Кәсіби этикаәріптестерімен және басқа адамдармен түрлі жағдайларда, ресми және бейресми қарым –қатынастар барысында көрінетін маманның жалпы мәдениеттілігі деңгейінің жоғары болуын көздейді. Демек, педагогтың өмірінде қарым-қатынас мәдениеті ерекше рөл атқарады. Әдепті және қарым-қатынас мәдениетінің негізгі талаптарын білу педагогтың өзіне де, өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан балаларға да қажетті.Мұғалім сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз шынайы бедел болмайды. Өзіңізге айналадағы адамдардың қалай қарайтыны жөнінде және ол неге байланысты екенін ойланып көріңіз. Адамдармен жақсы қарым- қатынас құру мұғалімнің кәсіби қасиеті - оқушыны тыңдай, ести білуіне тәуелді. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде.