Сирия
1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономи-
калық, саяси даму ерекшеліктері. Буржуазиялық үкіметтер
қызметі (1946-1949 ж.ж.).
2. Әскери
тӛңкерістер
және
А.Шишекли
диктатурасы.
«Эйзенхауер доктринасы» (1949-1957 ж.ж.).
3. Біріккен Араб Республикасы құрамындағы және Біріккен Араб
Әмірлігі құрамынан шыққан кездегі Сирия (1958-1967 ж.ж.).
4. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығындағы әлеуметтік-эконо-
микалық және саяси дамуы.
Басқару
формасы
мен
территориялық
қҧрылымы.
Президенттік республика. 14 губернаторлықтан тұратын унитарлы
мемлекет. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы –
Халық Кеңесі.
Астанасы – Дамаск (2,2 млн.адам).
Сирия Араб Халифатының құрамына кірді, одан кейін араб,
египет, түрік династияларының, крест жорықшыларының билігінде
болды. 1516-1918 ж.ж. Осман империясының құрамында, кейіннен
Францияның мандаттық территориясы болды. Сирия толық
137
тәуелсіздігіне 1946 жылы 17 сәуірде қол жеткізеді. 1963 жылдан бері
елдегі билік Баас партиясының қолында.
Географиялық орналасуы. Оңтүстік-Батыс Азия. Түркиямен,
Иракпен, Иорданиямен, Израильмен, Ливанмен шектеседі. Жерорта
теңізіне шыға алады.
Жер кӛлемі: 185,2 мың км
2
.
Халқы: 18,4 (34,1) млн. адам. Арабтар (90,3 %), курдтар,
армяндар. Тығыздығы: 99 адам/км
2
.
Мемлекеттік тілі: араб, ағылшын тілі де қолданылады.
Ақша бірлігі: фунт. 1 евроға 13,8.
Сирия, Ливан сияқты, тәуелсіздігін формальды түрде екінші
дүниежүзілік соғыс барысында (1943 жылы) алды. Алайда онда
айтарлықтай кӛлемде одақтастар әскерлерінің болуы екі елді де іс
жүзінде Англия және Франциядан тәуелді етті. 1946 жылы ақпан
айында Сирия және Ливан үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің
талқылауына шетелдік әскерлерді эвакуациялау туралы мәселені
шығарады. Олардың талаптары КСРО, Польша, Египет және Мексика
делегацияларының белсенді қолдауына ие болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін және гитлерлік
Германияның күйреуінен кейін генерал де Голль мандаттық Сирияға
ӛз бақылауын қайтадан орнатуға мүмкіндік алады. Сириялық Ұлттық
блок ұйымдастырған ұлт-азаттық қозғалыстар жалғастырылады.
Қарулы күрес ықпалымен және дүние жүзілік қауымдастықтың
ықпалымен Франция 1946 жылы 17 сәуірде ӛз әскерлерін шығаруға
мәжбүр болады. Сол кезден бері «эвакуация күні» ұлттық мейрам
ретінде аталып келеді. Алайда жас тәуелсіз мемлекеттің
қалыптасуының алғашқы кезеңі 1970 жылы Хафез Асадтың
президенттік басқаруының орнатылуына дейін жалғасқан саяси және
экономикалық дамудың тұрақсыздығымен ерекшеленді. Бұл кезеңде
үкімет кӛп ауысып, бірінен соң бір әскери тӛңкерістер орын алады.
Тек 1946 жылдан 1970 жылға дейін елде 20-дан астам баскӛтерулер
мен әскери тӛңкерістер орын алады.
1940 ж.ж. екінші жартысында Сирияда билік басында бірін-бірі
алмастырған ұлттық буржуазия үкіметі тұрды, ол объективті түрде
буржуазиялық-демократиялық мемлекет құруға қызығушылық
танытты. 1947 жылдың басында, кезекті парламент сайлауына
дайындық кезінде билеуші партия Ұлттық блок таратылды. Сирия
және Дамаскнің ұлттық буржуазиясының мүдделерін білдірген,
египеттік, палестиналық және француздық капиталмен тығыз
байланысты Араб республикалық партиясы (кейіннен Ұлттық
138
партияға аты ӛзгертілген) құрылды. Оның басында Шукри аль-
Куатли, Джамиль Мардам және Сабри аль-Асали тұрды. Ұлттық
блоктың басында Хашим аль-Атаси тұрған екінші бір бӛлігі
сайлаудан кейін (1947 ж., қыркүйек) Сирияның солтүстігіндегі ұлттық
буржуазияның мүдделерін білдірген, Иракпен, Трансиор-даниямен
және ағылшын капиталымен қатынастарын нығайтуды жақтаған
Ұлттық партияға бірікті.
Сайлауалды кампаниясында жаңа саяси ұйым арабтық
социалистік ӛрлеу Партиясы да (АСӚП, оның тағы да «Баас» деген
атауы да бар, сол себепті партия мүшелерін анықтау үшін
«баасистер» термині кеңінен таралды) белсенді қатысты, оның
Бірінші Құрылтай съезді 1947 жылы сәуір айының басында болды. Ол
әлеуметтік
реформалардың
жүзеге
асырылуын,
шетелдік
компаниялардың, бірқатар басқа да әлеуметтік-экономикалық
құрылымдардың ұлттандырылуын жақтаған «ұлттық, халықтық,
социалистік, революциялық, саяси» партия деп жарияланды. Араб
елдері арасындағы қатынас саласында Баас біртұтас бӛлінбейтін
«араб отаны» шеңберінде барлық араб елдерін бірігуге шақырды.
АСӚП идеологы және құрушысы Мишель Афляк оның бас хатшысы
болып сайланды. Басқа саяси партиялардан ерекшелігі, Баас басынан
бастап ӛзін жалпыарабтық жетекші орталық деп жариялады және
басқа араб елдерінде ӛзінің аймақтық секцияларын ұйымдастырды.
Соғыстан кейінгі Сирияның саяси аренасында саяси
бірлестіктерден тыс қалуды қалаған және «тәуелсіздер» ретінде
әрекет еткен басында Халед аль-Азез болған ұлттық буржуазия мен
помещиктердің оппозициялық топтары жетекші орынды иеленді.
Сайлаудан кейін Шукри аль-Куатли ел президенті қызметін сақтады.
Үкіметті құру бірезгілде сыртқы істер министрі портфелін алған
Джамиль Мардамға тапсырылды. Үкімет құрамына халық
партиясының үш ӛкілі, біреуі – Ұлттық партиядан, үшеуі –
«тәуелсіздерден» енгізілді. 1948 жылы 18 сәуірде парламент қайтадан
аль-Куатлиді Сирия президенті етіп сайлады.
Елдегі ішкі саяси жағдайға Израиль мемлекетінің ресми
жариялануының (1948 ж. 14 мамыр) саяси салдарлары және бірінші
араб-израиль соғысы әсер етті. 15 мамырға қараған түні АМЛ шешімі
бойынша араб армиялары, оның ішінде сириялық бригада, 2 мың
адамға жуық, әскери әрекеттерін бастады.
Палестина соғысындағы жеңіліс ішкі саяси дағдарыс туғызды,
Мардам үкіметі отставкаға кетті. Жаңа кабинет премьер-министр
болған «тәуелсіздер» кӛсемі Халед аль-Азезбен жасақталды. Саяси
жағдайдың қайшылығы әскерилердің ашық келіспеушіліктерімен
139
шиеленісті. Армиялық офицерлер азаматтық басшылықты соғыста
жеңіліс тапқанға айыптады, нәтижесінде салыстырмалы үш жылдық
саяси тұрақтылықтан кейін елде бірінен кейін бірі орын алған әскери
тӛңкерістер кезеңі орнады.
Сирияда ерекше роль армияға тиесілі. Жоғарғы офицерлер –
оқыған, қуатты адамдар – қоғамның неғұрлым ықпалды бӛлігін
құрады. Үш жылда (1949-1951 ж.ж.) Сирияда алты үкімет ауысты, ал
олардың коалициялық құрылымы мемлекетте тұрақтылықты
қамтамасыз еткен жоқ. Үкіметтің негізін қалаған Халықтық, Ұлттық
және «Тәуелсіз» партия қоғамдық бірлікке жол таба алмады. Бұл
жылдары баасистік партия неғұрлым зор ықпалға ие болды. Бірінен
кейін бірі орын алған әскери тӛңкерістер елде тұрақтылықты
қамтамасыз ете алмаған Адиб Шишекли диктатурасының орнауына
алып келеді.
А.Шишекли басқару кезеңін екі кезеңге бӛліп қарастыруға
болады. Бірінші кезеңде – 1949 жылдың 19 желтоқсаннан 1951
жылдың 28 қараша аралығында – билікке келген әскерилер
диктатураны орнатуға шешім шығармайды, алайда Құрылтай
жиналысы мен азаматтық үкіметтің жұмысын толығымен бақылап
отырды. Бұл кезеңдегі маңызды оқиға 1951 жылы 5 қыркүйекте
буржуазиялық-демократиялық сипатқа ие болған жаңа конститу-
цияның қабылдануы болды, ол парламент құқығын максимальды
кеңейтті. Екінші кезеңде - 1951 жылғы 28 қарашадан 1954 жылғы 25
ақпан аралығында елде Шишекли диктаторлық билігі орнатылады.
1951 жылы күзде Халықтық партия кӛсемдерінің бірі, премьер-
министр және қорғаныс министрі қызметін иеленген Мааруф ад-
Давалиби президент аль-Атаси назарынан тыс әскерилер қолынан
билікті тартып алуға әрекет жасайды. Ӛш алу кӛп ұзамай орын алды:
Шишекли тобының армиялық офицерлері қарашаның 28-нен 29-на
қараған түні әскери тӛңкеріс жасады, министрлер кабинеті
тұтқындалды, ал Халықтық партия таратылды. 1952 жылы тамыз
айында Шишекли премьер-министр орынбасары болды, сонымен
қатар бас штаб бастығы қызметін сақтап қалды, ал 1953 жылы сәуір
айында ол ішкі істер министрі қызметін иеленді. Мемлекет басшысы
және премьер-министр қызметтерінің біріктірілуі туралы декрет
шығарғаннан кейін 1953 жылы жазда оған ӛз қолына билікті
толығымен шоғырландыру мүмкін болды. Сол жылдың қазан
айындағы парламент сайлауында Шишекли жақтастары 82 орыннан
72 депутаттық орынды алды.
1953 жылдың соңында елдегі жетекші саяси партия басшылары
декларация жариялайды, онда ӛткізілген сайлауды заңсыз деп
жариялады және Шишеклиді құлату мақсатымен ұлттық майдан
140
құруға шақырды. Сирияда жаппай үкіметке қарсы толқулар орын
алды. Нәтижесінде әскери режим құлатылып, Шишекли шетелге
қашып кетті.
Сирияның және басқа араб елдерінің Багдад пактісіне
қосылудан бас тартуы, сондай-ақ Египетке қарсы үштік агрессияның
сәтсіздікке ұшырауы аймақтағы күш арақатынасын ӛзгертті. АҚШ
билеуші тобы Таяу Шығыстан Англия мен Францияны ығыстыруға
және оның мұнай байлықтарын иеленуге монополды құқыққа қол
жеткізуге тиімді уақыт жетті деп есептеді. Осы мақсатпен 1957 жылы
қаңтарда «Эйзенхауэр доктринасы» жарияланды. Оның мәні - аймақ
елдеріне Англия және Франция позицияларының әлсіреуі
нәтижесінде қалыптасқан «күш вакуумынан» Кеңес Одағы және
«халықаралық коммунизммен бақыланып отырған» елдер тарапынан
қауіп тӛніп тұр. Сондықтан АҚШ Таяу және Орта Шығыс елдеріне
олардың «тәуелсіздігі мен еркіндігін» сақтай отырып, ӛзінің
экономикалық және әскери кӛмек кӛрсету ниеті туралы мәлімдеді.
Американдық ақпарат құралдары АҚШ онда отарлық саясат
жүргізген Англия мен Францияға қарағанда бұл саяси бағытты
әруақытта ұстанып отырды деп жазды.
Алайда АҚШ араб әлемінде екінші дүниежүзілік соғыстан
ұлттық-азаттық қозғалыстың ӛрлеуі нәтижесінде болған ӛзгерістерді
назарға алмады. Қоғамдық пікір «Эйзенхауэр доктринасын» араб
халықтарының
ұлттық-азаттық
қозғалысын
және
арабтық
бірігушілікті үзу әрекеті ретінде бағалады. Сирияның барлық дерлік
саяси партиялары «доктринаны» айыптап, үкіметтен американдық
кӛмекті қабылдаудан бас тартуын талап етті. 1957 жылы 10 қаңтарда
үкімет ресми түрде «доктринаны» айыптады. Ол 1957 жылы 18-19
қаңтарда және 26-27 ақпанда араб мемлекет басшылары отырысының
жұмысына белсенді түрде қатысты, онда «Эйзенхауэр доктри-
насынан» түпкілікті бас тартылды.
Сирияның қарсылығына тап болған АҚШ доктринаны
қабылдауға күштеу үшін оған қысым кӛрсетуін күшейтті. Сирия
сыртқы нарықта жаппай экономикалық байкотқа тап болды. 1957
жылы тамызда жаңа үкіметке қарсы қарсылық ашылды (біріншісі –
1955 ж.). Тергеу барысында қарсылыққа Дамаскдағы американдық
елшіліктің қатысы бар екендігі анықталды. Елден елшіліктің үш
қызметкері шығарылды. 1957 жылы қыркүйек айында Эйзенхауэр
АҚШ-ның оның доктринасын күшпен жүзеге асыруға дайындығы
туралы ресми мәлімдеме жасады.
Осындай жағдайда Сирия үкіметі керісінше араб елдерімен,
әсіресе Египетпен қатынасын одан әрі нығайту үшін шаралар
141
қолданды. 1957 жылы 1 қарашада БААС партиясының бас хатшысы
Мишель Афляк Каирде Египет президенті Г.А.Насермен Сирия мен
Египетті біріктіру туралы келіссӛздер жүргізді. 1958 жылы 1 ақпанда
Каирде Сирия президенті Шукри аль-Куатли мен Египет президенті
Г.А.Насер Біріккен Араб Республикасы атауын алған жаңа
мемлекеттің құрылғандығы туралы жария етілген декларацияға қол
қояды. Президент болып Г.А.Насер тағайындалды. Әкімшілік
жағынан БАР құрамында «солтүстік» (сириялық) және «оңтүстік»
(египеттік) аудандар болған федеративтік мемлекет болды. Ішкі саяси
тұрақтылықты және арабтарды біріктіруге қадам жасалады. Алайда
біріккен мемлекет ұзақ ӛмір сүрген жоқ. Ел ішіндегі қарама-
қайшылықтардың шиеленісуі біріккеннен кейін бірден басталады.
Сирия үшін бұл коалиция тәуелсіздігінің жойылғандығын білдіретін
еді. Египеттің саяси құрылымы Сирияға да таралды. Каирде
жиналатын үкімет құрамындағы 35 министрдің тек 14-і ғана
сириялық ӛкілдер болды. Ұлттық ассамблия 385 египеттік
депутаттардан және 70 сириялық ӛкілдерден құралды.
Египетте жүзеге асырылған барлық экономикалық қайта
құрулар Сирияда да жүзеге асырылды. Алайда даму қарқыны және
деңгейі бойынша екі түрлі елдің интеграциялануы кезінде пайда
болған қиындықтар кӛптеген прогрессивтік жобаларды жүзеге
асыруға мүмкіндік бермеді. Сирия компанияларына таралған
ұлттандыру туралы декреттер буржуазия мен әскерилердің
наразылығын туғызды. Шаруашылықты жүргізудің жоспарлы
әдістеріне кӛшу экономикада бюрократияның күшеюіне, нәтижесінде
жемқорлықтың, спекуляцияның, тапшылықтың ӛсуіне алып келеді.
Жергілікті ӛнеркәсіп египет тауарларымен бәсекелестік күресін
жүргізе алмады. Ӛмір сүру деңгейі тӛмендейді. Осының барлығы
кезекті әскери тӛңкерістің себебіне айналады. АСӚП қатынасы БАР
жетекшілігімен де шиеленісті. Баасистік кӛсемдер партияның Ұлттық
одақта ӛздері қалағандай жағдайды иеленбейтіндіктерін түсінді. Оған
қоса олардың қарсыластары тап осы баасистерді елдегі ауыр жағдайға
айыптады. Жалпы 1961 жылдың күзіне қарай елдегі барлық қоғамдық
және саяси топтар бірлестіктің бӛлінуіне дайын болды.
1961 жылы 28 қыркүйекте армиялық офицерлер алғашқы әскери
тӛңкерістерін жүзеге асырып, БАР-сы құрамынан шығатындықтары
және Сирия Араб Республикасын құру туралы жариялайды.
Желтоқсан айында ӛткен құрылтай жиналысына сайлауда Халықтық
және Ұлттық партия ӛкілдері жеңіске жетеді. Конституциялық
парламенттік республиканың заң шығарушы билігі бұрынғы
142
үкіметтің кӛптеген декреттерінің күшін жойған Құрылтай
жиналысына берілді. Ел президенті Назим аль-Кудси, ал премьер
министр Мааруф ад-Давалиби болды. Екеуі де - Халықтық партия
ӛкілдері.
Билеуші жетекшіліктің билік үшін күресі (1962 ж. 28 наурыз)
1961 жылғы оқиғаларға қатысушылармен ұйымдастырылған жаңа
әскери тӛңкеріске алып келді. Олар азаматтық басшылықтың түзету
және «құрылымдық және әділетті социализм» құрылысын
жандандыру ниеттері туралы мәлімдейді. Құрылтай жиналысы
таратылды, ел президенті және барлық министрлер кабинеті
тұтқындалды, және барлық билік Жоғары әскери басшылық қолына
кӛшті.
Одан әрі оқиғалар қарқынды дамыды: жыл бойы бірнеше
кабинеттің ауысуы жүрді, Египетпен бірігуді жақтаушылар және
қарсыластар арасындағы қарама-қайшылықтар ашық әскери
қақтығыстарға алып келді. 1963 жылы 8 наурыздағы әскери тӛңкеріс,
кейіннен баасистер «8 наурыз революциясы» деп атаған, БААС
партиясын саяси билікке әкеледі. Бұл тӛңкеріс либеральдық-
консервативтік бағыттың сирия қоғамының орта және ӛтпелі тобына
билікті беруімен ерекшеленді. Партия жетекшілері алғашқы күннен
бастап елде реформаларды жүргізуді қолға алады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Сирия үкіметінің алдында
ӛнеркәсіпті дамыту және экономикалық дербестілікке қол жеткізу
міндеті тұрды. 1963 жылы банкті ұлттандыру мемлекеттің
экономиканы басқаруды ӛз қолына алуға шешім қабылдағандығын
кӛрсетті. Үкімет ұлттық ӛнеркәсіпке қолдау кӛрсетіп, шетелдік
компаниялар қызметіне тиым салды. 1963 жылы 24 наурызда басында
генерал Луэй аль-Атаси болған революциялық басшылықтың Ұлттық
кеңесі құрылды, оған барлық заң шығару және атқару билігі кӛшті.
Кабинетті жасақтау АСӚП жетекшілерінің бірі Салах ад-Дин Битарға
тапсырылды.
1964 жылы 24 сәуірде Сирияны «халықтық демократиялық
социалистік және тәуелсіз республика – араб әлемінің бір бӛлігі» деп
жариялаған
уақытша
конституция
енгізілді.
Конституция
мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің болуына жол берді. Заң
шығару билігі Жоғары ұлттық революциялық кеңеске (ЖҰРК), ал
атқарушы – Президенттік кеңеске берілді.
Үш жылға жуық уақыт бойы, «8 наурыз революциясынан»
бастап, ел билігінің жоғары эшелонында солшыл және оңшыл
баасистер ӛкілдері, түрлі әскери топтар арасында ашық және
жасырын күрес жүрді. Шешуші оқиғалар 1966 жылы кӛктемде орын
143
алды. 23 ақпанда солшыл күштер әскери тӛңкеріс жасады және
биліктен ӛздерінің саяси оппоненттерін ығыстырды.
«23 ақпан Қозғалысының» жетекшілері уақытша конституция
әрекетін тоқтатты және ЖҰРК-ті таратты. АСӚП сол қанатының
кӛсемі Юсеф Зуэй басшылығымен 1 наурызда құрылған үкіметке
кейбір басқа да прогрессивтік топ ӛкілдері де кірді. САР-ның
президенті Нур ад-Дин Атаси болды. Ӛзінің тәжірибелік әрекетінде
үкімет «ғылыми негізде социалистік қоғам» құру мақсатымен
әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруға кірісті.
1967 жылы сәуірде израильдық авиация Сирия мемлекетінің әуе
кеңістігіне басып кіреді. Күш арақатынасы Сирияға пайда әкелген
жоқ. 1967 жылы мамыр айында Израиль БАР, Сирия және
Иорданияға қарсы агрессияға кірісті. Израиль әскери әрекеттерін
бастады.
Египеттің, Сирия және Иорданияның «алты күндік соғыстағы»
(маусым, 1967 ж.) жеңілісі Израильдің осы үш ел территориясының
бір бӛлігін, оның ішінде Эль-Кунейтра қаласын және сириялық
жақтан Голан қыраттарын оккупациялауға алып келді (жалпы аумағы
1 мың шаршы шақырымға жуық). Осындай жағдайда елге қоғамды
дағдарыс жағдайынан алып шығатын күшті жеке тұлға қажет болды.
Хафез Асад жақтастарын біріктіріп, оңшылдарды оқшаулауға қол
жеткізеді. 1970 жылы 13 қарашада ол республика президентін және
БААС бас хатшысын тұтқындау туралы бұйрық береді. Елдегі билік
армиялық фракция қолына кӛшеді. Осылайша, отыз жылдан астам
уақытқа созылған Х.Асад дәуірі басталады.
1970 жылы қарашада «түзетушілік қозғалысына» және ел
тұрақтану кезеңінің басталуына негіз болған БААС партиясының Х
съезі ӛтеді. Партияның бас хатшысы болып Хафез Асад
тағайындалады. Елде бес партия біріккен (Араб социалистік ӛрлеу
партиясы, Сирия коммунистік партиясы, Араб социалистік одағы,
Араб ұлтшылдарының қозғалысы, социалист-жастардың ұйымы)
прогрессивтік ұлттық майдан құрылады. 1973 жылы жалпыхалықтық
референдум нәтижесінде конституция қабылданып, ол Сирияны
«тәуелсіз социалистік халықтық-демократиялық мемлекет» деп
жариялады. Заң шығару билігі Президентке және Халық жиналысына,
ал атқарушы билік министрлер кеңесіне және жергілікті халық
кеңестеріне бекітілді. 5 мамырда 11-жылдық үзілістен кейін Халық
кеңесіне сайлау ӛтеді, онда кӛптеген сайлау округтерінде Ұлттық
прогрессивтік майдан жеңіске жетеді.
Х.Асад тікелей сайлау жолымен президент болып тағайындалды
және бұл қызметте әрбір жеті жыл сайын қайта сайланып отырды. Ол
144
ӛмірінің барлық жылдарында ауыспаған мемлекет басшысы және
партияның бас хатшысы болды. Сирияда ғасырлар бойы қоғамдық ой
кӛсемнің авторитарлық билігімен ӛмір сүрді, Х.Асад отандастарының
осы дәстүрлі ойлау әдісін қолданды. Ӛз жетекшілерінің беделін
мойындай отырып, сириялықтар оны «муаллим» - оқытушы деп
жоғарылатты, ал ресми президент титулына әрқашанда «мунадыль»
(жауынгер) сӛзі қосылды. Кӛптеген күрделі ауруларына қарамастан,
Х.Асад шын мәнінде айтарлықтай жеке тұлға болды.
Жас кезінде дәрігер болуды армандағанымен отбасының
оқудың ақшасын тӛлеуге мүмкіндігі болмағандықтан, Асад ӛзін армия
қызметіне арнауға шешім шығарады. Ол керемет ұшқыш болды.
Армиялық қызметте бола отырып, Х.Асад саяси қызметке араласады.
Асадтың идеологиялық машинасы Сирияны және оның астанасы
Дамаскіні араб әлемінің жүрегі деп жариялады. Оның басты мақсаты
партияның ресми ұранынан кӛрініс тапты: «Біртұтас араб ұлты – бұл
ғасырлардан ғасырларға миссия».
Диктаторлық режимнің күшею мақсаты және Сирия
жетекшілерінің панарабиялық ұмтылысы барлық мемлекеттік жүйені
орталықтандыруды
талап
етті.
Баас
партиясының
негізгі
бағдарламалық құжатында – Хартияда – Сирия дамуының
басымдықтары мемлекетке берілді. Экономика саласында негізгі
таңдау мемлекеттік секторға жасалды. Экономиканың базалық
салалары мемлекетке тиесілі болды, ал оның дамуы бесжылдық
жоспар негізінде жүзеге асырылды. 70 ж.ж. ортасында мемлекеттік
сектордың үлесіне шығарылған ӛнімнің 85 пайызы тиесілі болды.
Мемлекеттік сектор негізінен энергетика, мұнай, цемент және т.б.
салаларға шоғырланады. Алайда мемлекеттік сектордың осындай
жағдайы жоғары экономикалық даму деңгейінің кӛрсеткіші болған
жоқ. Ӛндіріс ұлттық табыстың азғантай үлесін ғана – 18 пайыз –
берді.
Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастарда Сирия маңызды
орындардың бірін иеленеді. Ол Араб елдері Лигасына мүше, оның
дауысы – маңызды дауыстардың бірі. 1970 ж.ж. екінші жартысында
сирия басшылығы сыртқы саяси және әскери істерге белсенді түрде
назар аудара бастады. 1975 жылы республика Палестинаны азат ету
Ұйымына жан-жақты қолдау кӛрсете отырып, Ливандағы азамат
соғысына тартылды. Сирияның қарсылығы сол кезде Израильға
барлық Ливан территориясын оккупациялауға мүмкіндік бермейді.
Ұзақ уақыт бойы Сирия белсенді антиизраильдық позицияны
ұстанды.
145
САР сепараттық келіссӛздерді және Израиль мен Египет
арасындағы Кэмп-Дэвид келісімін айыптады. 1980 жылы қыркүйек
айында басталған иран-ирак соғысы Дамаск мен Бағдад арасындағы
қатынастарға сызат түсірді. Бұл соғыс кезінде Сирия Иран жағында
болады. Бұл негізінен екі себеппен байланысты болды. Біріншіден,
президент Асад ірі шииттік қауым – алавиттер - ӛкілі болды, ал
мұсылман-шииттердің кӛпшілік бӛлігі Иранда орналасқан. Сонымен
қатар, Х.Асад С.Хусейннің жеке тұлғалық режимінің нығаюына
сенімсіздік танытады. Екіншіден, Сирия Израильмен күресте араб
елдерінің кӛзқарастарын қорғайтын ислам әлеміне қарсы әскери
қимылдардың орын алуына жол берілмейтіндігін мәлімдейді.
1985 жылы 10 ақпанда жалпыхалықтық референдум
нәтижесінде Хафез Асад үшінші рет жетіжылдық мерзімге ел
президенті болып сайланды. 10 сәуірде Абд аль-Рауф аль-Касм
жетекшілігімен коалициялық үкімет құрылды. Жетекші министрлік
орындарды АСӚП мүшелері иеленді.
Сайлау нәтижесінде (ақпан, 1986 ж.) Халық кеңесіне 195
депутат сайланды: 129 АСӚП мүшелері, 9-дан СКП және АСО-нан, 8-
і социалист-юнионистерден, 5-уі Араб социалистік партиясынан, 35-і
«тәуелсіздер». Премьер-министр Махмуд Зуаби болды.
Сирия басшылығы Ирактың Кувейтке қарсы агрессиясын қатаң
сынға алды, кейіннен әмірлікке дипломатиялық, материалдық және
моральдық қолдау кӛрсетеді. Ирак-кувейт соғысынан туындаған Таяу
Шығыстағы тұрақсыздық жағдайында Хафез Асад кӛршілес араб
мемлекеттерімен байланыстарын нығайту бойынша бірқатар шаралар
қолданды. Оның ішінде, 1991 жылы 22 мамырда Дамаскде Сирия мен
Ливан арасындағы ағайындылық және ынтымақтастық туралы
Келісімге қол қойылды.
1990 ж.ж. Сирия экономикасында мемлекеттік сектор жетекші
роль атқаруын жалғастырды. Оның үлесіне ұлттық табыстың 50%-ға
жуығы, ӛнеркәсіп ӛнімі құнының шамамен 75%-ы тиесілі болды.
Мемлекет толығымен қаржы, энергетика, теміржол және авиациялық
транспорт саласын бақылайды.
1999 жылы ақпан айында жалпыхалықтық референдумда Хафез
Асад бесінші рет ел президенті болып сайланды, ал 2000 жылы 9
маусымда Хафез Асад 37 жылдық билігінен кейін қайтыс болады.
Республика президенті қызметіне 34 жасарлық Башар Асад
тағайындалады. Башар Асад елдің экономикалық және саяси даму
бағытын радикальды түрде ӛзгертпейтіндігі жӛнінде жариялайды.
Премьер-министр Мустафа Миро басты экономикалық мақсаттарды:
экономика реформасын, жемқорлықпен күрес, елді модернизациялау
146
т.б. белгілейді. Сирия кӛрші елдермен: Түркиямен, Иракпен,
Иорданиямен достық қатынастарын жандандырады. 2003 жылы
кӛктемде АҚШ Иракқа жаңа қарсы операцияны бастаған кезде Сирия
антиамерикандық позицияны ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |