13
- сөздер тікелей өз мағынасында қолданылуы тиіс;
- терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс;
- талдаудың, шешімнің мазмұны екіұдайылық тудырмас үшін
көсемсөз
стилінің, ауызекі сөйлеу тілінің стильдік элементтері араластырылмауы қажет;
- шешім, қаулы, бұйрық мазмұны нақты, түсінікті болуы тиіс;
- бірнеше вариантты терминдердің мүмкіндігінше Мемлекеттік
терминология комиссиясы тарапынан бекітілген
немесе ресми тілде
стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолданылу пәрменділігі жоғары
(нормаға айнала бастаған) тұлғасы қолданылуы тиіс;
- қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы
сөздер болып саналатын лексикалық элементтер, сондай-ақ бейнелі, образды
фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.
Ғылыми стиль
1. 2. 4. Ғылыми стиль туралы түсінік
Функциональдық стильдің бір түрі - ғылыми стиль.
Ғылыми стильге
ғылымның әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер кіреді. Белгілі бір
ғылыми еңбектің зерттеу нысаны болған зат немесе құбылыс ғылыми
негізделіп, сипаттауды, дәлелдеуді қажет етеді. Ал негіздеу ғылыми сипаттау,
ойлау арқылы жүзеге асады.
Дұрыс ойлап, пікірдің дұрыстығын дәлелдеу,
әрине, логикаға (қисын) тікелей байланысты. Логикалық жүйелі ой
қорытындысы - ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми еңбек
сол ғылым саласының белгілі бір заңдарына,қағидаларына бағынады, ал оған
негізделген ой қорытындысы нақты, жүйелі әрі қисынды болады.
Жазба стильдің басқа түрлері сияқты ғылыми
стиль де жалпы халықтық
әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, әрине, өзіндік
ерекшеліктері бар. Ғылыми стиль өз ішінде шағын стильдерге бөлінеді. Бұл
мәселе орыс тіл білімінде былай қарастырылады: " …в научном стиле можно
отнести следующие типы текстов: 1.Академические (собственно-научные)
тексты представленные следующими жанрами:
монография, статья, тезисы,
14
диссертация, научно-технические отчеты, доклады, научные сообщения,
выступление. 2. Информационно-реферативные (жанры: реферат, аннотация,);
3. Справочно-энциклопедические (жанры: словарь, справочник и т. д.);
4. Научно-оценочные (жанры:
рецензия, отзыв, экспертное заключение,
полемическое выступление); 5. Научно-учебные (жанры: учебник, учебные
пособия, лекция); 6. Научно-инструктивные (инструкция, руководство,
памятка, рекомендации); 7. Научно-деловые (жанры: патент, авторское
свидетельство
описание изобретения, заявка, акт, постаноление, решение,
отчет)". Ал қазақ тілінде ғылыми стиль шартты түрде былай бөлінеді: таза
ғылыми стиль, ғылыми-оқулық стиль, ғылыми-көпшілік стиль.
Достарыңызбен бөлісу: