Сабақ жоспары Бөлім: Жануарлар әлемі және өсімдіктер дүниесі



Дата20.11.2023
өлшемі22.21 Kb.
#483817
түріСабақ
Жануарлар және тіршілік


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Жануарлар әлемі және өсімдіктер дүниесі

Педагогтың аты-жөні:

Ражанова А.К.

Күні:

13.11.23

Сынып:

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлар және тіршілік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, анықтайды.
Антоним мен синонимді көркемдік ерекшелігіне сай қолданады.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3минут

«Жұбыңды тап» ойыны арқылы оқушыларды жұптастыруға тапсырма береді.



(қараңғы-жарық, үлкен-кіші, баяу-жылдам, биік-аласа, батыр-қорқақ, жақсы-жаман, күн-түн, терең-тайыз, надан-білімді, жұмсақ-қатты, жылы-суы.)
Берілген сөздер арқылы жұп құрып отырады.
Сөздерге анықтама береді.

Қолпаштау сөздер

Үлестірмелі карточкалар, «Арман ПВ» қазақ тілі оқулығы

ҮТО жұмыс.


Сәйкестендіру жұмысы.

Түлкі

Әнші

Сұңқар

Айлакер

Қоян

Ақылды

Ит

Қорқақ

Бұлбұл

Сақ

Үкі

Қырағы

түйе

төзімді




Сабақтың ортасы

Сұрақтармен жұмыс. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты қалай анықтауға болады? Негізгі ақпараттың мәтіндегі орны қайда болады? Қосымша ақпараттар автор ойын ашуға қалай көмектеседі? Қандай ақпараттар қосымша ақпарат болып саналады?


1-тапсырма.
Оқушыларға «Қызыл кітап» мәтіні беріледі. (1-қосымша)
Мәтін бойынша негізгі және қосымша ақпараттарды анықта.
2-тапсырма.
Мәтіндегі қою қаріппен берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар.
3-тапсырма.
Берілген сөздердің антонимі мен синонимдерін жазып, сөйлем құраңдар.



Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды білдіретін сөйлемдерді жеке парақшаларға жазып, араластырып, қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ақпарат болатынын топқа бөлу, неге олай ойлайтынын түсіндіру.


Сирек, тиімді, мәліметтер, басылып шықты, енді, тіркелді, жойылу, ісінің – синонимдерін жазады.
Ақылды, айлакер, сақ, қырағы, қорқақ, төзімді



«Бутерброд» әдісі арқылы бағаланады.












Сабақтың соңы

Сабаққа кері байланыс жасау.
Үйге тапсырма беру.






«Қызыл кітап»


«Қазақстанның Қызыл кітабы» - республика аумағында кездесетін сирек, саны азайып, жойылып кету қауіп бар жануарлар мен өсімдік түрлері туралы, оларды ғылыми зертеу, қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану туралы толық мәліметтері бар негізгі құжат.
«Қазақстанның Қызыл кітабы», «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» деп аталатын 2 томнан тұрады. Оның омыртқалы жануарларған арналған І бөлімі 1978 жылы басылып шықты. Оған омыртқалылардың 78 түрі енді. Оарға сүтқоректілерден қара кірпі, көк суыр, құндыз, үнді қайраңы, қызыл қасқыр, Тянь-Шань аюы, қара күзен, Орта Азия сілеусіні, шағыл мысығы, қарақұйрық, үстірт қойы, арқар; құстардан Алтай ұлары, қара ләйлек, кәдімгі қоқиқаз, дуадақ, безгелдек, бүркіт, лашын; балықтардан Сырдария тасбекіресі, Арал албырты, Каспий тасбекіресі, т.б.кірді.
Қазақстан Қызыл кітабының қсімдіктерге арналған ІІ бөлімі 1981 жылы басылып шықты. Оған өсімдіктердің 308 түрі тіркелді. «Қызыл кітап» - аң-құс пен өсімдікердің белгілі бір түрлерінің жойылу қаупін, оларды көздің қарашығындай қорғау қажеттігін, оларды аулауға тыйым салынғанын ескертетін белгі, сол түрлерді сақтап, көбейту ісінің бағдарламасы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет