Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет3/7
Дата08.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#184340
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Корпоративтік қаржы: оқу-әдістемелік оқулық. – Павлодар : Кереку, 2011. – 80 б.

2 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау : электрондық оқу құралы. – Алматы, Нұр-пресс, 2010. – 250 б.

3 Жобаларды талдау : Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2010. – 80 б.

4 Қаржы менеджмент : оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2009. – 65 б.
Қосымша

Мерзiмдi басылымдар

5 Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

6. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

7. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

8. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.


5 Тақырып. Экономикалық тәуекелді сандық бағалаулардың жүйесі – 3 сағат.

Мазмұны:

1 Тәуекелдерді сандық бағалауна жалпы әдістемелік көзқарас.

2 Тәуекелдерді сандық бағалау және оларды анықтайтын әдістері.

3 Тәуекелдерді бағалау статистикалық әдістері.

4 Тәуекел құнының концепциясы(Value at risk – VAR). Тәуекел құнын (VAR) анықтаудың негізігі параметлері. Тәуекел шкаласы және оларды өлшем сипаттамасы.

5 Тәуекелдерді сандық бағалау үшін пайдаланылатын спецификалық көрсеткіштер. Тәукел аймағы сипаттамасы. Қаржылық есептеме көрсеткіштері негізінде кәсіпорын банкроттығының диагностикасы (тәуекел банкроттылығы).



Тәуекел ықтимал санат, сондықтан анықсыздық үрдісін және тәуекелдің дәрежесін сандық анықтау барсында ықтималдық есептемелерді қолданады. Статистикалық әдіспен есептеудің негізгі құралдарына мыналар тән:

- кездейсоқ көлемді зерттеудің орташа мәні (пайда)

- дисперсия



- орташа квадраттық ауытқу (стандартты)

- вариация коэффициенті



- зерттелетiн кездейсоқ көлемнің ықтималдығын үлестiрiлу

Статистика теориясынан шектелген (n) саны үшiн кездейсоқ көлемнiң мүмкiн мәні орташа мүмкiн екені белгiлi
=
- кездейсоқ көлемнің мәні

- кездейсоқ көлемнің пайда болу ықтималдығы

Орташа көлемкүтілетін нәтиженің жалпы сандық мінезділігін көрсетеді.

Дисперсия коэффициенті


Дисперсия - шын нәтижелердiң орташадан квадрат ауытқуының орташа өлшемдiсi, нәтиженiң өзгергiштiк өлшемнiң көрсетедi:



Дисперсия және орташа квадраттық ауытқулары абсолюттiк ыдырау өлшемдерiмен қызмет етедi және түрлендiргiш белгiсі бар өлшем сондай бiрлiкте өлшенедi. Өзгергiштiктiң өлшемiн талдау үшiн орташа арифметикалыққа орташа квадраттық ауытқудың ауытқуының дәреже көрсететiн вариациялар жиi пайдаланылады:

Вариация коэффициент көмегiмен белгiнiң мүмкiн тербелiс дәрежесiн салыстырады.

Күтілетін нәтиженің құрылуына көптеген кездейсоқтық факторлардың әсер етуіне байланысты, ол кездейсоқ өлшем болып келеді. Кездейсоқтық өлшемнің біріне оның ықтималдығының бөлу заңнамасы жатады. Бөлудің мінезділігі мен түрі зерттелетін көріністің табиғаты мен мәнінен шығатын жалпы шарттарды бейнелейді. Тәжірибе көрсеткендей әлеуметтік-экономикалық көріністерді бөлуді түсіндіру үшін неғұрлым жиірек қалыпты үлестiрiмдi ең жиi пайдаланады.

Қалыпты үлестiрiмнiң заңында былай жазылған: жағдайларды бөлу үшін мәндер, олардың бастапқысы тәуелсіз факторлардың үлкен санына бірлесіп әсер ету нәтижесін ұсынады. Және де факторлардың бiреуі де басымырақ әсер көрсетпейдi. Тәжірибеде қабылданған үлестірімнің негізділігін тексеру үшін үлестірімнің заңнамасы туралы қабылданған дәлелдi қабылдауға немесе бас тартуға рұқсат беретін келісім санатын (империялық және теориялық аралығында) қолданады, ықтималдық теориясына сәйкес кездейсоқ көлем үздiксiз болып көрiнедi және оны үлестiрудiң функциясы мынадай болады:

y = f(x) әр (x) нүктесі үшін үлестiру тығыздығын анықтайды.



Қалыпты үлестiру функциясы графикалық түрде мынадай түрге ие:

y = f(x),



әр (x) нүктесі үшін үлестiру тығыздығын анықтайды.

Қалыпты үлестiру функциясы графикалық түрде мынадай түрге ие.

х

5-сурет   Қалыпты үлестiру функциясы


Қалыпты таралудың дифференциалды функциясы кестесінiң маңызды қасиетi, х осімен және қалыпты исықпен шектелген алаң әрқашан 1-ге тең болады.

Қалыпты таралудың тығыздық функциясын қолдану күтілетін көлемнің болу тазалығын шығаруға мүмкіндік береді.

Кездейсоқтық көлемнiң дәл тигiзуiн бағалау үшiн ықтималдық тығыздығының интегралды функциясын пайдаланады.

Кездейсоқ көлемінің -дан -ға дейін берілген интервалға дәл түсу мүмкіндігі былай анықталады:
Р = (< x < ) = . . .
Жоғарыда баяндалған жағдай бастапқы болып табылады. Ол статистикалық әдiстердi пайдаланумен сандық бағалау үшiн қолданылады.

Күтілетін нәтиженің жетімді ауытқуларын () бере отыра, нәтижесі бар принциптерін анықтайық
х1 = хкүт -

х2 = хкүт +


Жалпы жағдайда күтiлетін мағына болуын болжамдауға керек емес

Егер тең емес болса:









х1 х х2
ықтималдықтың күтілетін нәтижесі сызылған учаскенің көлемін есептеу жолымен алынуы мүмкін, яғни


Р1 = Р () = … қалыптастыру тығыздығы.
Яғни келесі сұрақ пайда болады, хож шектің сыртына шығу мүмкіндігі қандай, бұл ықтималдық сызылмаған учаскеніің көлемін өлшеу жолымен анықталуы мүмкін. Қалыпты үйлестірудің қисығынан Р2 нәтижесінің анықсыздығыныңм деңгейін анықтауға болады
Р2 = 1 – Р1
Әдеттегiдей оң нәтиже жағына оң жақ шегі белгіленбейді. Тәуекелдің көлемін анықтауда мына жағдайлар туралы ғана сөз айтылады ()
Р2 = Р ()

Р1 = Р ()



Тәуекелді сандық бағалау және оны анықтау әдістері. Әрбір қиын көрсеткіште көрсетілгендей бір анықталған көлем көрсеткіші беру көлемі сәйкес келмейді.

() зерттеу үшін ықтималдықтың таралу кестесін құрастырсақ онда беру функциясын орнатуға болады және ысырап немесе ұтыстың қалай болу мүмкіндігінің дәрежесін бағалауға болады.



Зерттелетін көлемнің мүмкіндігі мен беру көлемін теріс жаққа шамалап ұтылыстың ұту ықтималдығына қатынасының тәуекелін анықтауға болады

Р =


тәуекелі азайяды егер оң облыста оқиғалардың пайда болу ықтималдығы бар болса, ол да азаяды егер оң облыста серпу бар, немесе терiс облыста тәуекелдiң жоғарыда айтылған коэффициенті 0 - ден шексiздiкке дейiн мүмкiн өзгерсе және жағдай көрсетiлген коэффициентті қолдану үшiн елеулi кемшiлiктердiң бiрi болып көрiнсе. Кемшiлiктердi жою үшiн шектердi 0 мен 1 аралығындағы мөлшерлеу жүзеге асырылады. Тәуекел коэффициентінің басқа мәнді кемшiлiгі оның көмегiмен жеке факторларды есепке алуға мүмкiн еместігінде тұр. Тәуекелдiң маңызды кемшiлiктерiнiң бiрi, оның анықтамасы үшiн серпудiң функциясын айқын орнату қажет. Түрлi экономикалық көрсеткiштер үшiн мұндай тәуелдiлiктердi анықтау әбден қиын, оларды тек қана компьютерлік бағдарламалар көмегімен iрi жобаларды бағалауда ғана пайдаланады.

Жоғарыда көрсетiлген кемшiлiктер iс жүзiнде шешiлетiн міндеттердің күрделiлігіне және кәсіпкерлік қызметтің ортасына байланысты тәуекелдің әр түрлi критерилері қолданылады, мұның өзінде тәуекелдің сандық бағасы тәуекелдiң қолайлылығының кепiлдемесi дәрежесі ретiнде қарастырылатын шкалалармен толықтырылады.

Мысалы: бағалаудың шкаласына 0,1-ден 0,25-ке дейінгі бiрқалыпты тәуекелді қосуға болады, Тәуекелдердi бағалаудың кең таралған тәсiлдерiнің бiрi қолданылатын мағына болып табылады:
R = Фn * P

Фn – ысырап көлемі



P - тәуекел оқиғасының болу ықтималдығы

Инвестициялық қаржы саласында капиталды салу барысында жоба тәуекелін сандық бағалаудың белгiсі ретiнде келесi көрсеткiштерді пайдалану керек:

- мүмкін нәтиженің орта күтілетін мәні;

- орташа кварталдық ауытқу.

Осыған қосымша түрі өзгертілген тәуекелін пайдалануға болады, ол мүмкін ысыраптың барлық капитал құнына максималды мүмкін қатынасымен есептеледі. Мұндай тәуекелі банкрот болуды анықтайды. Тәуекелді сандық бағалаудың әдістерінен басқа арнайы әдістер бар.

Тәуекелдің шкаласы және олардың бiрiздiлiгінің сипаттамасы. Қазiргi уақытта нақты жағдайда тәуекелдiң деңгейiнің қолайлылығын анықтаудың ғылыми-негіздемелік кепiлдемелері жоқ.

Нақты шешімді қабылдау кезінде іс жүргізу стратегиясын таңдауда кәсіпорын деңгейіне, мүмкін шығындарға байланысты мақсатты белгілі облыстарды тауып бөлу керек.

Басқару шешімін қабылдау үрдісіндегі тәуекелді сандық бағалаудың кемшiлiктерiн әзірлеу тәуекелге баратын кәсіпкер тәртібін мамандандыруға рұқсат беретін тәуекелдің арнайы шкалаларын әзірлеу және пайдалану болып келеді.

Тәуекелді сандық бағалауды көрсеткіштердің көптүрлілігі әсерінен жүзеге асыру тәуекелдің шкалаларының көптүрлілігін және оны қолдану ұсынымдарын тудырады. Авторлардың пайдалануға кеңес бергенінің ең қисындысы тәуекелдiң эмпирикалық шкаласы болып табылады.
1-кесте - Тәуекел деңгейінің эмпирикалық шкаласы


Жағымсыз бiтудi ықтималдық (тәуекелдің көлемі)

Тәуекелдiң бiрiздiлiгiнiң атауы

1 - 0,1

Минималды

0,1 - 0,3

шағын

0,3 - 0,4

орташа

0,4 - 0,6

жоғары

0,6 - 0,8

Максималды

0,8 - 1

сыни


Шкала құрастырушыларының ойынша алғашқы үш деңгейi кәдiмгi шешiм қабылдауға ұсынылатын дұрыс және қалыпты тәуекелiне сәйкес келедi. Деңгейі жоғары шешiм қабылдау шешiм қабылдайтын адамның тәуекелге әуестенулеріне бағынышты болады.

Вариация коэффициентiнің қолайлылығын бағалауда келесi параметрлерге жүгінуге болады. Егер тәуекелдiң ауытқуы 0,1 болса, онда дәреже әлсiз, 0,1-0,2 бiрқалыпты, 0,25 артық жоғары.

Тәуекелдің банкротқа ұшырауын анықтайтын бағалаудың көптеген пікірлері және коэффициеттері бар. Тәуекелдiң бiрiздiлiгi болатын ысырап деңгейлерәіне байланысты келесі аймақтарды бөлу жолымен жүзеге асырылады:

- қолайлы тәуекелдiң аймағы;

- ықтимал тәуекелдiң аймағы;

- сыни тәуекелдiң аймағы;

- апатты тәуекелдiң аймағы.

Көрсетiлген бiрiздiлiктердiң сипаттамасы үшiн:

- қолайлы тәуекелдiң аймағы таза табыстан асып кетпеу жағдайына тән;

- екiншi аймақ үшiн есептелген пайдадан (күтiлген) асып кетпеу;

- бұл аймақ үшін мүмкiн шамасы есептелген пайдадан жоғары бірақ күтілетін табыстың мөлшерінен жоғары емес мүмкін ысырап;

- аймақтың мәнділігі, күтiлетін ысырап күтілетін табыстан жоғары және кәсіпорынның мүмліне тең табысқа жету.

Тәуекел құнының тұжырымдамасы (Value at risk-VAR). Қаржы институттарының негiзгi міндеттерінің бiрi акциялардың, шикiзат тауарларының, айырбастау бағамының, пайыздық ставкаларының және т.б. флуктуациясы салдарынан пайда болған нарықтық тәуекелдердi бағалау болып келеді.

Инвесторлардың нарық тәуекеліне тәуелді өлшемінің оңайлығы портфель капиталы өлшемінің өзгеруі, яғни баға активтерінің қозғалысынан пайда болатын пайда мен шығын болып келеді. Қазіргі кезде нарық тәуекелін анықтаудың неғұрлым көп тараған түрі тәуекел құны (Value - at - Risk, VAR) болып табылады. VAR тәуекелдi әр түрлi портфельдер бойымен (мысалы, акция және облигация портфелі арқылы) және әр түрлi қаржы құралдары бойымен (мысалы, форворд, опциондар) салыстыруды жүзеге асыратын тәуекелдің сомалық өлшемі.

Тәуекел құнының көрсеткiші 1980 жылдың соңында әзірленген және бiрден қаржылық нарықтың ең iрi қатысушыларының арасында мойындаушылық алған. Соңынан тәуеекл құнының көрсеткіші (VAR) компанияның ішінде қолданылатын, сонымен қатар инвесторлар мен реттеуші органдар үшін есептемеде көрсетілетін фирманың тәуекелі туралы ақпарыттың толық стандарты болды.

Соңғы бiрнеше жылда VAR түрлі компаниялардағы тәуекелді бақылаудың және басқарудың ең әйгiлi құралына айналды. Бұл бiрнеше себептер әсерінен болған.

Бірінші себеп, 1994 жылғы АҚШ ірі инвестициялық компаниясының Дж. П. Морганның RiskmetricsTM тәуекелді бағалау жүйесін ашу және нарықтың барлық қатысушылары үшін осы жүйеге деректер қорын еркін қолдануды ұсыну. VAR мағынасы RiskmetricsTM жүйесін қолданумен алынған және осы күнге дейін VAR бағалары үшiн әлдебiр эталон болып келеді.

Екiншi себеп, 1990 жылдарының соңында иелік еткен және бағалы қағаздар нарығындағы (активтер негізінде қызмет ететін қаржылық нарықтың құралдары (акциялар, облигация және тағы басқалар)) қаржылық институттарымен жасалған шығындармен байланысты болған инвестициялық «ауа райына» тұжырымдалады. 1-кестеде солтүстік компанияларымен жасалған шығындар, жарияланған iс күнi көрсетілген.

Үшінші себеп, капитал резервтерiн анықтау үшiн VAR шамасын пайдаланып банктерге қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың шешiмдері болып табылады.

Тәуекел құн оның пайда болу уақыты кезеңінде болатын компанияның, портфельдік активтердің, қаржылық құралдардың құнының өзгеруінен болатын максималды шығындарды бейнелейді.

Мысалы, сенімді интервалы 95%-мен (немесе ысырап ықтималдығы 5 %) бір күндегі тәуекелдің құны 100 мың АҚШ долларын құрайды, бұл күн ішінде 100 мың доллардан асатын ысырап 5% жағдайларда болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Басқаша айтқанда, VAR шамасын есептеу осыған ұқсасты бекiту мақсатымен жасалады: «Бiз ысыраптың келесi N күндері Y долларлардан жоғары болмайтынына X% (X% ықтималдығымен) сенімдіміз. Осы ұсыныстағы белгісіз Y нағыз VAR болып келеді. Ол екі функцияның параметрлерi болып келеді: N-уақытша көкжиек және X - сенiм интервал (деңгей). Мысалы, АҚШ-тағы бағалы қағаздар және биржаларына комиссиямен берілетін биржадан тыс өндірістік құралдарының операциялары бойынша брокерлікдиллерлік есептеме үшін стандарт ретінде N 2 аптаға және X = 99% тең. Банк капиталын бағалау үшін The Bank of International Settlements X = 99% және N 10 күнге тең деп орнатты. Дж.П.Морган компаниясы өзінің күндiзгi VAR мәндерін 95 % сенiмдi деңгейінде жариялайды.

Тәуекел құнының шамасын анықтау үшiн пайда және шығындар өлшемдерiнiң арасындағы және олардың пайда болу мөлшерінің ықтималдығын білу керек, яғни алынған уақыт интервалы ішінде пайда мен шығын ықпалдығын бөлу.

Тәуекел құнын анықтау барысындағы маңызды параметрлер - сенiм аралық және уақытша көкжиек болып келеді. Ысырап нарықтағы ауытқулардың әсерінен болғандықтан, портфельді басқарушының мағынасы бойынша сенімді интервал нарықтың «қалыпты» ауытқуларын олардың пайда болу тазалығындағы бағалық шашырымдарынан бөледі. Әдетте ысыраптардың ықтималдығы 1 %, 2,5 немесе 5 % деңгейінде орнатылады (тиiсінше сенiм аралығы 99 %, 97,5 және 95 % құрайды), дегенмен тәуекел-менеджер компания ұсталатын капиталды басқару стратегиясына сәйкес басқа мәнді алуы мүмкін.

Субъективті бағалаудан басқа сенімді интервал объективті әдіспен де орнатылуы мүмкін. Ол үшiн пайда және шығындарды имүмкін бөлудің қалыпты үлестiрiмнiң (эмпирикалық) графигін жасайды және оны қалыпты бөлу тығыздық графигімен қосады. Эмипирикалық және қалыпты бөлудің «құйрықтары» сенімді интервал болады.

Сенімді интервалының жоғарылануымен тәуекел құнының көрсеткіші де жоғарылайтынын ескерген жөн.

6-сурет   Тәуекелділік құны VaR анықтаудың негізгі параметрлері
Уақытша көкжиектi таңдау осы активтермен қаншалықты жиi мәмлелер жүретінімен және оның өтімділігіне бағынышты болады. Капитал нарығындағы активті операцияларды жүргізетін қаржы институттары үшін күн типтік есептеу кезеңі болып келеді, ол кезде стратегиялық инвесторлар және қаржылық емес компаниялар уақыттың үлкен кезеңін пайдалануы мүмкін. Одан басқа, уақытша көкжиекті орнатуда керекті уақыт интервалы үшін пайда мен шығынды бөлу статистикасының барын ескеру керек. Уақыт көкжиегін ұзартумен тәуекел құнының көрсетшкіші де өзгереді.

Тәуекел құнының мәні қалыпты бөлудің негізінде анықталады. Егер, сенімді интервал 95 % деңгейінде берiлген болса, онда тәуекел құнының шамасы портфельдің қалыпты ауытқуының 1,65-не тең. Қорыта келгенде, тәуекел құнының шамасы келесi формула арқылы есептеледi



мұндағы Z - тиiстi берiлген сенiмді интервалға сәйкес келетін орташа квадраттық ауытқудың саны;

t - уақытша көкжиек; 

p - позициялар өлшемінiң векторы;

Q - позиция құны өзгерiсінің ковариациялық матрицасы.

Тәуекел құнының тұжырымдамасы бағаланатын активтер портфелінің құрылымы мен құрамы барлық уақыт көкжиегінде өзгермейтінін байқау керек.

Мұндай жорамал салыстырмалы үлкен уақыт интервалдары үшiн болар ма екен, сондықтан портфельдiң әр жаңартуында тәуекел құнының шамасы түзету керек. VAR негiзделген тәуекелдердi бағалаудың тарихи тәсiлi 1993 жылы «Derivatives: Practices and Principles» зерттелімінде (The Global Derivatives Study Group, G30) отыз тобымен алғаш рет берілген.

Сол жылы Еуропалық кеңес «EEC 6-93» нұсқауда VAR моделін қолданумен нарық тәуекелін өтеу үшін капитал резервін орнатқан. 1994 жылы The Bank of International Settlements компаниясы банктерге өзінің VAR мәнін ашуға кеңес берген. 1995 жылы банктерді қадағалау бойынша базель комитеті банктерге капитал резервін есептеу үшін негіз ретінде VAR бағалаудың өз моделін қолдануға банктерге ұсыныс берген.

Резервтiк капиталдың өлшемiне талаптары V минимум екі өлшеммен есептелген: орта VAR (VARt) ағымдағы мәні және3 пен 4 аралығындағы коэффициентке алдыңғы 60 күндерге көбейтіндісімен:



7-сурет – Сенімділік интервалы және уақыт көкжиегін құруының объективті әдісі



Резервтiк капиталдың өлшемiне талаптары V минимум екі өлшеммен есептелген: орта VAR (VARt) ағымдағы мәні және3 пен 4 аралығындағы коэффициентке алдыңғы 60 күндерге көбейтіндісімен:



λ фактордың мәні алдыңғы уақыт кезеңдерiнде моделдің бiркүндiк болжауына қатысты. Егер K – біркүндік ысырап соңғы жылға (немесе соңғы 250 сауда кні) VAR болжалды мәнінен асып түскенде бір сан деп белгiлесе, онда келесi 3 аймақты белгілейді: «жасыл» аймақ (K аз немесе 4-ке тең), «сары» аймақ (K 5 пен 9 аралығында), «қызыл» аймақ (K артық немесе 10-ға тең). Егер K «жасыл» аймақта жатса, λ= 3, егер «сары» аймақта, онда 3< λ< 4, егер «қызыл» аймақта, онда λ =4.

VAR моделін әзiрлеу және енгiзу шапшаң бейнеде жүреді. Инвестициялық компанияларда және банктерде VAR әдiстемесі қалай дегенмен, қызметтің төрт бағытында қолданылуы мүмкiн:

- нарық тәуекелінің iшкi мониторингісі. Институционалдық инвесторлар VAR мәнін бірнеше деңгей бойынша есептей алады: активтiң тобы бойынша, эмитент бойынша, котрагент бойынша, трейдер бойынша/портфельді менеджер және т. б. арқылы агрегирленген портфель.Мониторинг жағынан, VAR шаманың бағалауын дәл анықтау екінші ретке кетеді, өйткені осы жағдайда VAR-дың абсолютті мәнінен қарағанда салыстырмалы шама маңызды, яғни VAR басқарушысы немесе өткен уақыт мезетіндегі менеджердің немесе басқа менеджердің эталон портфелімен, индексімен салыстырғандағы VAR портфелі;

- сыртқы мониторинг. VAR қолайлы шетегі басқару менеджерлерінің өздері туралы ұсынысты құруға көмектеседі;

- хедж тиiмдiлiгiнің мониторингісі. VAR мәні хеджерлік стратегия қаншалықты мақсаттарды орындау дәрежесін анықтау үшін қолданылады. Менеджер хедж тиімділігін VAR портфелінің өлшемін хеджбен немесе хеджсіз салыстыру жолымен бағалау мүмкін. Егер, мысалы, осы екі өлшем арасындағы айырмашылық үлкен болмаса, онда хедждің мақсаттылығы немесе хеджді дұрыс пайдалану туралы мәселе туады.

- мүмкін трейдты «Егер-не» талдау. VAR методологиясы басқарушы персоналға неғұрлым еркіндікті және автономияны беруге рұқсат береді, өйткені қандай да бір мәмлені (айрықша туындату құралдарымен) бекітумен байланысты барлық мүмкін бюракратиялық рәсімдерді қысқартуға мүмкін болады. Бұл игерушілік VAR арқылы транзакцияның (мәміле) мониторингісі арқылы жүреді. Мысалы, жоғары басқарушы өзінің брокерлері – диллерлері үшін осындай ережені тағайындай алады: «ешқандай операция X % бастапқы капиталына дейін VAR мәнінің ұлғаюына әкелмеу керек! және осыдан кейін әрбір нақты трейдтің түбегеліне бармауы тиіс.

Осылайша, компаниялар менеджерлер, акционерлер және сыртқы инвесторлар үшiн есептердi жасау үшiн VAR мәнін пайдалана алады, өйткенi VAR ақшалай мәні бар барлық мүмкін нарық тәуекелін бiр санға агрегаттауға рұқсат бередi. VAR әдiстемелiгінің көмегiмен әр түрлi нарық бөлшектерiнің тәуекел бағасын және неғұрлым тәуекел позицияларын анықтауға мүмкіндік туады. VAR бағасы капиталды әртараптандыруға, шектеулердi орнатуға, сонымен қатар компанияның қызметін бағалауға қолданыла алады. Кейбір банктерде трейд операциясын бағалау, сонымен қатар оған сыйақы беру VAR бірлігіне пайданы есептеуден есептелінеді.

Қаржылық емес корпорациялар VAR техникасын ақшалай ағындардың тәуекелін бағалау және хеджирлеу туралы шешiм қабылдау үшiн (қолайсыз қозғалыс цен капиталдың қорғанысына) пайдаланылады. Осылай, VAR түсiндiрулердiң бiрлерi корпорация өзiне қабылдайтын қауiпсiздендiрмелген тәуекелдiң санын болып келеді. Қаржылық емес компаниялардың арасында, нарықт тәуекелін бағалау үшiн VAR қолданатынға Mobil Oil американдық компаниясын, Veba және Siemens неміс компанисын, Statoil норвегия компаниясын белгiлеуге болады.

Математикалық тілмен айтатын болсақ, VAR = VARt,T біржақты сенімді интервалдың жоғары шегі сияқты анықталады:


мұнда α сенімді деңгей, Rt(T) «пайыздың үздіксіз есептелген әдісінде» [t,T] интервалындағы капитал портфелінің өсім ставкасы:




мұнда V(t+T) және V(t) капитал портфелінің t+T және t уақытындағы мәні. Басқа сөзбен айтқанда, V(t+T) = V(t) * exp(Rt(T)).

Белгілейік, Rt(T) кездейсоқ өлшем болып келеді, және кейбір мүмкіндікті бөлумен мінезделеді. VAR мәні келесідей анықталады:


мұнда FR(x) = Probability (R ≤ x) портфель өсімі ставкасын бөлу функциясы, Rt(T)-ң fR(x) бөлу тығыздығы.

Rt(T) қалыптастырудың аппроксимациялы дәстүрлі техникалық әдісі болып табылады:

• параметрлік әдіс;

• тарихи деректер бойынша модельдеу;

• Монте-Карло әдісі;

• сценарилерді талдау.

Егер портфель капиталының өзгерістері параметрлік қалыптастырумен мінезделсе, онда VAR осы параметрлер арқылы есептелінуі мүмкін.



8-суретте қалыпты қалыптастыру тығыздығы ұсынылған және квантиль Z1 – α көрсетілген. Функцияның сол жақтағы тығыздығы Z1 – α («сол құйрық» алаңы) 1 – α теңестіріледі.


8-сурет – Бір қалыпты таратудың тығыздылық функциясы
Актив өсімінің ставкасы μ= 0. Онда VAR= – Vt z1 – α σ, мұнда Vt ағымдағы уақыт t мезетіндегі капитал портфелінің мәні.

Монте-карло әдiсі портфель активтерi үшiн статистикалық моделін анықтауда қосылады және кездейсоқ траекториялардың генерациясы арқылы оларды моделдеуде тұжырымдалады.

VAR мәні гистограммада FTSE-100 индексі үшiн, барақ та жасанды модельдеу нәтижесінде алынып бейнеленген капитал портфелінің өсіміставкасын қалыптастырудан есептеледі.

Сценарилерді талдау әдiсi тәуекел факторлардың көлемінің өзгерісіне қатысты капитал портфелінің өзгеру тиімділігін немесе модельдің параметрлерін зерттейді. Моделдеу арнай «сценарилерге» сәйкес жүргізіледі. Осылайша көптеген банктер қисық пайданың 100 базистік пунктке параллельді өзгеруінде капитал портфелінің өзгеруі сияқты есептелетін «белгiленген пайдалылықпен» (fixed income portfolios, яғни «пайыздық ставкаға»: облигация, пайыздық ставкаға форворд және т.б. құралдарынан тұратын портфельдер) өзінің портфелінің «PV01» өлшемін бағалайды.

Қандай да бір әдісті пайдалану деректор қорының сапасына, әдісті іске асыру оңайлығына, тез әсер ететін компьютерлердің бар болуына, алынған нәтижелердің сенімділігіне және т.б. негізделу керек.

VAR әдiстемесі қаржы ысыраптарын ескертудiң әмбебап тәсiлiн болып табылмайды. Ол тек компанияға, олар ұшыраған тәуекелдері ойлаған немес немесе оны қабылдай ала ма дегенді білуге көмектеседі. VAR тәуекелді талдаудың басқа әдістеріне мысалы, Shortfall - at – Risk (SAR, шығынның орташа шамасы) қосымша қолданылу керек.

Әдеттегiдей, тәуекел құнын есептеу бiрнеше мүмкiн сценарилерді толық талдаумен, ықтималдықтардың эмпирикалық қалыптасуын моделдеумен және негізгі параметрлердің өзгерісіне портфелдің орнықтылығын тестілеумен бiрге жүредi.

Тәуекел құнының өлшемі нарықтық тәуекелді жалпы бағалау сияқты ең алдымен компанияның жоғары басшысымен жедел шешімдерді қабылдау үшін керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет