Педагогикалық этика педагогикалық
мораль мен моральдік құндылықтардың
негізгі санаттарының түпкілікті
мәнін
қарастырады. Адамдардың адамгершілік
қасиеттері мен мінез –құлқына, іс
қимылына және өмірлік алуан түрлі
құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға
беретін мейірімділік пен зұлымдық,
адалдық
пен ар-намыс туралы
түсініктер
жүйесін
моральдік
құндылықтар деп атауға болады.
Әділдік
дегеніміз
жалпы
алғанда,
адамдардың адамгершілік қасиеті мен
олардың қоғамдық танымал болуы,
құқықтары мен міндеттері арасындағы
өзара
сәйкестілік
деуге
болады;
педагогикалық әділдіктің:
мұғалімнің
оқушылармен
қарым-қатынасы
барысында олардың тәртібін, қылығын,
оқуға деген көзқарас- құлшынысын,
адамгершілік
тәрбиелілік
деңгейін
анықтау мен бағалау барысындағы
мұғалімнің
обьективтілігі мен оның
адамгершілігіне өзіндік баға беретін
ерекше сипаты болады.