Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет2/4
Дата15.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#138209
1   2   3   4

Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар "Экономика" изд-сы,2008ж-295б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.
Қосымша

7. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрндық құрал. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

8. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

Мерзiмдi басылымдар

10Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

11. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

12. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

13. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.



3 Тақырып Валюта түсінігі, валюта түрлері. Валюта курсы. Валюталық паритет-4 сағат


Критерий

Валюталардың түрлері

валюта статусымен

үлттық шетел халықаралық аймақтық

қолдану тәртібімен

еркін айырбасталатын жартылай айырбасталатын айырбасталмайтын

валюталық операциялардың түрлерімен

келісім бағасының валютасы төлем валютасы несие валютасы вексель валютасы

басқа валюталардың бағамына қатынасы бойынша

күшті әлсіз



Мазмұны

  1. Валюта түсінігі

  2. Валюта түрлері

  3. Валюта курсы

  4. Валюталық паритет.

Валюта - заңды төлем қаражаттары ретiнде мемлекеттер қабылдаған әртүрлi ақша бiрлiктерi немесе құнның банкнот және теңге, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған (айналымнан алынған немесе алынып жатқан, бiрақ айналымдағы ақша белгiлерiне айырбастауға жататындарын қоса алғанда) түрiндегi ресми стандарттары, сондай-ақ есепшоттардағы, оның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттар. Валюта - бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі екі түрі бар:

- халықаралық сауда валютасы ;

- халықаралық резервтік валюта .

Халықаралық сауда валютасы - халықаралық сауда операциялардың

бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол өзі сату - сатып алу объектісі бола алады.

Халықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне

қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.Сонымен қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.Біз оны 1- кестеден көре аламыз.

Кесте 1— валютаның жіктелуі

Негізгілеріне назар аударсақ. Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің заңымен тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.

Шетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады

Осыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік валюта дегеніміз бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда операциялар мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға сақталатын шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы , жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .

Сонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:

1 Еркін - айырбасталатын валюта - елдердің әлемде өз валютасының айналысына шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы

2 Жартылай айырбасталатын валюта - елдердің белгілі бір шеңбер ауқымында халықаралық операциялар

З Айырбасталмайтын - бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.

Халықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылқтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің формасы жаңаға ауысуы тиіс. 19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта жүйесі эволюцияның үш сатысынан өткен.

Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар "Экономика" изд-сы,2008ж-295б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.
Қосымша

7. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрндық құрал. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

8. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

Мерзiмдi басылымдар

10Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

11. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

12. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

13. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.



4 Тақырып Валюталық реттеу. Халықаралық валюта қатынастарына ҚР қатысуы -4 сағат

Мазмұны

  1. Валюталық реттеу

  2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері

Валюталық реттеу

Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.



Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері

Валюталық, реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.



Валюталық реттеудің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;

  • Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;

  • Валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

“Валюталық реттеу туралы” заңына сүйене отырып, ҚР Ұлттық Банкі 1994 ж. 24 қарашада республикада валюталық операциялар өткізудің ережелерін бекітті. Осы құжаттың қағидаларына сәйкес уәкілетті банктер мен айырбас пункттерін айналып өтіп, шет ел валютасын сату және сатып алу жөнінде жасалған мәмілелердің кез келгені заңсыз болып саналады. Валюталық операциялар жасау үшін заңи және жеке тұлғалар уәкілетті банктердің біріне валюталық есепшотын ашуға тиіс.

Валюталық реттеу жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:

- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есеп айырысулар үшiн белгiленген тәртiптi қолдау;

- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы үшiн нарықтық айырбас құнын әзiрлеп, енгiзу;

- ағындағы валюта операциялары бойынша айырбастылықты енгiзу

және сыртқы төлемдер мен түсiмдер жасаудың тиiстi тәртiбiн

қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттiк өкiмет органдарының валюталық реттеу саласындағы өкiлеттiктерi

1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi өз құзыреттерi шегiнде валюталық реттеу саласында осы Заң ережелерiне қайшы келмейтiн қалыпты құжаттар қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық реттеу функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының валюталық реттеу органдары болып табылады.

Қазақстан Республикасында шетелдiк валютамен жасалатын операциялар

1. Резиденттер арасындағы барлық шарттасулар мен операциялар Валюта операциялары туралы ережелерде көзделгеннен басқа жағдайларға тек Қазақстан Республикасының валютасымен жасалып, жүзеге асырылуы тиiс.

2. Резиденттер арасындағы есеп айырысулар Қазақстан Республикасының валютасымен шектеусiз жүзеге асырылады.

3. Резиденттер шетелдiк валютаны Қазақстан Республикасының iшкi рыногында Ұлттық банк белгiлеген тәртiп пен мақсатта сатып алуға құқылы.

4. Қазақстан Республикасында шетелдiк валютаны сатып алу мен сату Ұлттық банк белгiлеген тәртiпте уәкiлеттi банкiлер мен айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiледi.

Шетелдiк валютаны уәкiлеттi банкiлер мен айырбастау пункттерiн айналып өтiп сатып алу мен сатуға жол берiлмейдi.

5. Қазақстан Республикасы аумағында резиденттер мен резидент еместер арасындағы есеп айырысу операциялары тараптардың келiсiмiмен кез келген валютада Валюта операциялары туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Резиденттер мен резидент еместерден банкiлердегi есепшоттары

1. Резиденттердiң уәкiлеттi банкiлерде Ұлттық банк белгiлеген тәртiппен шетелдiк валютадағы есепшоттары болуы мүмкiн. Егер осы заңды ұйым алған ұлттық банкiнiң рұқсатында өзгеше көзделмеген болса, резиденттер алатын шетелдiк валюта олардың уәкiлеттi банкiлердегi есепшоттарына мiндеттi түрде есепке алуға жатады.

2. Ұлттық банкiнiң рұқсаты болған жағдайда шетелдiк банкiлерде резиденттердiң шетелдiк валютадағы есепшоттары болуы мүмкiн.

3. Резидент еместердiң уәкiлеттi банктерде ұлттық банк белгiлеген тәртiппен шетелдiк валютадағы және Қазақстан Республикасы валютасындағы есепшоттары болуы мүмкiн.

Валюталық қазыналардың шекара арқылы қозғалысы

1. Резиденттер немесе резидент еместер валюталық қазыналарды әкелудi шектеусiз жүзеге асырады.

2. Әкелiнетiн валюта, осы құндылықтардың Ұлттық банк белгiлейтiн ең аз мөлшерiнен артқан жағдайда, кеденде декларациялауға жатады. <*>

3. Резиденттер шетелдiк валютаны Ұлттық банк белгiлеген ережелерге сәйкес әкете алады.

4. Резидент еместердiң валютаны әкетуi әкелген кезде жасалған мәлiмдеуге сәйкес жүргiзiледi. Әкелген кездегi мәлiмдеуде көрсетiлген сомадан асып кеткен жағдайда тарап әкетiлiп бара жатқан соманың заңдылығын растап уәкiлеттi банкi берген құжатты көрсетуi тиiс.

5. Ұлттық валюта түрiндегi бағалы қағаздарды әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. <*>

6. Ұлттық және шетелдiк валюта түрiндегi валюталардан немесе бағалы қағаздардан басқа валюталық құндылықтарды әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.

Жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнде алдын ала тiркеу талап етiлетiн операциялар

Ұлттық банкiде алдын ала тiркеу мына операцияларды жүргiзген кезде талап етiледi:

- капиталдың қозғалысымен байланысты, Қазақстан Республикасының валютасын, шет ел валютасын, шет ел валютасы түрiндегi бағалы қағаздарды, шет ел валютасы түрiндегi төлем құжаттарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар.Шет ел инвестицияларымен байланысты операциялар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қабылдайтын жеке қалыпты құжатпен реттеледi. <*>

- шет елде резиденттердiң шетелдiк валютамен несиелер және кредиттер беруi мен алуы.



Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар "Экономика" изд-сы,2008ж-295б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.
Қосымша

7. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрндық құрал. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

8. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

Мерзiмдi басылымдар

10Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

11. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

12. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

13. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.



5 Тақырып Нарық валютасы -3 сағат

Мазмуны

  1. Валюта нарығынын тусiнiг

  2. Валюталық нарықтың қатысушылары

Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюталық нарықтың қатысушылары[өңдеу]

Валюталық нарықтың негiзгi қатысушыларымен болып табылады:



  • Орталық банк

  • Сауда банктері

  • Фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын

  • Халықаралық инвестициялық серiктестiктер, зейнетақы және қорлар, сақтандыру компаниясының хеджевыесi.

  • Валюталық биржалар

  • Валюталық делдалдар

  • Жеке тұлғалар

Валюта нарығы, Валюта рыногі — 1) сұраным мен ұсыным негізінде қалыптасқан валюта курсына сай валюталарды сатып алу-сату шоғырланған ресми орталық; 2) шет ел валюталарын және шет ел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу-сату жөніндегі тұрақты экон. және ұйымдық қатынастар жүйесі. Бұған еуродепозиттер нарығы, еурокредиттер нарығы, еурооблигациялар нарығы енеді. Биржалық валюта нарығы, биржадан тыс (банкаралық) валюта нарығы түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюта нарығы АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурда орналасқан. Валюта нарығына операциялардың екі түрі: “спот” (валютаны тез жеткізу), “форвард” (келісілген курс бойынша уағдалы уақыттан бір ай және одан көп уақыт кейін жеткізу) қолданылады. Валюта нарығы экономиканы мемл. реттеуге бағытталған валюта саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар "Экономика" изд-сы,2008ж-295б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.
Қосымша

7. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрндық құрал. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

8. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

Мерзiмдi басылымдар

10Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

11. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

12. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

13. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.


6 Тақырып Халықаралық есептер -4сағат

Мазмұны

  1. Әлемдік нарықтағы факторинг тусiнiгi

  2. Факторингтің жұмыс істеу механизмін сипаттамасы .

Әлемдік нарықтағы факторинг. Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5- 2,5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2 %-дай жоғары болып келеді.

Қазіргі күні отандық кәсіпорындарға қаржылық қызмет көрсету нарығында көңіл аударарлық жаңа тиімді қаржы құралы факторинг кеңінен таралуда. Факторинг өзінің кәсіпорынның қызметін дамытатын құрал ретінде танылып, қазір Қазақстанда да көптеген екінші деңгейдегі банктер онымен жұмыс жасап, факторингтік қызмет көрсетуде, сонымен бірге олармен бірқатарда фактор-компаниялар да пайда бола бастады.

Факторингтік операцияларды қолданудың нәтижесінде кәспорындар өз қызметін үздіксіз жүргізе алады, яғни ол мынаны білдіреді: көптеген кәсіпорындар өз қызметінің барысында кейде қаражат тапшылығына кезігеді, әрине айналымда қаржы жетіспеушілігі, тұтынушылардың өз қарыздарын дер кезінде өтемеуі деген сияқты мәмелелер болады. Бұл мәмелелерді шешу үшін кәсіпорын банктік несиеден бұрын осы факторингті қолданғаны өте тиімді. Факторингтің қай жағынан тиімді екенін түсінуіміз үшін алдымен оңай пайда болуы мен дамуына, жұмыс істеу механизміне сипаттама берейік.

Алғашқыда факторинг 16-17 ғ.ғ, пайда болған, оны саудагерлер өз тәжірибесіне алғаш енгізілген. Соңына қарай онымен сауда банктері айналыса бастаған. Басында олар тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге, сатуға ықпал жасап отырған, содан соң олар тауарды өндіруші кәсіпорындардың жіберген тауарлары үшін ақшасын төлеп, тауарлы несие беруге көшкен, әрі қарай кейбір сауда делдалдары өз саудасын тастап, өз клиенттерімен қаржылық қарым-қатынасқа көшкен, яғни тауарды өндірушілерден шот-фактураларды сатып алып, ондағы қарыздық міндеттемені талап ету құқығына ие болды. Міне осылай факторингтік компаниялар пайда болған. Бірақ алғашында оларды тек қана банктік несиені алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданған. Ал қазіргі банктік қызметтің деңгейінің жоғары дамуы, сонымен қатар арнайы мамандандырылған несие мекемелерінің пайда болуы клиенттерге жоғары деңгейдегі, жан-жақты қаржылық қызмет көрсетуді дамытып отыр.



Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар "Экономика" изд-сы,2008ж-295б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.
Қосымша

7. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрндық құрал. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

8. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

Мерзiмдi басылымдар

10Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

11. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

12. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

13. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.



7 Тақырып Халықаралық несие: негізгі формалар және мәні -4 сағат

Мазмұны

  1. Халыкаралық несие: түсiнiгi

  2. Халықаралық тәжірибедегі несие түрлері және негізгі формалары

Халыкаралық несие - несие капиталының халықаралық экономикалық қатынастар аясында қозғалуы нысаны, мемлекеттер, халықаралық банкілер, қаржы ұйымдары, жеке банкілер мен фирмалар, басқа да заңды және жеке тұлғалар халықаралық ынтымақтастық барысында мерзімділік, қайтарылым және пайыз төлеу шартымен беретін несие. Несие санаты түрлерінің бірі болып таілатын Халыкаралық несие нарықтың басқа да экономикалық санаттарымен (пайда, баға, ақша, валюта, валюталық бағам, төлем теңгерімі) He экономикалық заңдарымен байланысқан. Халыкаралық несие көздері кәсіпорындардың уақытша бос ақшалай капиталы, мемлекеттің және жеке сектордың ақшалай қорланымы, сондай-ақ банкілер бірқатар елдерден тартатын капиталдар.

Халықаралық тәжірибедегі несие түрлері және негізгі формалары. Фирма несиесі. Ашық шот бойынша несие. Факторинг және формейтинг несиелеу формалары ретінде. Жобалық қаржылау сыртқы экономикалық байланыстарды несиелеудің ерекше формасы ретінде. Халықаралық несиелердің негізгі жағдайлары, олардың мазмұны. Несие сомасы, мерзімін өтеу, несие құны және валютасы банктік және коммерциялық несиелердің негізгі шарты ретінде. Лизинг халықаралық саудада қаржыландыру формасы ретінде.


8 Тақырып. Халықаралық қаржы институттары-3 сағат

Мазмұны

  1. Халықаралық тәжірибедегі несие түрлері және негізгі формалары

Халықаралық тәжірибедегі несие түрлері және негізгі формалары – халықаралық валюталық несие және қаржы ұйымдары. Оларды халықаралық ынтымақтасты дамыту және күрделі де қарама қайшы дүниежүзілік шаруашылықтың тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты біріктіреді. Ғалами мәні бар ұйымдарға БҰҰ-ның мамандандырылған институттары – Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк тобы, сондай ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы жатады. БҰҰ - ның кейбір мамандандырылған органдары да халықаралық қаржы мәселелерімен айналысады. Олар: ЮНКТАД (БҰҰ - ның сауда және даму конференциясы); “Көзге көрінбейтін” операциялар және қаржыландыру жөніндегі комитет; Экономикалық кеңес; Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы; Париж клубы; Лондон клубы; “жетілік”, кейін “сегіздік” (АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Италия, Канада, Жапония, 1993 жылы Ресей қосылып, “сегіздікке” айналды), дамыған елдердің “ондық тобы” (“жетілік” + Бельгия, Нидерланды, Швейцария, Швеция). Әлемдік қаржы институттары 2 дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Аймақтық Әлемдік қаржы институттарына Еуропа жаңғыру және даму банкі, Еуропа одағының институттары (соның ішінде Еуропа инвестиция банкі, Еуропа валюталық институты, арнаулы қорлар) жатады. ЖаҺандық және аймақтық қаржы институттарынан басқа мамандандырылған Әлемдік қаржы институттары да жұмыс істейді. Мысысалы, Африканың араб экономикалық даму банкі, Араб экономикасы және әлеуметтік даму қоры, Кариб даму банкі, т.б.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар "Экономика" изд-сы,2008ж-295б

5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б

6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.
Қосымша

7. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрндық құрал. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж

8. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.

Мерзiмдi басылымдар

10Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

11. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

12. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

13. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

7. Тәжірибелік (семинарлық, зертаналық, жеке, студиялық) сабақтардың мазмұны, сағаттағы олардың көлемі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет