Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады



бет3/12
Дата27.11.2023
өлшемі2.41 Mb.
#484532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айдана диплом (1)

Тұтынушы интерфейсін ұйымдастыру

Бағдарлама қолданушыға ыңғайлы болуы үшін бағдарлама бетінің интерфейсін ұйымдастыру ең басты мәселелердің бірі болып табылады.


Бұл бағдарламалық өнім толығымен автоматтандырылған және толығымен интерфейс бөлімінен өткен. Бағдарламада толығымен қонақ үй жүйесі автоматты түрге жеткізілген.
Интерфейсте қолданылатын қызметтер түрі: Object name, Description Panel, Events, Properties, WindowaMediaPlayer, Button.

2.1 сурет. Жобаның интерфейсі бейнеленген





  1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ




    1. Қолданылатын операциялық жүйенің қысқаша сипаттамасы

Ақпараттық бағдарлама Windows 10 операциялық жүйесінде жасалынды. Және де бұл операциялық жүйе жаңа мүмкіндіктерге ие. Windows 10 операциялық жүйесі жаңа бағдарламалар мен жаңа сервистермен толыққан. Windows 10-дің бірнеше қосымша нұсқалары да бар, олардың кейбіреулері Windows 10 Mobile , Windows 10 Enterprise , Windows 10 Enterprise Mobile және Windows 10 Education қамтиды. Сондай-ақ, Windows 10 жүйесінде орталық хабарламалар орталығы бар, ол мобильді құрылғыларда және MacOS және Ubuntu сияқты басқа да операциялық жүйелерде ортақ хабарландыру орталығына ұқсас.


Windows 10 өз қолданушыларының деректерін Microsoft серверіне жіберіп тұрады. Тіпті оның параметрлерін «құпиялылық» режиміне қойғанның өзінде. Бұл OneDrive және Microsoft-тың өзге де сервистері үшін қажет. Алайда, OneDrive өшірулі жағдайда және Microsoft есептік жазбасына қосылған жергілікті тораптың (локальная сеть) аккаунты арқылы серверге қосылғанның өзінде Windows 10 операциялық жүйесі деректерді жіберіп тұрады. Компанияның ресми түсініктемесінде: «Windows қолданушының рұқсатынсыз жеке деректерді жинамайды. Microsoft сервері Windows-тың жұмысын жақсарту мақсатында және операциялық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Windows-тің қолданылуы, диагностикасы мен өнімділігі жөнінде кейбір деректерді жинайды. Microsoft бұл деректерді ақаулар туындаған жағдайда оларды жөндеу үшін пайдаланады.
Windows 10 операциялық жүйесі Microsoft компаниясының ең соңғы операциялық жүйесі болады. Корпорация енді операциялық жүйенің жаңа нұсқасын шығармайды, соңғысын дамытып отыратын болады. Microsoft өкілдерінің айтуынша, Windows 10 үнемі жаңартылып және дамып отыратындықтан өзектілігін жоғалтпайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет