Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет9/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

2-мәтін 
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы дүние жүзі ғалымдарын 
алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде дамыған ауыр 
өнеркәсіп пен транспорт, ауылшаруашылығын химияландыру және жалпы 
урбанизация биосфераның улы химиялық заттармен ластануына әкелуде. М.М. 
Овчаренконың мәліметтері бойынша түрлі түсті металл қорыту заводтарынан 
жыл сайын қоршаған ортаға 121500 тонна мырыш, 89000 тонна қорғасын, ал 


16 
көмір мен мұнай өнімдерін жағудан 36000 тонна қорғасын, 700 тонна мырыш 
және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді екен. 
Осындай жолдармен топыраққа түскен ауыр металл иондары өсімдік, жануар 
және адам ағзасына, жалпы экосистемаға қауіпті әсер етеді. Сондықтан да ірі 
өнеркәсіп орталықтарындағы елді мекендер топырағының, өсімдігінің және су 
көздерінің ластануын болдырмау кезек күттірмейтін өзекті экологиялық мәселе 
болып табылады. Шығыс Қазақстан облысындағы ауыр өндіріс орындарына 
жақын аймақтардағы топырақ құрамында ауыр металдар мөлшері табиғи 
мөлшерден тым көп. Мұндай аймақтарда өскен өсімдік бойында ауыр металдар 
концентрациясы қалыпты мөлшерден 2-3,5 есе артық болады. 
Көп жылдар бойы ауыр металдармен ластанған топырақта өскен
ауылшаруашылық дақылдарын азық ретінде қолдану адам денсаулығына
зиянды, себебі, ауыр металдар ағзада үнемі жинақталып отырады. 
Қоршаған ортаны ластайтын заттардың үлкен тобын сипаттайтын “ауыр 
металдар” термині кейінгі жылдары айтарлықтай кең таралды. Ауыр 
металдарға Д.И.Менделеевтің периодтық системасының қырықтан астам 
металдары кіреді. Ауыр металдарға улылық, мутагендік және канцерогендік 
әсері тән. 
1980 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы бойынша 
басымдылығы күшті ауыр металдар қатарына: Mn, Co, Ni, Cu, As, Cd, Sn, Hg, 
Pb кірді.
1990 жылдың басында токсикологтардың ұсынысымен АҚШ-тың қоршаған 
ортаны қорғау агенттігі бұл қатарды одан ары көбейтті. Ең улы элементтер 
қатарына Cd, Cr, Hg, Pb, Sb, Ni, Al, Be, As, Se енгізілді. 
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет