Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар



бет1/5
Дата24.01.2024
өлшемі29.8 Kb.
#489748
  1   2   3   4   5
user file 58007593367a7


Алматы облысы
Алакөл ауданы
Теректі ауылы
"Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Курманбаева К.Ы
Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру
Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

  1. Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы;

  2. Оқуға деген қабілетінің артуы;

  3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті;

  4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау;

  5. Өз ойының дербестігі.

Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді.
Қазіргі есептеу техникасының дамуына байланысты қолданбалы зерттеулерде математикалық эксперименттердің бәсі артып отыр. Математика әдістері әр салада қолданыс табуда. Мәселен, математикалық есептеуіш машинаның көмегімен өткен ғасырдың ортасында қойылған атақты төрт түсті бояу мәселесі шешілді. Оның мәнісі – картадағы әрбір көршілес екі ел әртүрлі түспен бояғанда, кез келген картаны жасау үшін түстердің ең аз саны қанша болуы керек? дегенге тіреледі. Мұндай түстердің саны төртеу екенін американ математиктері К. Аппель мен В. Хакен 1976 жылы дәлелдеген.
Мұғалім танымның тек шама жағынан бейнеленген заңдылықтарын оқушыларға түсінікті тілмен қарапайым мысалдар арқылы пайымдауы қажет.
Танымның басқа да әдістері бар. Олар басқа ғылымдар не олардың пайдаланатын әдістері.
Математика ұғымдарының дерексіздігі мен жалпылығы оның қолдану аясын кеңейте түседі. Тек қатыстар мен математикалық символдарға тиісті жаңа мағына бере білу керек.
Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.
Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімен байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Сондықтан бастауыш сыныптың математика сабағында дамыта оқуды өз сабағымда қолданған сабақ жоспарын ұсынып отырмын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет