Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет1/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі



 
 
 
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Жұмағұлова А.Ж. 
Ғылыми стильді оқыту 
Оқу құралы
 
Биология факультеті студенттеріне арналған 
Өңделіп, толықтырылған екінші басылымы 
Алматы 
«Қазақ университеті»
2013 



Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесі 
және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған. 
Пікір жазғандар: 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Б. 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдіқалық К.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рамазанова Ш. 
Жұмағұлова А.Ж.
Ғылыми стильді оқыту: Биология факультеті студенттеріне
арналған оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 85 б. 
Оқу құралында функциональдық стиль түрлері, оның ішінде ғылыми
стиль мен оның жанрлық түрлері қысқаша, нақты мысалдар негізінде
баяндалады.
Оқу құралы өңделіп, толықтырылып қайта басылып отыр. 



Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің 
қақымыз жоқ. 
Антон Лигов. 
 
 
 
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін 
емес. 
Жүсіпбек Аймауытов. 
 
 
 
Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес. 
 
Бауыржан Момышұлы. 
 
 



АЛҒЫ СӨЗ 
 
Оқу құралы «Кәсіби қазақ тілі» курсы бойынша салалық ғылыми 
терминдер жүйесімен ғылыми стильдің жанрлық түрлерін оқыту
бағдарламасына негізделіп жазылған. 
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындары жүйесіндегі мамандар 
дайындаудың сапасын көтеруді ұйымдастыру барысында білім берудің жаңа 
технологияларын оқу үрдісіне енгізу жолға қойылып отыр. Соның бір айғағы 
- оқытудың кредиттік технологиясы. Кредиттік жүйе оқу бағдарламасы 
мазмұнының өлшем бірлігі болып табылатын кредит-сағатқа міндетті 
аудиториялық жұмыстар мен СӨЖ-дің өзара оңтайлы арақатынасына 
негізделеді. Биология ғылым саласы ретінде жаратылыстану ғылымдарының 
біразымен (әсіресе экология, география, химия және т.б.) аса тығыз 
байланысты болғандықтан, оқу құралында осы ғылым салаларына қатысты 
алынған ғылыми-танымдық, ғылыми-көпшілік мәтіндерді лексика-
грамматикалық, ғылыми-жанрлық тұрғыдан топтастырдық. Ондағы 
мақсатымыз – «Қазақ тілі» пәнінің негізінде алған тілдік білімдерінің 
негізінде ғылыми мәтіндерге ортақ кейбір лексика-грамматикалық 
заңдылықтарды,олардың қолданылут ретін, терминдер мен олардың жүйесін, 
олардың жасалу жолдарын, қолданылу аясын қарастыра отырып, студентті өз 
бетімен ізденуге, мамандығына қатысты ғылым саласы бойынша мәтіндерді 
оқып, түсініп талдауға, ой қорытып, тұжырым жасауға, пікір алысып ойын 
ортаға салуға машықтандыру. 
Оқу құралы ІІ бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде “стиль” терминіне 
түсінік бере отырып, әдеби стильдің түрлерінен, ортақ белгілерінен, өзара 
айырмашылығынан қысқаша мәлімет бердік.
Сондай-ақ бұл бөлімде жаратылыстану ғылымындағы ғылыми мәтіндерге 
ортақ лексика-грамматикалық ерекшеліктер мен олардың заңдылықтарын 
түсіндіру көзделген. Оқу құралында берілген мәтіндер студенттің алған
білімін тексеруді, бекітуді мақсат тұтады. 
ІІ бөлімде ғылыми стильдің жанрлық түрлері қарастырылады. Яғни, 
оларды тақырыптық жағынан топтастыра отырып, олардың үлгілерін беру 
арқылы, практикалық тұрғыдан меңгертіп, бекітуді де көздедік. Ғылыми 
ортада өзара тілідік қарым-қатынас жасау, өз ойын ғылыми сауатты жеткізу, 
сұхбат құру ғылыми стильдің ауызша жанрлары пікірталаста, зерделі ой-
сұхбатында, алқалы жиында жүзеге аспақ.



Оқу құралын жазу барысында орыс ғалымдары Е.С.Троянскаяның, В.Г. 
Миронованың ғылыми стильге қатысты оқу құралдарын және сабақ беру 
барысындағы жеке тәжірибемізге, сондай-ақ Б.Ақбұзауованың «Қазақ тілінің 
ғылыми стилін оқыту құралы» еңбегіне сүйенгенімізді де атап өткен дұрыс 
болар. 
Оқу құралындағы мәтіндердің мазмұнында берілген мәліметтерге автор 
жауапты емес. 
Автор  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет