«Жол белгілері»
1-оқушы
Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең
Тартар жолың бұлыңғыр.
2-оқушы
Өзі қызыл үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші жаяу да,
Жолы болып сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
3-оқушы
Мен бәріне әрқашан тиым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермейтін бір адым,
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың?
4-оқушы
Белгімін көрсетер жылдамдықты, бағытын
Ой, шұңқыр, бұрылы, қатерді қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
5-оқушы
Баратын сапардың қашығын, тұрағын.
Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
6-оқушы
Ең қатаң белгі мен боламын,
Жол тайғағын хабарлар,
Тайғақ жолда абай бол
Рульді текке бұрамай.
«Жүргізуші»
1-оқушы:
Жол ережесін білу өміімізді қауіп-қатерден сақтайды.
2-оқушы:
Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.
3-оқушы:
Есігінен артқы көлікке сен мінгін,
Дәл осы сәттен құлағыңды тіккін.
4-оқушы:
Кезекте сен әлгі
Артқы есіктен кіргін,
Енді есіктен алғы түсеріңді білгің.
«Қиылыстар»
1-оқушы:
Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма,
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
2-оқушы:
Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла,
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тұр тосып.
3-оқушы
Ирек-ирек көшелер
Көше деген мың ирек
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің біртіндеп
«Бағдаршам» ойынын ойнау
Алдын ала дайындалып қойған бағдаршам көздерін көресетеміз сол арқылы оқушылардың жинақылығын тексеру
Жасыл түс – жүргендей аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
Сары түс – барлығы қол шапалақтайды.
Қызыл түс жанғанда – барлығы қозғалмай тұрып қалады.
Мұғалім Балалар бізге қонақ келе жатыр
Жол сақшысы: Сәлеметсіңдерме балалар!
Мұғалім: Балалар бұл кім?
Балалар: Жол сақшысы
Жол сақшысы: Мен көшеге сақшымын
Болсын жұртқа жақсы күн
Жолы болар әрқашан
Тәрбиесі жақсының
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам ал сендер жауабын айтыңдар
Бір дәу тұр үш көзді
Оған жас-кәріміз
Бағынамыз бәріміз (Бағдаршам)
Жол сақшысы: жарайсыңдар балалар. Балалар сендер жол ережесін білесіңдерме
Балалар: Иа
Жол сақшысы: Бағдаршамның қай көзі жанса тоқтаймыз?
Балалар: бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз
Жол сақшысы: ал балалар қай көзі жанғанда дайындаламыз?
Балалар: сары көзі жанғанда дайындаламыз
Жол сақшысы: ал қай көзі жанғанда жүреміз?
Балалар: жасыл көзі жанғанда жүреміз
Жол сақшысы: Жақсы жол белілерін жақсы біледі екенсіңдер. Бірақ қазыр жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Жол сақшысы: Ал қыста жол жүру ережесі туралы не білесіңдер?
1-оқушы
Көліктер көп жерлерде ойнамаймыз шананы
Жол тайғақта өтуге қарт пенен жас баланы
Көмектесіп мен оған
Жолдан өткізіп аламын.
2-оқушы
Абайлап мұзды жолдардан,
Жүгірмей баппен өтеміз,
Шанамен жолда ойнамай
Жол шетіне көшеміз.
3-оқушы
Тайғанақ дала, жолдар да
Өтеді көлік сырғанап,
Бірақта мен көлікпен
Жүгіріп, жарыспаймын да.
4-оқушы
Жол тәртібін есте сақтап,
Аман-есен жүрсек егер,
Үлкендердің бәрі мақтап
Ақылды бала деп білер.
Жол сақшысы : жарайсыңдар балалар сендер жол ересін жақсы біледі екенсіңдер
Қорытындылау
Қыс мезгіліндегі жол тәртібін жадымызда сақтап жол ережесін жадымызда сақтап, аман-есен жүрейік. Осымен «Абайла мұзды жолдардан» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |