Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет45/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Дәйексөз - ғылыми еңбектен сөзбе-сөз алынған үзінді. Дәйексөзді 
қолдану барысында оның қайдан алынғанын (еңбектің авторын, атын, алынған 
бетін, жылын, т.б.) көрсету ғылыми еңбектің басты шарты. Мәтін ішінде 
дәйексөз тырнақшаға алынып жазылады. 
Конспект жасалатын ақпараттық көздердің ( монография, ғылыми 
мақала т.б.) көлеміне қарай оларды конспектілеудің бірнеше тәсілдері бар: 
қысқаша конспектілеу немесе конспектінің шағын түрі, толық конспектілеу 
және аралас конспектілеу. Қысқа немесе шағын көлемді конспектіде еңбекте 
көтерілген мәселенің жалпы сипаты қарастырылады: мәселенің жалпы атауы, 
нені қамтитыны, сол мәселенің ғылым саласында алатын орны және т.б. Толық 


82 
конспектіде көтерілген мәселенің маңызы, қажеттілігі, шешімі дәлелді 
мәліметтер негізінде түсіндіріледі, ғылыми тұжырымдалады. Қажет болса, әр 
түрлі иллюстрациялық материалдар (сызба, кесте, график, сурет т.б.) 
қарастырылады. Ал аралас конспект жасауда екі тәсілдің де элементтері 
қолданылады. Мұнда ақпарат қажеттілігіне қарай өте қысқартылып та, толық 
қамтылып та қарастырылады. Конспектінің жазылуы да жоспарға 
негізделетіндіктен, ғылыми еңбектегі кейбір қысқа, нақты ғылыми ой-
тұжырымдар жоспардың бір бөлігіне енгізілуі де мүмкін. 
Конспект 
жасалатын 
ақпараттық 
көздердің 
санына 
қарай:
монографиялық конспект - бір ғана еңбектің негізінде жасалатын конспект; 
шолу конспекті - бірнеше ақпараттық еңбектің негізінде жасалған конспект
болып бөлінеді. 
Ғылыми пайымдау - ғылыми түсінік, ғылыми категорияларды, әр 
түрлі құбылыстарды ой елегінен өткізу арқылы тұжырым жасау, 
қорытындыға келу. Пайымдау жан-жақты білімділікті қажет ететін, аса терең 
ойлауды, өзіндік ой қорытуды қажет ететін ғылыми жанр түрі. Сондықтан
пайымдаудың құрылымы да күрделі:
- автордың қаралатын мәселе жайлы жан-жақты түсінігі болу керек; 
- автор сол мәселенің проблемалық жағын тани білу керек; 
- көтерілген проблеманың тезисін жасап, соны ғылыми дәлелдей 
алу керек; 
- көтерілген проблемаға байланысты ой қорытындысын жасап
ғылыми тұжырым жасай білу керек. 
Шешімін күтіп тұрған күрделі мәселенің тезистерін автор кейде антитезис 
арқылы дәлелдейді. Антитезис - қарсы тезис немесе теріске шығару. Автор 
тезис арқылы өз ойын айта отырып, антитезис келтіру арқылы өз ойын 
тұжырымдай, дәлелдей түседі, яғни антитезиске өз ойын қарсы қою арқылы 
қорытындыға келеді. Сонымен, автор өз ойын қисынмен дәлелдей отырып,
қарама-қарсы көзқарасты жоққа шығарады. 
Пайымдаудың үш түрі бар: түсіндіре пайымдау, дәлелдей пайымдау, 
ойландыра пайымдау. Автор түсіндіре пайымдауда тезистің шындық екенін 
дәлелдемейді, тек оның көпшілікке белгілі мазмұнын ғана ашып көрсетеді. 


83 
Дәлелдей пайымдауда автор тезистің ақиқат, шындық екенін дәлелдейді. 
Автор мәселенің мәнін түсіндіре отырып, дәлелдейді. Яғни автор тезис - 
антитезис арқылы күрделі проблеманың шешімін ұсынады. Ойландыра 
пайымдауда өзара байланысты бірнеше пікірді қатар беру арқылы автор 
ойландыруды мақсат тұтады. Бір мәселеге байланысты қатар берілген бірнеше 
пікір оқырманына да, авторға да ақиқат жолды таңдауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет