Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы
(кафедраның атауы)
ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік қатынастар
(пәннің коды мен атауы)
Павлодар, 2013 ж.
Пәннің бағдарламасының
бекіту парағы (Syllabus)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
|
БЕКІТЕМІН
|
|
Қаржы - экономика факультетінің деканы
|
|
___________Т.Я. Эрназаров
«____»_____________201__ ж
|
Құрастырушылар: аға оқытушы Р.С. Ещанова ___________
5В050900 «Қаржы», мамандығының
күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған
«Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік қатынастар»
пәні бойынша ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Г. М. Бейсембаева 201__ ж. «____» _______
(қолы) (А.Ж.Т.)
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________
1 Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы «Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік қатынастар»
Барлығы – 3 кредиттер
Курс: 3
Семестр: 5
Аудиторлық сабақтардың барлығы: 45
Дәрістер – 30;
Практикалық/ семинарлық сабақтар-15 сағат;
СӨЖ – 90 сағат, оның ішінде СӨЖМ - 22,5 сағат;
Жалпы жұмсалған еңбек -135 сағат.
Оқу нысаны
Емтихан -5 семестр
Пререквизиттер
Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқудан алынған білімі, машықтары қажет: Ақша, несие, банктер, Экономикалық теория, Салықтар, қаржылар және бюджет тарихы, Әлемдік экономика
Постреквизиттер
Пәнді оқу барысында алынған білімі, машықтары келесі пәндерді меңгеруге қажет: Қаржы, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуының өзекті мәселелері
2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты
А.Т.Ә. _Ещанова Р.С.
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: _магистр, аға__оқытушы____________
Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, __________________________________
телефон: ___67-36-43________________________,
Е-mail: ____________________________.
3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері
«Халықаралық валюталыық-қаржылық қатынастар» пәнді оқу негізі болып әлемдік шаруашылықтағы валютаның қалыптасуындағы өз қызметінің қорытындысына есеп беретін ұлттық шаруашылықтағы өзара ауысу болып саналады.
Пәнді оқытудың мақсаты-нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық валюталық-қаржылық қатынастардың негізгі тақырыптары бойынша тереңірек білім беру.
Пәнді меңгерудің міндеттері:
- халықаралық валюталық қатынастардың мазмұнын ашу,
-әлемдік валюталық жүйені оқу,
-валютаны реттеу механизмін түсіну,
-халықаралық несиелеудің негізгі формасын және мағынасын ашу,
-халықаралық қаржы легін белгілеу,
-халықаралық қаржы институттарының функциясын және қызметін ашу
4. 3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде халықаралық есептеулер әдісін қолдану жөнінде түсінік болу;
- халықаралық валюталық-қаржылық есептеулерді ұйымдастырудың негізгі қағидалары және мағынасы;
- әлемдік валюта жүйесінің элементтері және дамуы, ҚР қазіргі валюта жүйесінің негізгі элементтері;
- халықаралық қаржы институттарының функциясы және рөлі туралы білу;
- валюта курсын есептеу, валютаның котировка әдісін қолдану;
- халықаралық есептеу формасын айыру туралы икемді болу;
- халықаралық валюталық-қаржылық есептеулерді реттеу облысындағы заңдылықтар туралы практикалық машықтарды иемдену қажет;
– халықаралық несиелеу бойынша міндеттеме есептеулер кезінде қарапайым және күрделі проценттерді қолдану туралы құзыретті болу.
5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
р/р
|
Тақырыптар атауы
|
Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Практикалық (семинарлық)
|
Барлығы
|
оның ішінде
СӨЖМ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
1 Тақырып Халықаралық валюта-қаржы қатынастары және әлемдік валюта жүйесі
|
4
|
2
|
11
|
3
|
2
|
2 Тақырып Әлемдік валюта жүйесінің дамуы
|
4
|
2
|
11
|
2,5
|
3
|
3 Тақырып Валюта түсініг, валюта түрлері. Валюта курсы. Валюталықпаритет
|
4
|
2
|
11
|
2,5
|
4
|
4 Тақырып Валюталық реттеу. Халықаралық валюта қатынастарына ҚР қатысуы
|
4
|
2
|
12
|
2,5
|
5
|
5 Тақырып Нарық валютасы
|
3
|
2
|
12
|
3
|
6
|
6 Тақырып Халықаралық есептер
|
4
|
2
|
11
|
3
|
7
|
7 Тақырып Халықаралық несие: негізгі формалар және мәні
|
4
|
2
|
11
|
3
|
8
|
8 Тақырып Халықаралық қаржы институттары
|
3
|
1
|
11
|
3
|
БАРЛЫҒЫ
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып. Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастары және әлемдік валюта жүйесі - 4 сағат.
Мазмұны:
1 Халықаралық валюталық қатынастар
2 Ұлттық валюта
3 Резервтік валюта
4 Халықаралық несие нарығы
5 Халықаралық инвестиция нарығы
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталық, несиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.
Халықаралық валюталық қатынастар
Халықаралық валюталық қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.[1]
Ұлттық валюта
Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгізілді.
Әлемдік валюталық жүйе ұлттық және аймақтық валюталар жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша үш орталық — Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді.
Резервтік валюта — ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық, аймақтық және әлемдік валюта жиынтығы. Көпшілік жағдайда әлемдік нарықта айрықша тұрақты орны бар валюталар қолданылады.
Резервтік валюта қоры көп елдер қатарына экономикалық даму дәрежесі жоғары елдер жатады.
Соңғы жылдары жаңа индустриялық елдер де осы тізімге енуде. Солардың ішінен Тайвань мен Сингапурді ерекше атауға болады. Халықаралық валюталық қатынастар өте ірі банктер арасында жаңа электрондық құралдар көмегімен жүргізілетін несие беру, валютамен есеп айырысу және инвестиция салу сияқты операциялар түрінде жүреді.[1]
Халықаралық несие нарығы
Халықаралық несие нарығы — елдер арасындағы өзара қарыз бен несие беру, төлем жасауды ұйымдастыратын келісімдер жүйесі болып табылады. Несие мемлекеттік және жеке болып ажыратылады. Мемлекеттік несие — несие беруші мемлекеттің стратегиялық саясатына негізделеді, яғни сыртқы саяси басымдылығына тәуелді. Жеке несиелер өте жиі беріледі және ол экономикалық тиімділікті көздейді.
Халықаралық инвестиция нарығы — экономикалық даму дәрежесі жоғары елдердің өз қаражатының комақты бөлігін неғұрлым даму дәрежесі төмен елдердің алдыңғы қатарлы өндіріс саласын дамытуға салу. Осы арқылы өздеріне де пайда табу мақсатын көздеген, ұзақ мерзімге жоспарланған экономикалық саясат. Ол тікелей және портфельдік инвестиция деп белінеді. Халықаралық инвестиция нарығында тікелей жеке инвестициялардың маңызы зор. Оларды ірі ұлтаралық бірлестіктер басқарады.
Тікелей инвестиция
Тікелей инвестицияға шетелде кәсіпорындар ашу, оның ішінде еншілес компаниялар жүйесін ұйымдастыру, өзара келісім негізінде бірлескен кәсіпорындар ашу, табиғат байлықтарын бірлесіп барлап-зерттеу, шетел қаржысын қабылдаған кәсіпорындарды сатып алу немесе жекешелендіру жатады. Тікелей инвестицияның осы кезге дейін жинақталған мөлшері 2 трлн доллар, оның тең жартысы АҚШ (үлесі 1/4), Ұлыбритания және Жапонияға (әрқайсысының үлесі 1/10) тиесілі.
Портфельдік инвестиция
Портфельдік инвестиция — шетелдік кәсіпорынның қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік бермейтін акциялар, облигациялар және басқа да күрделі қаржының жұмсалу түрі.
Халықаралық инвестиция нарығы
Халықаралық инвестиция нарығында еуронарықтың үлесі күннен-күнге артып келеді. Алғашында еуронарық XX ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерінде пайда болып, қазіргі танда бүкіл дүниежүзін қамтып отыр. Бірақ жетекші орын әлі де Еуропа еншісінде. Оның ең ірі орталығы — Лондон. Оның үлесіне еуропалық қаржының 1/5-і келеді. Бұл көрсеткішке мүмкіндігі жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды. Әсіресе Токио мен Нью-Йоркте орналаскан ішкі офф-шорлық орталықтар күшеюде. Нью-Йорктегі бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Офф-шорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүниежүзінің кез келген бөлігінде, сол елдің банк және салық жүйесі бақылауынан тыс, ел экономикасынан тәуелсіз, дербес жағдайда жүргізіледі. Еуропа, Жапония, АҚШ-тан кейінгі ірі қаражат орталықтарына — Сингапур мен Сянган, сондай-ақ Кариб теңізі аймағындағы елдер: Багам және Кайман аралдары, Панама жатады.
Қазақстан экономикасының дамуында егемендік алғаннан бастап, шетелдік несиелер мен инвестициялар белсенді пайдаланыла бастады. Ресми көмек ауқымында Қазақстан 2,8 млрд доллар көлемінде несие туралы 49 келісім жасады. 1993—1999 жылдары оның 1,7 млрд доллары игерілді. Республикаға көрсетілген көмектің 53%-ы Әлемдік Банкке, 18,3%-ы Азиялық Даму банкіне, 17,3%-ы Жапония мемлекетінің үлесіне тиеді. Ал тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының келуі 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша, инвестиция құрылымының 49%-ын тікелей, 1%-ьш портфельдік инвестиция, ал 28%-ын несие, 22%-ын халықаралық қаржы ұйымдарының заемы құрайды. Тікелей инвестицияның 60%-ы мұнай өндіру мен өңдеуге, 10%-ы түсті металлургия, 5%-ы газ өндіру саласына, ал қалған белігі қара металлургия, пайдалы қазбаларды барлау, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және жаңа технологияларды енгізу мен ғылымды қолдау салаларын дамытуға салынды. Шетелдік инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну мөлшері бойынша 1-орынды Жапония — 25,4%, 2-орынды АҚШ — 21,5%, 3-орынды Ұлыбритания — 17%-ын иеленеді.
ТМД және Балтық жағалауы елдері бойынша халықаралық несиелік рейтинг берілген елдер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі 2-орын алады. Әлемдік Банктің мәліметі бойынша, дүниежүзілік несиелік рейтингте Қазақстан алғашқы 20 мемлекеттің қатарына енгізілген.
Әлемдік валюта жүйесі – валюталық қатынастарды ұйымдастырудың және реттеудің мемлекетаралық келісіммен баянды етілген нысаны. Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты. Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады. Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымды сенімді төлемдік және есептесу қаражатымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты. Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді. Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады. Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 жылы Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді. Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды. Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэ халықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вуд келісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды. Бұл келісім Бреттен Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда (1944 жылы) қабылданды. Онда доллардың үстемдігіне негізделген долларлық стандарт бекітілді. Бреттен Вуд валюталық жүйесі әлемдік сауда мен өндірістің дамуына 25 жылдай септігін тигізді. Бұл жүйенің дағдарысы 1960 – 70 жылы басталды. Валюталық дағдарыстан шығу жолын ұзақ іздестіру нәтижесінде 1976 – 78 жылдары Ямайка валюталық жүйесі құрылды. 1999 жылы Еуропа экономикалық қоғамдастығына мүше елдер аймақтық Еуропа валюталық жүйесін құрды. Ол Әлемдік валюта жүйесі нің құрамдас бөлігі болып табылады.
Әдебиеттер тiзiмi
Негізгі
1 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі №461-ІІ «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңы (10.12.2008 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2 Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Исқақов. Қаржы нарықты және делдалдар «Экономика» изд-сы,2008ж-295б
5. Баймұратов. Қазақстан қаржы жүйесі. Изд-во "Экономика, 2010ж-78б
6 Банк iсi. Мақыш С.Б., Iлияс А.Ә. Оқу құралы — Алматы: Қазақ университетi, 2007 ж.
Қосымша
7. Блеутаева К.Б. Қаржы: электрндық құрал. - Алматы, Нұр-пресс -2010ж
8. Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008ж.
Мерзiмдi басылымдар
10Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
11. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.
12. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.
13. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
2 Тақырып Әлемдік валюта жүйесінің дамуы -4 сағат.
Мазмұны:
-
Валюта жүйесінің ұғымы
-
Валюта жүйесінің құрылымы
-
Әлемдік валюта жүйесінің дамуы
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.
¥лттық валюта жүйесі - белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.
Әлемдік валюта жүйесі - мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар - валюталық қатынастарды тұрақты жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр түрлі салаларында қызмет етеді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.
Халықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде аса маңыздылары :
- халықаралық ақшалай тауар ;
- халықаралық өтемпаздық;
- валюта бағамы ;
- валюталық нарықтар ;
- халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;
- халықаралық келісім шарттар.
Халықаралық ақшалай тауар - әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .
Алғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын стандарт жүйесі болған. Алтын стандарт жүйесі 1879 - 1934 жылдар аралығында әлемдік валюта жүйесінде қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды :
- ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет ;
- алтың қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет ;
- алтынның экспорты мен импортына кедергілердің болмауы қажет.
Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайты және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жердегі алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағыла бастайды. Ал бұл нүкте алтынның импортттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Мысалы, фунт пен доллар тепе-теңдік жағдайында деп алайық. Белгілі бір себептердің әсерінен фунтқа сұраныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартын алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керіснше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан бастапқы деңгейіне түседі. Бүл жүйенің нашар жағы:
- жұмыссыздық деңгейінің өсуі;
- жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы.
1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хемпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық бас қосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған валюталык бағам жүйесі » туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттын тиімді жақтарымен оның келіңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Бұл конференцияда - Халықаралық валюта қоры құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.
Бүл жүйенің пайда болуына не әсер етті ? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, «а» және «б» елдері бар және «а» елі өз валютасының құның «б» елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті.Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін «а» елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты - дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды.
Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.
Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.
Бұл жүйе неге жойылып кетті ? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:
1 АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
2 Алтынның үлкен қоры құрап алды.
Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағамен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігн жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971 жылы 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.
Бұл жүейні «реттеулі ауытқулы валюта бағамы» деп атаған дүрыс болады. Қалыпты валюта бағамын кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясаттын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі бағамды реттеді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады.
Осы жүйенің жақтаушылары мен қарсыластары да болған. Жақтаушылардың келтіретін дәлелі :
- сауда көлемінің өсуі;
- келеңсіз жағдайлардың басқарылуы.
Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерін айтуда :
- ауыспалықпен бейімделу.Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отыруы ;
- «жүйелі еместігі».
Үшінші халықаралық валюталық жүйенің құрылымы 1976 жылдын қантарында Ямайканың Кингстон қаласында өткен жиналыста қабылданды. Осы валюта жүйенің негізі еркін айналымдағы валюталық бағам және көп валюталық стандарт болды.