Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
|
Алаш жайлы
|
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
|
Алаш қозғалысының тарихнамасы
|
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
|
Әлихан Бөкейханов және Алаш партиясы
|
Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары
|
Алаштың жолы
|
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
|
А. Кенжин
|
АЛАШОРДА КЕҢЕСТЕР ҮКІМЕТІН МОЙЫНДАМАҒАН
«Алаш Орданың» заңнамалық қаулылары:
1)Кеңес үкіметінің заңдарына қатынасы, 11-24 маусым, 1918ж.
Қаулы етеді: Кеңес үкіметінің Алаш автономиясы аумағында шығарған барлық декреттері заңсыз деп танылсын. Алаш-Орда төрағасы Ә. Бөкейханов, мүшелері: М. Тынышпаев, Х. Ғаббасов...
ХХ ғасыр басында Семей қаласының Жаңа Семей деген бөлігі Алаш автономиясының орталығы болып, «Алаш» деп аталғаны белгілі. Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығының археографы Л. Қадырованың зерттеулері бойынша Семей облысының мұрағаттарында Алашорда үкіметінің, облыстық және уездік Алашорда комитетінің және Алаш қайраткерлерінің қызметтеріне қатысы көптеген құжаттар сақталғанын анықтадық. Аталмыш мақала сол еңбектерге сүйеніп жазылды. Мәселен, дереккөздердің арасында Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей облыстық басқарушысы ( 48 қор), Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей уездік басқарушысы (50 қор), Семей губерниялық соты (266 қор), Семей губерниялық жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттары кеңесінің атқару комитеті (73 қор), Семей губерниялық төңкерістік комитеті (72 қор), Алаш жұмысшы, шаруа және қырғыз депутаттары кеңесі (134 қор), Алаш қалалық қоғамдық басқармасы (133 қор), Семей уездік земство басқармасы (37 қор) құжаттары бар. Аталған қорларда Алаш көсемдері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, Р. Мәрсеков, Б.Сәрсенов, А.Қозбағаров, М.Боштаевтың қолтаңбалары қойылған бағалы іс-қағаздары сақталған. Мысалы, әрі маңызды, әрі қызықты құжаттардың бірі Алаш әскери ұйымы (милиция) жасақтарын құру және жабдықтау мәселесіне қатысты деректер.
1917 ж. желтоқсанның 5-13 күндері Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінің шешіміне сәйкес құрылған Алаш автономиясының қарулы жасақтары. Съездің күн тәртібіндегі 10 мәселенің төртіншісі «милиция туралы» болды. Осы мәселе бойынша Алаш қозғалысының белгілі өкілі Халел Ғаббасов баяндама жасады. Съезд Алаш автономиясы аталған ұлттық мемлекеті аяғынан тік тұрғызу үшін және тек кеңестік негіздегі автономияларды ғана қорғап-қолдауға бейім тұрған «бостандықтың жауы — болшевизммен күресу үшін» «халықтық милиция» атанған ұлттық әскер құру бағдарламасын бекітті. Осыған сәйкес Алаш автономиясына кіретін облыстар мен уездерде құрылуға тиісті милиция бөлімдерінің саны анықталып, оларды соғыс өнеріне үйрету, қажетті қару-жарақпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдары айқындалды. Негізінен атты әскер түрінде жасақталатын халықтық милиция қатарына әскери қызметті атқаруға жарамды 20 мен 35 жастың арасындағы ер азаматтар алынатын болды. Бөкей, Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарындағы милиция қызметкерлерінің жалпы саны 13500 болсын делініп, әр облыс бойынша әскер қатарына шақырылғандар саны мына мөлшерде белгіленді
Семей қаласының «Заречная слободка» деп аталып жүрген бір бөлігі 1917 жылдың желтоқсан айынан бастап Алаш аталысымен қаласы маңында І-ші Алаш атты әскер полкі құрыла бастайды. Ең алғаш топқа қазақ жастары тартылады, оның ішінде қалада оқып жүрген семинария студенттері, отбасын құрмаған, яғни үйленбеген, түрлі орындарда жұмыс істеп жүрген жастар болды. 1918 ж. тамыздың 12-нде Алашорданың әскери бөлімінің бастығы капитан (кейбір деректерде подполковник) Хамит Тоқтамышев Уақытша Сібір үкіметінің соғыс министрінің атына жазған хатында Семейде құрамында 750 жауынгер мен 38 офицері бар Алаш полкінің құрылғанын баяндай келіп, Зайсанда халықтық милицияның 200 адамнан, Павлодарда 150, Қарқаралыда 250 және Өскеменде 250 адамнан тұратын әскери құрамалар жасақталғанын хабарлап, Қазақстанның әртүрлі аудандарында қызылдарға қарсы соғысқа тікелей кіріскендігі туралы жазады.
Ә.Бөкейхановтың 1919 жылғы ақпанның 11-нде Колчак үкіметінің ресми делегациясымен жүргізген келіссөздерінде келтірілген мәліметтеріне қарағанда сол кезде азамат соғысы майдандарында Қызыл Армияға қарсы күреске қатысқан Алаш қарулы күштерінің саны 3000-нан асқан. Осы келіссөздің барысында Алашорда делегациясының басшысы Бөкейханов Сібір үкіметі өкілінің “Милицияны қалай түсінуге болады?” — деген сұрағына “Милиция — біздің әскеріміз. Ол қазір іс жүзінде бар: 700 жігітіміз Жетісу майданында, 540 адам Троицк түбінде, 2000 адам Орал облысында соғыс әрекеттеріне қатынасуда”, — деп жауап берді. Бұл мәліметтерге Алашорданың батыс бөлімшесі ұйымдастырған әскери құрамаларды қоссақ, “халықтық милиция” атты Алаш автономиясы әскерінің қатарында бес мыңға жуық адам болған
Сақталған құжатта І-ші Алаш атты әскер полкі қатарына 18 болыстан шақырылған 430-дан астам жауынгер жастардың аты-жөні жазылған тізім бар. Тізім ішінде М.О.Әуезов, Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, А.Қозбағаров, М.Тұрғанбаев, Ы.Мұстамбаев, ұлы Абайдың баласы Ибрагимов Тұрағұл да кездеседі. Ал 74-ші қор 26-шы істе Семей округі Шыңғыстау ауданының қуғын-сүргінге ұшыраған, тінтуге алынған 230 азаматының тізімін көрсетілген. Қазан төңкерісінен кейін билікке қолы жеткен қызыл коммунистер кейін бұл азаматтардың барлығын қуғындайды. Семейдегі алаштанушы азаматтарымыздың бірі Е.Сайлаубай мұрағаттарда сақталған құнды құжаттарды бірнеше мағыналы топқа бөліп көрсетеді: 1) Алаш әскери ұйымын құру және жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің және жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси-экономикалық қарым-қатынас (облыстық комиссариат, облыстық басқарушы, облыстық земство, уездік земство, қалалық дума, т.т.); 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар. Жалпы айтқанда, Алашорда үкіметінің ең елеулі, басты бағытты мақсат-міндеттерінің бірі – ұлттық әскери жасағын (милиция ) құруды іске асырып орындау болды. Осы міндеттің шешілу жолын айқындап, зерттеуге мұрағаттағы құжаттар негіз болады.
Мұрағатта Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының мөрлері, штамптері басылған құжаттар көптеп саналады. Құжаттарға сүйенсек, Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданылуы 1918 жылдың маусым айынан бастап, 1919 жылдың қазан айына дейінгі уақытты қамтиды. Енді осы құжаттардың екі-үшеуінен мысал келтірейік: «Алаш Орданың» заңнамалық қаулылары:
1)Кеңес үкіметінің заңдарына қатынасы, 11-24 маусым, 1918ж.
Қаулы етеді: Кеңес үкіметінің Алаш автономиясы аумағында шығарған барлық декреттері заңсыз деп танылсын. Алаш-Орда төрағасы Ә. Бөкейханов, мүшелері: М. Тынышпаев, Х. Ғаббасов;
2) Алаш-Орда жанынан әскери кеңес құру жөнінде, 11-24 маусым, 1918ж.
Қаулы етеді: Алаш-Орда жанынан үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылсын. Оған әскер министрі міндеті жүктелсін, Алаш-Орданың облыстық және уездік бөлімшелері жанынан облыстық және уездік әскери кеңестер ашу құқы берілсін. Әскери кеңеске большевиктерге қарсы күресу үшін жігіттер жинау міндеті жүктелсін. Алаш-Орда төрағасы Ә. Бөкейханов, мүшелері: М. Тынышпаев, Х. Ғаббасов;
3) Қырғыз (қазақ) соты туралы, 9-22 қазан, 1918ж.
Қаулы етеді: Қырғыз соты ұйымдастырылмаған облыстарда 1919 жылдың 1 қаңтарынан қалдырмай, ал ұйымдастырылған облыстарды дереу бекітілсін және іске қосылсын. Алаш-Орда төрағасы Ә. Бөкейханов, мүшелері: М. Тынышпаев, Х. Ғаббасов.
Аталған құжаттар Алаш Орданың орыс патшасының да, кеңестер өкіметінің де билігін мойындамағанын, тәуелсіз автономиялық құрылым ретінде өз алды жеке қаулы-бұйрықтар қабылдағанын айғақтайды. Яғни, Алаш автономиясы бүгінде егемендігімізге 21жыл толып отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің алғашқы іргетасын қалады деп толық айта аламыз.
Дәулетқали Асауов
Достарыңызбен бөлісу: |