы сөзіңмен, тап қыр-
лы ғың мен, шешен ді гің мен иілткенің суырылған қы лышты 
қы на бы на қайта тықтырғанмен бірдей. 
(Мәтжан Тілеужанов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет