Күйіт - аналыктың аталық малға ерекше сексуалдық реакциясы. Күйіті келген уақытта аналық мал өндірушіге қарай жақындауға ұмтылады, жыныс актісіне кейіптенеді, әлсін-әлсін несеп шығарады, аталық малды өзіне секірткізіп шағылыска жібереді. Фолликулдардың жетілуі және Овуляция Фолликулдың жетілуі және овуляция - аналық жыныс безіндегі фолликулдың жарылуы, осыған орай фолликул сұйығының, оған ілескен бір немесе бірнеше жыныс жасушаларының ағып кетуі. Аналық жыныс безін кескенде екі аймақ көрінеді: қабықты фолликулярлык және милы. Бұлар ірі қан және лимфа тамырларымен, жүйкелер мен жылтыр бұлшық ет талшықтарымен қамтамасыз етілген. Овуляция механизмі әлі толығымен анықталған жоқ. Овуляцияның алдында аналық жыныс безінің (әсіресе, фолликулдар) қан тамырлары кеңейеді, кан ағымы күшейеді, фолликулярлық сұйықтық саны көбейеді. Піскен фолликулдың қабырғасы жұқарады және оның беткейінде фолликулярлық жазушалардан және тамырлардан айырылған конус тәрізді төмпешік пайда болады. Осы жерде ішкі фолликулярлық қысымның көбеюінен фолликулдардың қабығын жұмсартатын коллагенез ферментінің әсерінен қабық жарылады, сопақша тесік пайда болады, сол арқылы аналық жасушамен фолликулярлық сұйық ақырындап ағып кетеді. Овуляциядан кейін жарылған фолликулдың орнына ірі малдарда тік ішек арқылы аналық жыныс безін пальпациялағанда шеттері борпылдақ ойық жеңіл анықталады. Аналық жыныс безі кішірейеді және жұмсарады. Фолликулдың босанған фолликулярлық қуысы ең алдымен қанмен, сосын тез өсетін фолликулярлық эпителийдің (дәндесін қабық) жасушаларымен толады. Соңғылары көп бұрышты түрге не бола отырып, лютеинді жазушыларға сары пигмент-лютеинді бөлетін түріне (бөлуші) алмасады, кейбір ғалымдар лютеиндік жазушалар овуляцияға ұшыраған фолликулдың тек ішкі дәнекер ұлпаларының қабығы мен жасушаларынан пайда болады деп санайды. Овуляциядан кейін жарылған фолликулдың орнына ірі малдарда тік ішек арқылы аналық жыныс безін пальпациялағанда шеттері борпылдақ ойық жеңіл анықталады. Аналық жыныс безі кішірейеді және жұмсарады. Фолликулдың босанған фолликулярлық қуысы ең алдымен қанмен, сосын тез өсетін фолликулярлық эпителийдің (дәндесін қабық) жасушаларымен толады. Соңғылары көп бұрышты түрге не бола отырып, лютеинді жазушыларға сары пигмент-лютеинді бөлетін түріне (бөлуші) алмасады, кейбір ғалымдар лютеиндік жазушалар овуляцияға ұшыраған фолликулдың тек ішкі дәнекер ұлпаларының қабығы мен жасушаларынан пайда болады деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |