Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 166-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-4-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-4-бап өзгертілді
18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4, 4-1 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестік;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерді қолдау;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылды
5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
6) сапалы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу;
7) табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту үлесін ұлғайту;
8) қабылданатын шешімдерді бақылау және олар үшін жауапкершілік;
9) сатып алу процесіне делдалдардың қатысуын барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып өткізеді.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Табиғи монополия субъектiсi:
1) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;
2) табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға қойылатын, электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуға арналған шарттарға сай келмеген;
3) электр энергиясын беру және бөлу салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын, шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағымының жоспарлыдан ауытқуларына өтем жасау мақсатында электр энергиясын сатып алған;
4) Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес газ тарату ұйымдарынан газ сатып алған;
5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алған жағдайларды қоспағанда, стратегиялық тауарларды сатып алуды тiкелей стратегиялық тауар өндiрушiлерден жүзеге асырады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сатып алуды өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бұл тәртіп сатып алуды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;
дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайды.
Жанама тиесілілік табиғи монополия субъектілері акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында келесі ұйым арқылы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екенін білдіреді.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Табиғи монополия субъектiсi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген шектi мөлшерден асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбірек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Табиғи монополия субъектісі тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
1) егер бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімді қарау барысында анықтаса, табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімін қабылдамауға;
2) егер тұтынушыларға залал келтірген бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің қолданылуы кезеңінде анықтаса, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін өзгертуге бастамашылық жасауға және табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-5-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
1. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
18-6-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-7-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-7-бап өзгертілді
18-7-бап. Табиғи монополия субъектісін және реттелетін нарық субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша уәкілетті органның шешімi
Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін немесе реттелетін нарық субъектісін тексеру қорытындылары туралы актісін қарау нәтижелері бойынша:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;
3) табиғи монополия субъектісіне немесе реттелетін нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілерін жою туралы нұсқама шығарады;
4) материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына береді;
5) материалдарды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өзге де мемлекеттік органдарға береді.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;
4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.
2. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша, шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтемдік тарифті енгізу жүзеге асырылады.
Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бірақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттік органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөніндегі ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 23-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Өтпелі ережелер
Тоқтата тұру кезеңінде тарифтердің бұрын бекітілген деңгейлері қолданылады деп белгілей отырып, осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігі 2-3) тармақшасының қолданылуы 2015 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын.
Осы Заңның 3-бабының 12) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |