Табиғат ресурстарын классификациялау
Табиғат ресурстары деп адамдар қолданатын немесе қолдануға болатын табиғат денелері мен күштерін түсінуге болады. «Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» түсінігіне мыналарды жатқызуға болады: — табиғат ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету; — табиғат экожүйелеріндегі тепе-теңдікті сақтау мақсатында пайдаланылған ресурстарды қалпына келтіру.
spubl.kz
РЕКЛАМА
Статьи в SCOPUS за 3 месяца
bitrix24.kz
РЕКЛАМА
Попробуйте бесплатную CRM
«Табиғат ресурстары» түсінігі басқа да өте маңызды «табиғи жағдай» түсінігімен тығыз байланысты. Адамның қоршаған ортамен арақатынасында қандай рөл атқаруына байланысты бір объектінің өзі әрі табиғат жағдайына, әрі табиғат ресурсына жатуы мүмкін. Мысалы, егер жерді өмір кеңістігі деп қарастырсақ, онда ол «табиғат жағдайы» ретінде болады; егер жерді пайдалы қазбалар көзі деп қарастырсақ, онда ол табиғат ресурсы категориясына жатады.
Табиғат ресурстары классификациясының әр түрі бар, бірақ кез келген классификация табиғатты тиімді пайдалану қажеттілігін мойындай отырып құрылуы қажет. Экологиялық, табиғатты қорғау тұрғысынан табиғат ресурстарын таусылмайтын және таусылатын деп болу қабылданған.
Таусылатын табиғат ресурстары орны толатын және орны толмайтын болып бөлінеді. Орны толатындарға жататындар: жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, топырақ құнарлығы. Бұл жағдайда «орны толатын» деген сөз бізді жұбатпауы керек, топырақтың жыртылу қабатының 18 см жуығы тек 7 мың жылдан кейін қолайлы жағдайда ғана қалпына келетіні есте болса жеткілікті. Өсімдіктер мен жануарлардың көп түрінің жоғалуы апат қаупін туындатады. Бұрын да айтылғандай, кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер құрайды, олар Күн энергиясын пайдалана отырып биомасса түзеді. Олай болса, табиғат ресурстарының құндылығы олардың жай қосындылары деп қарастырылмауы керек. Заттар мен энергияның биологиялық айналымы ескерілуі қажет, ал олар экологиялық тепе-теңдікті анықтайды.
Өндіру және қорғау тұрғысынан, кейбір ресурстардың жеке түрлері, шығындану нәтижесінде таяуда орны толмастар қатарына кіруі мүмкін.
Ауыстырылу белгісі бойынша табиғат ресурстарын былай бөлуге болады: — ауыстырылатындар (шикізат, отын); — ауыстырылмайтындар (су, ауа).
Пайдалану белгісі бойыншатабиғат ресурстарын былай бөледі: — өндірістік (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы); — әлеуетті-перспективті; — рекреационды.
Табиғи ресурстарды жасанды жасалған өндіріс құралдарымен ауыстыру дәрежесінің мүмкіндігі, табиғат қорын жасандымен алмастыру негізгі мәселе болып табылады. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін таусылған ресурстардың орнына қолдана отырып, қандай дәрежеге дейін табиғат ресурстарын жұтаңдата береміз? Мұндай ауыстырылу мүмкіндіктері шексіз емес, экологиялық жүйелердің бірқатар функцияларын тіпті де ауыстыру мүмкін емес.
Осыған байланысты табиғат қапиталының (қорының) аумалы (критический) тұжырымдамасы туындады. Бұл адам өмірі үшін қажет құндылық, оны жасандымен ауыстыру мүмкін емес, олар: ландшафттар, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері, озон қабаты, климаттың параметрлері және т.б. Қоршаған ортаның қасиеттері мен эстетикалық сапасы да ауыстыруға келмейді. Экономикалық дамудың кез келген нұсқасында аумалы табиғи капиталды сақтау қажет.
Табиғат капиталының (қорының) басқа бөлігіне жасандымен ауыстырылуына болады. Бұл орны толатын табиғат ресурстарына (мұнайды, газды, көмірді Күн энергиясымен алмастыру және т.б.) қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |