Таңертеңгі нұсқама – ҚТ бойынша күнделікті тақырыптар\ Утренний инструктаж – Ежедневные темы по отиТБ


Төменде мысалға келтірген ережелерге сүйене отырып жұмыс барысында саты құралын қауіпсіз қолдануға болады



бет9/55
Дата08.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#494735
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
TBT Тулбокс

Төменде мысалға келтірген ережелерге сүйене отырып жұмыс барысында саты құралын қауіпсіз қолдануға болады.

  • Саты құралдарын қолданар алдында тексеріп алыңыздар. Қозғалғыш бөлшектерінде басқыштарында ақаулық болмауы тиіс. Сонымен бірге аяқтары теңселмей орнықты тұруы керек. Егер саты сынған болса немесе зауыттық ақаулықтары табылса, ол саты белгіленіп, құрылыс алаңынан әкетілуі тиіс. Жөндеуге келмейтін жағдайда ережелерге сай тізімнен шығарылуы тиіс.

  • Саты орнықты тегіс жер бетіне орналасуы тиіс. Бос борпылдақ немесе балшық жерге орналастыруға және саты аяқтарының астына бөгде заттармен (тас, ағаш кескіндерімен) биіктетуге тыйым салынады. Егер қолданылатын саты керекті биіктік деңгейіне жеткіліксіз болса, ол саты жұмыс барысына жарамсыз болып саналады.

  • Сатының басы керекті биіктіктен 1 метр ұзындыққа шығып тұруы тиіс және сол жерден саты басы бекітілуі керек. Созылмалы құрылыс сатыларын қолданған кезде «1:4» ережесін сақтаңыздар. Мысалы: егер саты ұзындығы 3,5метр болса, жердегі саты аяқтары жардан 1метр қашықтықта орналасуы тиіс. Кейбір құрылыс сатылар жанында жазылған қысқаша қолдану мағлұматтарын табуға болады. Егер Сіз ашылмалы сатыларын пайдаланатын болсаныңыз, көтерілер алдында аяқтарын бекітіп алыңыз.

  • Қөтеріліп түсу кезеңінде сатыға бетімен қарап, екі қолыңызды қолданыңыз. Құрал саймандарды арнайын белдіктерде орналастырып немесе арнайы ыдысқа салып жоғарға көтеріп алыңыздар.

  • Үш нүкте ережесін ұмытпаңыздар: Сатыда екі қолыңыз бір аяғыңыз немесе екі аяқ бір қолыңыз қатынаста болуы тиіс. Денеңіз саты бойының дәл ортасында орналасуы керек - бұл сатының ауып кетуіне немесе құлау қатеріне жол бермейді. Тік және созылмалы саты басында үшінші баспадан жоғары, ал ашылмалы сатыларда екінші баспадан жоғары шығуға болмайды.

  • Бұл ережелерді есте сақтай отырып, құрылыс сатыларды қауіпсіз қолдануға жол жеткізесіздер. Есте сақтаңыздар, сіз өз өміріңізді өздеріңіз сақтай аласыздар.

Каждый из нас хоть раз в жизни пользовался приставными лестницами на работе или дома.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет