Либерия
1. Соғыстан кейінгі даму.
2. Режим ауысуы.
3. Азаматтық соғыс.
Либерия (ағылш. Liberia [labəɹɪə]), ресми – Либерия
Республикасы (ағылш. Republic of Liberia) – Батыс Африкадағы
шағын мемлекет. Батысында Сьерра-Леонемен (306 км), солтүстігінде
– Гвинеямен (563 км), шығысында - Кот-д’Ивуармен (716 км)
шектеседі. Либерия 15 графтыққа бӛлінеді (округтер, ағылш.
counties), ал ол ӛз кезегінде 53 ауданға бӛлінеді.
Басқару формасы – республика.
Астанасы – Монровия.
294
Соғыстан кейінгі тарихына Либерия шешілмеген мәселелер
жүгімен енді. Азамат соғысының ӛршіп кету қаупі болған ӛткір ішкі
саяси жағдай сақталды. Шетелдік капиталдың, ең алдымен
американдық, орналасуы ӛз экономикасының даму шекарасын
шектеді. Бұрынғысынша биліктің барлық саяси және экономикалық
тетіктері бірнеше ондаған мың адам, американ-либериялықтар
қолында қала берді. 1946 жылға дейін елде жергілікті халық
дискриминациясы жүзеге асырылды. Сайлау құқығынан айырылған
олар саяси қызмет саласынан шеттетілді. 1932 жылы қабылданған заң
бойынша елде жергілікті халық тарапынан кез-келген оппозиция
жойылды. Олардың кез-келген қарсылық формасын ұйымдастырғаны
үшін айыптылар 7 жыл мерзімге түрмеге қамалды. Американ-
либериялықтар ӛздеріне жергілікті тұрғындар жерін пайдалану
құқығын сақтады. Олар оны күшпен ӛз пайдаларына басып алды,
немесе ешқандай ӛтем ақысыз шетелдік компанияларға берді.
Соғыстың аяқталу кезеңінде қоғамда жергілікті халық тобының
американ-либериялықтармен одағы («ӛркениетті») қалыптасты.
Миссионерлік мектепті бітірген, ағылшын тілін оқыған тайпалық топ
ӛкілдері қауымдық жабық каста сипатын алды. Либериялық қоғамда
адамдарға, жергілікті халық атап кӛрсеткендей «қара терілі және ақ
маскалы», үстемділік орнатылды. Қалыптасқан жағдайда қоғамдағы
әлеуметтік жарылыс неғұрлым айқындала түсті. 1945 жылы елде
толқу байқалды. Тек американдық әскерлердің орналасуы ғана
олардың кеңеюін тежеді. Президент қызметіне кіріскен Уильям
Табмен алдында таңдау тұрды: қоғамды саяси реформалау, немесе
жеке билігін нығайту. Ол осы екі нұсқаны біріктіруге шешті.
1945 жылы автохтонды халықтар ӛкілдеріне, ер адамдарға
сайлау құқығы берілді, бірақ шектеулі мүліктік цензбен, мемлекеттік
қызметке араласуға рұқсат етілді. Әйел адамдарға сайлау құқығы тек
1951 жылы ғана берілді, ал мүліктік цензы тек 1977 жылы ғана
жойылды. 1946 жылы жаңа ережелер бойынша ӛкілдер палатасына
алғашқы сайлау ӛтті, онда ішкі аудандардың үш тұрғыны елдің
жоғары мемлекеттік органы – парламентке сайланды. 50 ж.ж.
олардың саны артты – 13 депутат. 1954 жылдан бастап тұрақты
негізде кӛсемдердің Ұлттық атқарушы кеңесі қызмет ете бастады.
1959 жылы конституцияға ӛзгерістер енгізілді, ол 21 жасқа толған
және мүлкі бар елдің барлық азаматтарына сайлау құқығын беруге
қатысты болды. Ӛкілдер палатасы депутаттығына кандидаттары үшін
мүліктік ценз сақталды.
У.Табмен үкіметі билікте 1944 жылдан бастап 1971 жылға дейін
болды, ал У.Толберт 1971 жылдан 1980 жылға дейін. Алайда,
295
олардың бірде біреуі ұлтты шоғырландыру, экономиканы ӛрлету, ел
тәуелсіздігін қорғау мәселелерін шешкен жоқ. Қабылданған «ұлы
және прогрессивті либериялық ұлт» құру бағдарламасы сәтсіздікке
ұшырады. Экономикада бұрынғысынша АҚШ үстемдігі сақталды,
оның үлесіне 1980 ж.ж. каучук экспортының 85%, алмаздың 27%,
темір рудасының 10%, кофенің 50%-дан астамы тиесілі болды.
Оппозицияны саяси ӛмірден оқшаулау саясаты жалғасты.
Кӛсемі жергілікті кру халқының ӛкілі Дидху Тве болған
оппозициялық реформалар партиясына тиым салынды. Ұйымдасқан
оппозиция екі онжылдыққа жуық уақыт бойы ӛздігінен ұйымдасу
мүмкіндігіне ие болған жоқ. Үкімет басқаша ойлайтындармен күресті
жалғастырды.
Адам құқығының бұзылуы, демократиялық бас кӛтерулерді басып
тастау елдің жұмысшы халқын, негізінен каучук плантацияларының
жұмысшыларын қанаудың күшеюімен қатар жүрді. 1961 жылы
қыркүйекте ел тарихындағы тұңғыш жалпы халықтық ереуіл ӛтті. 1979
жылы негізгі азық-түлік тағамдарына бағаның күрт ӛсуіне байланысты
халық кӛшелерге шықты. Демонстрацияны қуу барысында 200 адам
ӛлді және 700-ге жуығы жарақаттанды. Қозғалыстың қарқын алуынан
қорыққан Толберт үкіметі оған қатысушыларға амнистия жариялады.
Оппозициялық партиялар қызметіне де рұқсат етілді. 1980 жылы наурыз
айының басында ірі қалалар және астана халқы тағы да қарсылық
акциясын ӛткізді.
1980 жылы 12 сәуірде елде әскери тӛңкеріс болды. Оны
либериялық армияның сержанттар тобы басқарды. Ол президенттік
сарайды басып алды, У.Толберт үкіметінің барлық мүшелерін
тұтқындады. 14 министрлер және оның ӛзі жазаланды. Заң шығару
жиналысы таратылды, конституция қызметі тоқтатылды, таза вигилер
Партиясының қызметіне тиым салынды. Тӛңкеріс кезеңінде халықты
құтқару Кеңесі (ХҚК) құрылды. Оған 28 адам енді. Мемлекет және
үкімет басшысы аға сержант Самуэль Каньон Доу болды.
Бірақ бұрынғы сыбайлас режим орнына «азат етушілерді» жаңа
элитаға айналдырған авторитарлық режим келді. ХҚК бейнесіндегі
С.Доуға және үкіметке жақпағандарды қудалау басталды. Үкіметтегі
барлық азаматтарға оларды тәртіпке бағынуға мәжбүрлеу мақсатымен
майор атағы берілді, ал С.Доудың ӛзі ӛзіне генерал атағын иеленді.
Ол КСРО-мен қатынасын бұзып, оның елшісін елден қуды, және
бірмегізлде Израильмен дипломатиялық қатынастарын орнатты,
бірқатар батыс елдерімен байланыстарын кеңейтті.
1983-1984 ж.ж. шіркеу ӛкілдерінің, кәсіпкерлердің және
студенттердің қарсылықтары ӛтті. Қоғамдық күштер қысымымен
296
ХҚК 1984 жылы шілдеде жаңа конституция жобасы бойынша
референдум ӛткізді, оппозициялық партиялар қызметіне рұқсат берді.
Бірмезгілде мемлекет басшысын және үкімет мүшелерін сынау
қылмыстық іс ретінде бағаланған декретке қол қойылды. Рұқсат
берудің ізімен елде 15 саяси партия пайда болды. Алайда, 1985 жылы
қазан айында ӛткен президент және парламент сайлауына тек тӛрт
оппозициялық партия ғана қатыса алды. Сайлау комиссиясы
мемлекет басшысымен тағайындалғандықтан және кран, друз
тайпаларының адамдарынан және министрлер туысқандарынан
тұрғандықтан сайлау нәтижелері алдын ала шешілді. Бұл «органға»
1986 жылғы сайлауда С.Доу республика президенті ретінде жеңісін
нақтылады.
Армиялық құрылымдар және әскери бағыттағы басқа да
құрылымдар қолдауына арқа сүйеген С.Доу оппозицияны трибунал
және концлагерлер әдісімен жазалады. Ереуілдерге, студент
жастардың саяси қызметіне қылмыстық тиым салынды. 10 жылдық
басқару кезінде С.Доуға 40 рет ӛміріне қастандық жасау әрекеті орын
алды. Елдегі ішкі саяси дағдарыс созылмалы сипат алды. 1989 жылы
желтоқсанда Кот-д Ивуар территориясынан бір кездері С.Доумен
келіспегендіктері үшін елді тастап кеткен Чарльз Тейлор
басшылығымен отряд Доу режимін құлату мақсатымен Либерияға
енді. Эмиграцияда ол оппозициялық Халықтық патриоттық майдан
қалыптастырды (ХПМ), ол оған туыстас мано және гио халқы
ӛкілдерінен тұрды. Күрес этникалық негізде ӛрбіді. ХПМ 1990 ж.ж.
қарай құрамына 10 мыңға жуық күрсекерлерді біріктірген
партизандық бірлестікке ауысты. Бұл кезде С.Доу бақылауындағы
қарулы күштер 6 мыңға жуық адамды құрады. Ч.Тейлор елдің 2/3
территориясын бақылап отырған кезде ХПМ қатарында ыдырау орын
алады. Басында бұрынғы армиялық капитан Принс Джонсон болған
Тәуелсіз ұлттық-патриоттық майдан (ТҰПМ) бӛлініп шығады, С.Доу
күштеріне және ӛзінің бұрынғы ХПМ жақтастарына қарсы күресті
бастайды. Ел барлығына қарсы күрес сатысына аяқ басады. Ел
халқының 400 мыңға жуығы босқындар жағдайында болды. Либерия
жағалауларында корабльдері орналасқан АҚШ ішкі соғыстарға
араласудан бас тартты. Бейбітшілік орнатушы ролін Батыс Африка
елдерінің Экономикалық қауымдастығы (ЭКОВАС) ӛзіне алып,
Либерияға 3,5 мың адам кӛлемінде африкааралық күштер құрамынан
әскери қызметкерлер контингентін жіберді. С.Доу режимі құлады,
оның ӛзі жазаланды. Алайда елдегі бейбітшілікке қол жеткізілмеді.
ХПМ және ТҰПМ келіссӛздер үстеліне отыруды қалаған
ЭКОВАС талаптарына бағынудан бас тартты. Тейлор және Джонсон
297
ӛздерін ел президенті деп жариялап, билік үшін күресте ӛзара
тартысқа түсті. 1990 жылы тамызда Гамбияда ЭКОВАС кӛмегімен
басында Амос Сойер болған Либерияның уақытша үкіметі
қалыптасты. Елдегі жоғары билікте бірден бірнеше үкімет болған
жағдай қалыптасты: А.Сойер, Ч.Тейлор және П.Джонсон. Басында
Дэвид Нимли болған құлатылған режим жақтастары да ӛздерін ұмыт
қалдырған жоқ. Біруақытта оларды келіссӛздер үстеліне отырғызу
мүмкін болды. Олар ӛте қиын жағдайда ӛтті және бірнеше рет
тоқтатылды.
1991 жылы сәуірде қарсыласушы тараптар күштері А.Сойер
басшылығындағы ӛтпелі үкіметтің құрылуымен келіскен жалпы
ұлттық конференция ӛтті. Алайда кӛп ұзамай Ч.Тейлор отрядтары
үкімет бақылауынан шықты және Либерияның айтарлықтай бӛлігіне
ӛз бақылауын орнатады. Кезекті саяси дағдарыс пайда болды. 1993
жылы 25 шілдеде қарсыласушы тараптар тағы да келісімге қол
жеткізеді және бейбіт келісімге қол қояды. Елдегі бейбітшілікті
орнату жолындағы делдалдар БҰҰ және африкалық бірлік Ұйымы
болды. Азамат соғысының үш жылы 150 мың ӛмірді қиды, ол тек ел
тарихында ғана емес, барлық құрлық тарихындағы ең қатыгез және
қантӛгісті болды. 1995 жылы ӛткен жалпыхалықтық парламент
сайлауында ел президенті болған Ч.Тейлор жеңіске жетеді.
2005 жылы 8 қарашада елде 14 жылдық азамат соғысынан кейін
алғашқы президент сайлауы басталды. Мемлекет басшысы қызметіне
бұрынғы футболист Джордж Веа (ағылш. George Weah) және Чарльз
Тейлор үкіметінің бұрынғы қаржы министрі Эллен Джонсон-Серлиф
(ағылш. Ellen Johnson-Sirleaf) үміткер болды.
23 қарашада, Чарльз Тейлор үкіметінің бұрынғы қаржы
министрі, Эллен Джонсон-Серлиф жеңіске жетті және Африка
тарихында мемлекет басшысы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел
адам болды. Сайлау комиссиясының жариялаған нәтижелеріне сәйкес
екінші турда ол 59,4% дауыс алды, Джордж Веа 40,6% дауысқа ие
болды.
Азамат соғысы нәтижесінде Либерия экономикасы және
инфрақұрылымы қатты зардап шекті. Қазіргі кезде ел дүние жүзінің
ең кедей мемлекеттерінің бірі. Тұрғындардың жан басына
шаққандағы ҰІӚ 2008 жылы – 500 доллар (дүние жүзінде 226-шы, бұл
кӛрсеткіш тек Бурундиде, Конго Демократиялық Республикасында
және Зимбабведе тӛмен). Тұрғындардың 80%-ға жуығы – кедейшілік
деңгейінен тӛмен. 2006 жылы Либериядан экспорт 1,2 млрд.
долларды, импорт - 7,1 млрд. долларды құрады.
298
Либерия тауарларын негізгі сатып алушылар – Үндістан 27%,
АҚШ 18%, Польша 14%. Импорттың негізгі тасымалдаушылары –
Оңтүстік Корея 27%, Сингапур 26%, Қытай 11%.
Достарыңызбен бөлісу: |