Табиғатты түлететін – біз Мәдениет – қоғамдағы іргелі ұғымдардың бірі екенін білесіз. Ал экомәдениет жайлы не білесіз?



бет2/2
Дата08.04.2023
өлшемі18.5 Kb.
#471934
1   2
Табиғатты түлететін - біз

Қосшы және қоқыс
Барлық мекендерде экологиялық мәселе бары – анық. Ол Қосшыны да айналып өтпеді. Сәулеті қарыштап дамып жатқан кез келген қаланың әуелгі мәселесі – құрылыс қалдықтары. Қосшы қаласындағы қоқыстың 80 пайызы – құрылыс қалдықтары құрайды. 2022 жылдың 1 шілдесінде қабылданған экологиялық кодесте «Құрылыс қалдықтарын полигондық аймақтарға апарып тастауға болмайды. Арнаулы жерде сұрыпталуы керек» делінген. Енді мәселені қалай шешеміз? Әуелі, жүйе керек. Екінші, тұрғындарға табиғатты, қоршаған ортаны аяялауды үйрету керек. Ең қарапайым олар қоқысты қоқыс жәшігіне апарып тастауды дағдыға айналдыруы керек. Әлемді өзгерту өзімізден басталады емес пе? Мысалы сіз қоқысты қоқыс жәшігің қасына тастасаңыз, оны ит-құс жұлмалап шашып тастауы мүмкін. Ол желмен басқа аумақтарға да тарайды. Сол үшін экологияны жақсартудың ең оңай, ең қарапайым тәсілі – қоқысты қоқыс жәшігіне тастау.
Қоқыс мәселесіне байланысты Қосшы қаласы Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласының басшысы Асамбаев Валерийдің пікірін білдік. «Қосшы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі өршіп тұр. Бізде әлі қалдықты жинаудың орталықтандырылған жүйесі дамымаған. Осы жылы алаңдарға 70 контейнер қойылды. Бұның өзі аз. Тағы да қою керек. Келесі жылға жоспарланып отыр. Қоқыс мәселесін шешу үшін қалдықтарды жинап әкетіп кәдеге жарату үшін тариф жүйесін қостық. Қаламыз Ақмола облысында осы тарифті жүйеге қосқан алғашқы үштікке кірді. Жалпы қоқыс мәселесіне көңіл бөлуден көш бастап тұрмыз. Менің ойымша мәселені шешу үшін экологиялық инспектор тағайындауымыз керек. Батыста экологиялық кодексті, тәртіпті бұзсаңыз, инспектор айыппұл төлетеді. Біздің қалаға да осы жүйе керек сияқты. Тәртіп осылай орнамақ» дейді Валерий Анатольевич.


БӨЛЕК (ЖАНЫНА) КАРТАСЫ БАР (ИНФОГРАФИКА)
Әлемдегі ең таза 6 ел:

  1. Бүгінгі таңда Исландия әлемдегі ең экологиялық сау ел ретінде танымал. Өзінің керемет табиғатымен Исландия халқы «жасыл» энергияны имплементациялауда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мысалы, геотермалдық электр энергиясын өндіру үшін қаншама істерге барды. Жылыту қажеттіліктері сутекті қолданумен іске асты. Елдің негізгі энергия көзі – жаңартылатын энергия (геотермалдық және сутегі), ол барлық тұтынылатын энергияның 82% - дан астамын құрайды.

  2. Швейцария үкіметі мен халқы экологиялық таза қоғам құруда керемет жетістіктерге жетті. Жаңартылатын энергия көздері мен экологиялық таза өнімдерден басқа, халықтың қоршаған ортаның тазалығының маңыздылығы туралы менталитет қалыптастырды. Тіпті, кейбір қалаларда көлікпен жүруге тыйым салынған.

  3. Швеция – экологиялық таза өнімдермен қоршаған ортаны сақтайтын елдердің көшін бастап тұр. «Жасыл» өнімдерді пайдаланудан бөлек, 2020 жылы қазба отынынан кезең-кезеңімен бас тартамыз деген шешімге келген. 3. Коста-Рика – кішкентай елдің керемет істер жасайтынының тағы бір тамаша мысалы. 2021 жылы елдің көміртектен тәуелсіздігі туралы мақсат қойды. Соңғы 3-5 жылда отырғызылған 5 миллионнан астам ағаштары бар ормандарды жаппай қалпына келтіру жүріп жатыр.

  4. Норвегия – Арктикаға жақын орналасқандықтан жаһандық жылынудың әсерін бастан кешірді. Сол себепті қоршаған ортаны сақтау үшін жедел шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Қазір «жасыл елдердің» бірі.

  5. Маврикий – экологиялық тиімділік индексі жоғары Африкадағы жалғыз мемлекет. Үкіметі эко өнімдерді пайдалануды және қайта өңдеуді барлық жағынан насихаттайды. Маврикий өзін негізінен гидроэлектрмен қамтамасыз етеді.

  6. Франция – жаңартылатын энергия көздері арқылы қоршаған ортаны сақтау міндетін өте жақсы атқарады. Франция экологиялық таза отынды, органикалық егіншілікті және күн энергиясын пайдалану тәсілін басты назарды ұстайды. Франция үкіметі күн батареяларын үйлерін қуаттандыру үшін қолданатындарға салықты азайту арқылы ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет