Тақырыбы : Жыныс циклі


гормондардың саны көбейеді. Эстрогендердің әсерінен жыныс мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді, жасушалардың пролиферациясы, әсіресе, қынап және жатыр кілегей қабықтарында басталады, олардың секреторлық жұмысы күшейеді



бет2/5
Дата15.05.2024
өлшемі0.93 Mb.
#501183
1   2   3   4   5
sro(20211134-15739)

гормондардың саны көбейеді. Эстрогендердің әсерінен жыныс мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуі күшейеді, жасушалардың пролиферациясы, әсіресе, қынап және жатыр кілегей қабықтарында басталады, олардың секреторлық жұмысы күшейеді.

Қанда эстрогендердің концентрациясының көбеюі мен аналық түтікшелер және жатыр мускулатурасының жиырылуы мен тонусы жоғарылайды. Бір уақытта эстрогендердің әрекеті жүйке жүйесін де

күшейтеді, бұл жыныстық қозу, содан кейін жыныстық күйітті келтіреді.

Күйлеу феномені

Күйлеу (oestrus) жыныс мүшелерінен шырыш бөліну үрдісі, ол аналық малдың жыныс аппаратындағы морфологиялық өзгерістер салдарынан болады. Бұны сыртқы жыныс мүшесінен, қынаптан, жатырмойнынан бөлінген шырышты клиникалық, зертханалық тәсілдермен зерттеу арқылы анықтайды. Күйлеу айқын байқалатын пролиферативтік үрдістермен сипатталады.

Қынап және кынап кіреберісінің кілегей қабығы 3-4 кабат эпителийдің орнына 18-20 қабатпен жабылады, бір уақытта эпителиалдық клеткалар ыдырайды. Сондықтан қынаптың жағындысын микроскоп арқылы қарағанда көп қабат эпителий жасушасымен лейкоциттер анықталады.

Күйлеу уақытында жыныс мүшелерінде күшті кан кернеуі байқалады. Кілегей кабат ісінеді және қынап кіреберісінің жатыр мойнының бездері күшейіп жұмыс істейді. Кейбір жануарларда (итте, сиырда сирегірек) кан кернеуі кіші тамырлардың үзілуімен және кансыраумен өтеді, сол себептен шырыш канды түрге ие болады.

Күйлеу уақытында жатыр мойны ашылады, одан қынапқа кілегей бөлініп, сыртқы жыныс мүшелерінен ағады. Күйлеу уақытында жыныс жүйесінің мүшелері үлкейеді, олардың козгыштығы жоғары болады.

Жыныстық қозу феномені.

Жыныстық қозу (жалпы реакция) фолликулдың пісуі фазасына байланысты аналық малдың мінез құлқы өзгереді. Аналық мал тынышсызданады, азыктан бас тартады және сүт өнімділігі азаяды.

Бұл уақытта аналыктар бір-біріне секіреді, басқа аналықтарды өздеріне секіртеді,бірақ өздеріне аталық малды секірткізбейді, Қанда осыған дейін болған эстрогенің концентрациясы көбеюінен күйлеу және жыныстық қозу күшейеді, осы гормондардың жүйке жүйесіне әсерінен жыныстық күйітті шақырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет