Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата31.01.2023
өлшемі2.21 Mb.
#468971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
ISBN 978-601-266-163-7
© Мырзабаева Б.М., 2013. 
© М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ, 2013. 



КІРІСПЕ 
 
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші 
бӛлімі екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан қазіргі кезге 
дейінгі кезеңді қамтиды. Фашизмнің және милитаризмнің 
талқандалуы афро-азиаттық дүниенің кӛпшілік елдерінде отарлық 
жүйенің күйреуіне алып келген ұлт-азаттық қозғалыстардың саяси 
деколонизация фазасына аяқ басуы үшін қолайлы жағдай 
қалыптастырды. Шығыс халықтарының әлемдік халықаралық, 
экономикалық және саяси қатынастарға араласуы күрт артты, 
Европаның батыс елдерінің, Жапонияның, АҚШ-ның, сондай-ақ 
КСРО және социализм елдерінің тәжірибесін есепке ала отырып, 
олардың альтернативті даму жолын таңдауға жағдай қалыптасты. 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі күш арақатынасының ӛзгеруі, 
Шығыстағы азаттық қозғалыстардың қарқыны, батыс әлеміндегі 
күрделі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси үрдістер ХХ 
ғ. 70 ж.ж. классикалық метрополия-елдерін ӛздерінің Азия және 
Африкадағы бұрынғы отарларына саяси тәуелсіздік беруге 
мәжбүрледі. Шығыс елдерінің бір бӛлігі (Қытай, КХДР, Моңғолия, 
Вьетнам) социалистік бағытты жүзеге асыруға, кейбіреулері (Бирма, 
Египет және т.б.) – артта қалушылықты жеңудің маңызды тұтқасы 
ретінде әлемдік социализм тәжірибесін алуға тырысты. Шығыстың 
қалған елдері ХІХ-ХХ ғ.ғ. тоғысында негізі қаланған капитализмнің 
отарлық синтезінің бағытында дамыды. Азия және Африка елдерінің 
ӛз әрекеттерін БҰҰ деңгейінде, қосылмаушылық қозғалыс 
шеңберінде, аймақтық экономикалық және саяси бірлестіктерді құру 
үрдісінде үйлестіру әрекеті күшейді. Бұрынғысынша ұлы державалар 
бұрынғы отарларды және тәуелді елдерді ғаламдық қарама-қарсылық 
үрдісіне тартуын жалғастырды, бұл Оңтүстік-Шығыс Азияда, Таяу 
Шығыста, Парсы шығанағында, Африканың оңтүстігінде аймақтық 
шиеленістерді бірқатар аспектілермен толықтырды. 70 ж. ортасы – 80 
ж.ж. Шығыс елдері дамуының маңызды аспектісі әлеуметтік-
экономикалық фактор болды, бұл дамушы елдер дифференциациясын 
күшейтті. Бұрынғысынша ұлы державалардың араласуымен күшейе 
түскен, азамат соғысына, мемлекетаралық шиеленістерге ауысқан 
дәстүрлі діни, этноконфессионалдық мәселелер ӛз маңызын сақтайды. 
Осының барлығы 70 ж.ж. соңы – 80 ж.ж. Шығыс елдерінің бірқатар 
кӛсемдерін ішкі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді 
реттеудің әлемдік тәжірибесіне арқа сүйеуге мәжбүрлейді. Азия және 
Африканың бұрынғы социалистік бағыттағы елдерінің кӛпшілік 
бӛлігі реформа жолына түседі. Шығыс әлемі белсенді түрде 



тартылған «қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы, КСРО-ның құлауы, 
дүниежүзілік социализмнің күйреуі Шығыс елдерінің дамуында жаңа 
кезеңді ашты. 
Оқу-әдістемелік құралы аймақтық-елдік принцип бойынша 
құрастырылған. Шығыс қоғамының модернизация мәселесіне, 
дәстүрлі және қазіргінің синтезіне, түрлі әлеуметтік-саяси 
қозғалыстарға, афроазиаттық әлемдегі тұлғалық факторға ерекше 
назар аударылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет