Әдебиет:
Нүрпейісов К.Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек, 1995. – 256б.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Астана: Елорда, 1999.
Алаш қозғалысы: құжаттар мен материалдар жиынтығы. Алматы: Алаш, 2005.
«Алаш» қозғалысы. - Алматы, 2008.
Ұқсас жұмыстар
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
|
Алаш қозғалысының зерттелуі
|
Алаш қозғалысының тарихнамасы
|
А. Кенжин
|
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
|
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
|
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
|
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
|
Алаш орда және кеңес үкіметі
|
Мұхамеджан Тынышбаев
| Алаш қозғалысының зерттелуі
Жоспар:
1. Қозғалыстың атауы,басталуы және жалғасуы
2.Алаш қайраткерлерінің өмірбаяны мен еңбектері
3.Алаш қозғалысының зерттелуі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдибиеттер
Қозғалыстың атауы. Алаш деген атау ресми түрде ең алғашқы рет 1917 жылы Бірінші жалпықазақ съезінде саяси партияға байланысты қолданылғаны белгілі. Онда: Партия ұраны десек, бабамыздың Алаш ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сөйтіп қазақ саяси партиясының атын Алаш қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп тұр- деп айтылған-ды. Дегенмен, Алаш ұғымы қозғалысқа байланысты аталған жылдан әлдеқайда бұрынырақ айтылған. Мәселен, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және тағы да басқа қайраткерлердің еңбектерінде Алаш атауы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында белсенді түрде қолданылғаны да белгілі.
Қозғалыстың бастауы туралы айтқанда, ең алдымен, Алаш қайраткерлерінің өз еңбектеріне үңілгеніміз жөн. Өйткені, олардың еңбектерінен қозғалыстың қайнар көздері жөнінде бізге тірек боларлық деректер табамыз. Айталық, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1905 жыл туралы: Бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді десе, Міржақып Дулатұлы: Жұртқа бірдей жақсылық таңы атқан 1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, солардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады деп жазды. Осыларға ұқсас ойларды М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедұлы пікірлерінен де кездестіреміз. Бұлардан шығатын қорытынды: Алаш қайраткерлерінің өздері ұлт-азаттық қозғалыстың 1905 жылдан басталғанын меңзейді. Алаш қозғалысының басталған уақыты жөнінде қазіргі алаштану ғылымында бірнеше пікір орын алып жүр. Көрнекті алаштанушы ғалым М. Қойгелдиев өз зерттеулерінде Алаш қозғалысы тарихын 1905 жылдан бастайды . Түркиялық ғалым қандасымыз Ә.Қара Алаш қозғалысын 1913 жылы Қазақ газетінің шығуымен байланыстырады. Сондай-ақ, қоғамда Алаш қозғалысын Алаш партиясымен, Алашорда үкіметімен бір құбылыс ретінде қабылдап, жалпы қозғалыстың тарихын 1917 жылмен байланыстыратын көзқарастар да байқалып қалады. Енді осыларға тоқталайық. Профессор Ә.Қара Алаш қозғалысының соңғы түйіні - Мұстафа Шоқай мақаласында қозғалыстың бастауы жөнінде: Алаш қозғалысы қай жылдарды қамтиды? Егер бұл сұраққа Мұстафа Шоқайды қоспай жауап қайтарар болсақ, ол 1913-1918 жылдарды қамтиды.Оның Қазақ газетімен тығыз байланысты екенін айтсақ қате болмас. Өйткені Алаш көсемдері сол журнал маңайында 1913 жылы жиналып, халықтың басын қосты. Кейін бұл басқосу Алаш Партиясы мен Алаш Орда үкіметін дүниеге келтірді. Ал большевиктердің қысымымен 1918 жылы партия, үкімет және газет тарқап кетеді. Демек Алаш қозғалысы Шоқайды қоспай айтсақ бес жылдық бір мерзімді ғана қамтиды деп жазады. Алаш қозғалысының тарихына жіті үңілсек, онда шетелдік ғалыммен келісу қиын. 1913 жыл Алаш қозғалысының үні болған, қозғалысқа қарқын қосқан, қозғалыстың жалпыұлттық сипатқа ие болуына аса айрықша үлес қосқан Қазақ сынды тарихи басылымның шыға бастаған жылы. Оны қозғалыстың басталу мерзімімен тікелей байланыстыруға болмайды. Сондай-ақ, оның қозғалыс тарихын 1918 жыл деп осы жылы партия, үкімет және газет тарқап кетеді дегеніне де қосылмаймыз. Аталған жылы Қазақ газеті шығуын тоқтатқанымен Алашорда үкіметі тарқаған жоқ. Ал Алаш партиясына келсек, 1917 жылы Бірінші жалпықазақ сиезінде Құрылтайға депутаттар ұсынған бұл партия осы жылдың күзінде бағдарламасының жобасын дайындағанымен, Екінші жалпықазақ сиезінен кейін Алаш қозғалысы тарихында партия емес, Алашорда үкіметі алдыңғы қатарға шықты. Семейдегі Алашорданың кіндік үкіметі 1919 жылы жұмысын тоқтатқанымен, Алашорданың Батыс бөлімшесі 1920 жылдың басына дейін өмір сүрді. Бұл - бір. Екіншіден, Алаш қозғалысын бір ғана Мұстафа Шоқайдың қайраткерлігімен байланыстыруға келмейді. Алаш қозғалысының бастауында саясатқа М.Шоқайдан бұрын араласқан Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, Б.Құлманов, М.Дулатов т.б. тұрғандығын ұмытпағанымыз жөн. Олар, біздің ойымызша, ұлт-азаттық қозғалыстың алғашқы аға буын өкілдері де, Мұстафа Шоқай осылардан кейінгі буынның көрнекті өкілі. Оның эмиграциядағы 20 жылға жуық күреске толы өмірі ұлтымыздың азаттық идеялары тарихындағы аса бір жарқын беттер. Дегенмен, ол жылдарды Алаш қозғалысы ауқымындағы уақыт деп бағалауға бола қоймас. Сонымен бірге, тұтас Түркістан идеясын насихаттаған М.Шоқай мен қазақтың ұлттық мемлекетін құру үшін күрескен Алаш қайраткерлері арасында өздеріне тән идеялық ерекшеліктер бар екендігін де ұмытпайық.
Ал Алаш қозғалысы қай кезге дейін жалғасты десек, онда, әлбетте, 1920 жылдың наурызын атаймыз. Бұдан соң кеңестік Ресей құрамындағы кеңестік социалистік автономия құрылды. Алаш қайраткерлерінің басым көпшілігі кеңес жағына шықты, кеңестік қызметке араласты. 1920 жылдары Алаш зиялыларының шығармашылығы ұлттық мазмұнда болғанымен, олар негізінен, бұрынғыдай күрескерлік бағытында емес, таза көркем және ғылыми шығармашылық мазмұнында болды. Сондықтан біз Алаш қозғалысын 1905 жылғы қазақ даласындағы құзырхат, сиез, басқосулар сияқты отаршыл саясатқа қарсылықтағы саяси шаралардан бастаймыз.
Алаш қозғалысы - ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан Айқап журналы, 1913 жылдан Қазақ, артынша Бірлік туы, Сарыарқа, Ақжол газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылы пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.
Әлихан Бөкейханов (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) -- XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Алаш қозғалысын жетекшілерінің бірі. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Ол Қазақ газетінде өзінің кадеттер партиясынан шығатынын және қазақтың жалпыұлттық партисын құрғысы келетінін ашықтан ашық мәлімдеді. Осы міселеде ол 3 жайтты нақты ашып көрсетті.: Кадеттер партиясы жерді жеке меншікке беру керек деп отыр. Біздің жағдайымызда жерді жеке меншікке беру , бұл башқұртстанда болған сияқты , жеріміз көрші мұжықтың қолына өтеді де , қазақтар жерсіз қалады. Кадеттер партиясы ұлттық автономияға қарсы шығып тұр. Біз Алаш туын жоғары көтеріп , ұлттық автономия құруға ұмтыламыз. Кадеттер партиясы шіркеуді мемлекеттен бөлуге қарсы , ал мен қолдаймын. Сол себепті мен кадет партиясынан шығып , Алаш партиясын ұйымдастыру қажет деген шешемге келдім. Ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Міржақып Дулатов(1885 -- 1935) -- қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Алаш қозғалысының негізін қалаушысы.Туған жері -- Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі -- Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі -- Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына ... жалғасы
Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |