Пакістан. Пакістан мемлекеттілігінің қалыптасуы
1. Пакістан мемлекетінің құрылуы мен тәуелсіздіктің алғашқы
жылдары.
2. 1960 ж.ж. елдің саяси даму ерекшеліктері.
66
3. Автономиялық құқық иелену жолындағы күрес.
4. З.А.Бхутто билігі кезіндегі Пакістан. 1973 ж. Пакістан
Конституциясы.
5. 80-90 ж.ж. Пакістан.
Пакістан (урду
[pakstan] — «земля чистых», ағыл.
Pakistan [pækstæn] немесе [pɑkistɑn]), толық атауы – Пакістан Ислам
Республикасы (урду یملاس ا مجہیروہ
Ислами Джумхурийе
Пакистан, ағылш. Islamic Republic of Pakistan) – Оңтүстік Азиядағы
мемлекет. Пакістан 1947 жылы Британдық Үндістан территориясын
бӛлу нәтижесінде пайда болды.
Оңтүстігінде Аравия теңізінің суларымен шайылып жатыр,
оңтүстік-батысында
Иранмен,
солтүстік-шығысында
және
солтүстігінде Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытаймен және
шығысында Үндістанмен шектеседі. Құрлықтық шекарасы: Үндістан
– 2 912 шақырым, Ауғанстан – 2 430 шақырым, Иран – 909 шақырым,
Қытай – 523 шақырым.
Ресми тілі – урду және ағылшын.
Астанасы – Исламабад
Ірі қалалары – Карачи, Лахор, Фейсалабад
Басқару формасы – аралас республика
Президент - Асиф Али Зардари
Премьер-министр - Раджа Первез Ашраф
Мемлекеттік діні – ислам (сунниттік бағыты)
Территориясы - 803 940 км² (дүниежүзінде 35-ші).
Халқы - 190 291 129 адам (2012 ж.), тығыздығы - 224,9 адам/км²
Этникалық қҧрамы – пенджабтықтар 44,7%, пуштундар
15,4%, синдхи 14,1%, сарьяктар 8,4%, мухаджирлар 7,6 %, белуджи
3,6 % және басқалары (6,3 %).
Ақша бірлігі – пакістандық рупия.
1947 жылы 15 тамызда Оңтүстік Азия территориясында жаңа
тәуелсіз мемлекеттің – Пакістан доминонының құрылғандығы жария
етіліп, бірінші генерал-губернаторы болып Мұсылман Лигасының
және Пакістанды құру қозғалысының жетекшісі Мұхаммед Әли
Джинна болды. Пакістан Үндістанның солтүстік-батыс және
солтүстік-шығыс аудандарынан құрылып, халықтың басым кӛпшілігі
мұсылмандар болды. Осылайша, Пакістан территориясы бір-бірінен
1600 шақырым қашықтықта бӛлінген екі – батыс және шығыс –
бӛліктен тұрды. Солтүстік-батысында – Батыс Пенджаб, Синд,
Солтүстік-Батыс шекаралық провинция, Белуджистан – Батыс
Пакістан; солтүстік-шығысында – Шығыс Бенгалия және Ассам
67
провинциясындағы Силхет округі – Шығыс Пакистан. Алғашқы
құрылған мезгілде Пакістан халқы 70 млн. адамды құрады.
Британдық Үндістанды бӛлу үндістер мен мұсылмандар
арсындағы қарулы қақтығыстармен қатар жүріп отырды. Үндістан
мен Пакістан арасындағы тартысты мәселелер екі ел арасындағы
ӛзара қарым-қатынастарды шиеленістіріп, қарулы қақтығыстарға
алып келді. Осындай шиеленісті мәселелердің бірі – Кашмир мәселесі
болды.
1954 жылға дейін елдің саяси ӛмірінде ХХ ғасырдың басынан
бастап оңтүстік-азиялық мұсылмандар кӛзқарасын жақтаған ескі
ұйым – Мұсылман Лигасы үстемдік етеді. Алайда 40 жылдардың аяғы
– 50 жылдардың басында осы ұйым ішіндегі фракциялық күрестің
күшеюі нәтижесінде елде алғашқы оппозициялық буржуазиялық-
демократиялық партиялар: Авами Лиг (Халықтық партия), Азад
Пакистан (Тәуелсіз Пакистан) және т.б. пайда бола бастайды. Елдегі
саяси күштер арасындағы күрделі қарама-қайшылықтар Пакістан
конституциясының түрлі жобаларын талқылауға байланысты орын
алады. 1951 жылы 16 қазанда Пакістан премьер-министрі Лиакат
Әли-хан ӛлтіріліп, оның орнын шығысбенгалиялық саяси қайраткер
Ходжа Назимуддин иеленеді. Билік үшін шиеленіскен күрес оның
үкіметінің отставкаға кетуіне алып келіп, ал Батыс және Шығыс
Пакістандағы саяси қарама-қайшылық партиялық-саяси жүйенің
қалыптасуына алып келеді. Осылайша, 1953 жылы Шығыс
Пакістанның оппозициялық партияларының Біріккен майданы
құрылады, ол 1954 жылы наурыздағы Шығыс Пакістанның Заң
шығарушы жиналысына ӛткізілген сайлау кезінде Мұсылмандар
Лигасына жеңіліс әкеледі. Батыс пакістандық буржуазиямен
байланыста болған билеуші топ ӛкілдері билікті сақтап қалу үшін
Шығыс Пакістанда тӛтенше жағдай енгізеді, кӛп ұзамай ол бүкіл елге
таралады. Пакістан Құрылтай жиналысы таратылады. Екінші
Құрылтай жиналысына сайлау 1955 жылы маусымда ӛткізіліп, ал
тамызда Мұсылман Лигасының – Біріккен майданының коалициялық
үкіметі құрылады. 1956 жылы 29 ақпанда Құрылтай жиналысы
конституция қабылдап, ол конституция бойынша 1956 жылы 23
наурызда Пакістан доминионы республика деп жарияланады. 1956
жылы қабылданған конституция елдің мемлекеттік құрылымының
федеративтік принципін бекітті. Пакістан – Батыс және Шығыс
Пакістаннан – екі провинциядан құралған федерациялы республика
деп жарияланды. Үндістандағы сияқты басқарудың парламенттік
формасы қалыптасты, бірақ Ұлттық жиналыс бір палаталы болды.
1958 жылы 8 қазанда Пакістанда мемлекеттік тӛңкеріс болып,
68
нәтижесінде билікке армия басшылығында болған генерал Айюб-хан
келеді. Орталық және провинциялық үкімет қосылып, заң шығарушы
билік органдары таратылып, саяси партиялар қызметіне тиым
салынады. 1956 жылғы конституция күшін жойып, премьер-министр
қызметі тағайындалады. Пакістанда 3,5 жыл астам уақыт бойы
орталықтандырылған басқару жүйесіне негізделген әскери режим
сақталады. М.Айюб-хан ел президенті ретінде (1960 жылдан) барлық
атқарушы билік қызметін атқарады (заң шығарушы және сот
билігімен бірге).
1962 жылы 1 наурызда Пакістанда екінші конституция
қабылданып, ол бойынша басқару формасы ӛзгерген федерациялық
құрылымы сақталады: Пакістан президенттік республика болады.
Әрбір провинцияның басында президент тағайындаған губернатор
болды. Ол провинциялық жиналысты шақырды және таратты, бас
министрлерді, провинциялық үкімет мүшелерін тағайындады. Ұлттық
жиналыс бір палаталы болып қала берді. Конституцияға сәйкес 1962
жылы сәуірде парламентке (Ұлттық жиналысқа), ал мамыр айында –
провинциялық заң шығарушы жиналысқа сайлау ӛтеді. Ұлттық
жиналыстардың бірінші отырысында әскери жағдайларды және саяси
партия қызметіне тиым салуды жою туралы жария етіледі. Билеуші
партияға арналған Мұсылман Лигасы ӛз қызметін жандандырады
(1963 жылдың желтоқсанынан оны президент М.Айюб-хан
басқарады). Шейх Муджибур Рахман басқарған Авами Лиг және
А.Вали-хан, Музаффар Ахмад және М.Х.Усмани, Г.Б.Бизенджо,
А.Х.Бхашани басқарған Ұлттық халықтық партия (ННП) неғұрлым
белгілі болды. Діни-қауымдық партиялар – Джамаат – и – ислами
және Низам – и – ислам – қызметінің белсенділігі артады. 1964
жылдың аяғы – 1965 жылдың басында алдағы сайлау барысында
М.Айюб-хан үкіметін жеңіліске ұшыратуды мақсат еткен бес ірі
оппозициялық партия:
Ұлттық халықтық партия:
Авами Лиг;
Оппозициялық мұсылмандық лига;
Джамаат – и – ислами;
Низам – и – ислам;
блогы қалыптасады. Президент қызметіне үміткерлікке оппозициядан
Мұхаммед Әли Джинна қарындасы Фатима Джинна ұсынылады.
Президент сайлауы 1965 жылы 2 қаңтарда ӛтіп, президент болып
қайтадан М.Айюб-хан сайланады. Егер 60 ж.ж. ортасына дейін шығыс
бенгалиялықтардың күресі ұлттық құқықтарын кеңейту үшін
жүргізілсе, енді 60 ж.ж. екінші жартысынан ол Шығыс Пакістанға
69
толық аймақтық дербестігін беру үшін жүргізілген қозғалысқа
ӛрістейді. 1967 жылы елде З.А.Бхутто басқарған Пакістан халық
партиясы (ППН) құрылады.
Саяси оппозицияның күшеюі және Шығыс Бенгалияға аймақтық
автономия құқығын беру үшін жүргізілген жаппай қозғалыстардың
ӛрістеуі 1969 жылы Пакістандағы саяси дағдарыстардың және елге
әскери жағдайларды енгізген генерал А.М.Яхья-ханның билікке
келуінің басты себептерінің бірі болды. 1970 жылы саяси партиялар
қызметіне рұқсат етіліп, парламент сайлауы ӛткізіледі. Оған 22
партия қатысып, Шығыс Пакістанға Ұлттық жиналыста бӛлінген 162
орынның 160-н жеңіп алған шығысбенгалиялық партия Авами Лиг
жеңіске жетеді. Батыс провинцияда З.А.Бхутто басқарған Пакістан
халық партиясы жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен Авами Лиг басшысы
Муджибур Рахман үкімет құру құқығына ие болады. Ол биліктің
ұлттық жиналыста тағайындалған кӛпшілік депутаттарға берілуін
және конституцияда Шығыс Бенгалияға аймақтық автономия
құқығының бекітілуін талап етеді. Бұл талаптарды орындаудан Яхья-
ханның бас тартуы Шығыс Пакістан территориясын қамтыған
азаматтық бағынбау кампаниясының басталуына себеп болады. 1971
жылы наурыздың 25-нен 26-на қараған түні әскери әкімшілік
бұйрығы бойынша Муджибур Рахман тұтқындалып, Авами Лиг
қызметіне тиым салынады. Провинциялық автономия құқықтары
үшін басталған шығыс бенгалиялықтар қозғалысы Пакістаннан
Шығыс Бенгалияның толық бӛлінуі және тәуелсіз Бангладеш
мемлекетін құру үшін жүргізілген қарулы күреске ұласады. 1971
жылы 26 наурызда азамат соғысы шығысбенгалиялықтардың
жеңісімен
және
тәуелсіз
Бангладеш
республикасының
жариялануымен аяқталады.
1971 жылы 20 желтоқсанда 1970 жылғы сайлауда Батыс
Пакістан провинциясында жеңіске жеткен Пакістан халық партиясы
жетекшісі З.А.Бхуттоға билікті беріп, генерал Яхья-хан отставкаға
кетеді. 1971 жыл Пакистан тарихында жаңа кезеңнің басталуына негіз
салады:
кӛп жылға созылған Айюб-хан (1958-1969 ж.ж.) және Яхья-хан
кезіндегі әскери режимнен билік азаматтық әкімшіліктің қолына
беріледі;
ел ӛз дамуын ӛзгертілген мемлекеттік шекара жағдайында одан
әрі жалғастырады;
партиялық-саяси күштердің қайта топтасуы жүреді.
Билікке келгеннен кейін, 70 ж.ж. басында ПХП бірқатар
әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құруларды жүзеге
70
асырады. Экономикалық дамудағы ортақ стратегия ауқымды
мемлекеттік секторды құру, монополияға қарсы заң жобасын
қабылдау, сақтандыру компанияларын, жеке банктерді ұлттандыру,
мемлекеттік жоспарлауды енгізу, аграрлық реформаларды ӛткізу
мәселелерін қарастырды. Сыртқы саяси бағыты мүлдем басқаша
қалыптасты: Пакістан СЕАТО әскери блогынан және Британ ұлттар
достығынан шығып, Үндістанмен қатынастарын реттейді (1972 ж.
Симл келісімі), Бангладеш Халық Республикасын мойындап, КСРО-
мен қатынастарын қоса, ӛзінің халықаралық байланыстарын реттейді.
ПХП ӛз қызметінің негізгі үш принципін жария етеді: «Ислам – біздің
сеніміміз, демократия – басқару формамыз, социализм – біздің
экономикамыз». ПХП ӛз қызметінің алғашқы кезінен-ақ ӛзінің басты
мақсаты – «социализм құру» деп жариялап, социалистік ұрандарды
белсенді түрде пайдаланады.
Жаңа үкіметтің позициясын нығайтудағы маңызды шара – 1973
жылы тамызда жаңа конституцияның қабылдануы болды. 1973 жылғы
конституцияға
сәйкес
Пакістан
парламенттік
федеративтік
республика деп жарияланады. Ислам – елдегі мемлекеттік дін деп
жарияланып, бұл мемлекеттің ресми атауынан – Пакістан Ислам
Республикасы – кӛрініс табады. Мемлекет басшысы – президент –
парламенттің қос палатасының біріккен жиналысында жасырын
дауыс беру жолымен сайланады. Президент болуға 45 жастан асқан
тек мұсылман ғана құқылы болды. Президенттің ӛкілдік мерзімі 5
жыл болды. Президент кӛптеген жоғарғы мемлекеттік қызметкерлерді
тағайындауға, парламент сессиясын шақыруға, тӛтенше жағдай
енгізуге құқылы болды. Алайда ол осы қызметін жүргізу барысында
премьер-министр
кеңесіне
арқа
сүйеуге
тиіс.
Президент
Жарлықтарына премьер-министр қол қоюы міндетті болды. 1956
жылғы конституциядан және Пакістан қоғамының дәстүрлі саяси
тәжірибесінен айырмашылығы – президент мемлекет басшысы
премьер-министрді және үкімет мүшелерін тағайындаған жоқ, қарулы
күштердің бас қолбасшысы қызметін атқармады. Тӛменгі (Ұлттық
жиналыс) және Жоғарғы (Сенат) екі палатадан құралған парламент
Пакістанның жоғарғы заң шығарушы органы болды. Ұлттық жиналыс
5 жылға халық сайлаған 200 депутаттан тұрса, сенат – 4 жылға
сайланған 63 депуттаттан құралып, сенаторлардың жартысы әрбір 2
жыл сайын ауыстырылып отырды. Жоғарғы атқарушы билік
мұсылман, тӛменгі палата мүшесі, парламентке кӛпшілік фракция
жетекшісі болуға тиіс болған басында премьер-министр болған
үкіметтің қолына шоғырланды. Үкімет тӛтенше жағдай кезінде
артықшылықтарға ие болды, қарулы күштерді басқарды және оларды
71
бақылап отырды. Премьер-министр Пакістанның шаруашылық даму
жоспарын әзірлеген елдегі жоғарғы экономикалық орган – Ұлттық
экономикалық Кеңес тӛрағасы болды. Пакістан 4 провинциядан
(Пенджаб,
Синд,
Солтүстік-батыс
шекаралық
провинция,
Белуджистан), астаналық Исламабад территориясынан, орталықтан
басқарылатын Ауғанстанмен шекаралас солтүстік-батыста орналасқан
тайпалар ауданынан құралған федерация деп жарияланды.
Әкімшілік аппарат реформалары билеуші партияға мемлекеттік
аппаратқа ӛз бақылауын күшейтуге мүмкіндік береді. 1977 жылы 5
шілдеде саяси тұрақсыздықтың күрт күшеюі жағдайында елде
мемлекеттік тӛңкеріс болып, М.Зия-уль-Хак бастаған әскери режим
үшінші рет орнатылады. Пакістанда әскери режимнің орнатылуы
елдің ішкі және сыртқы саясатының бағытын түбірімен ӛзгертеді.
Азаматтық
үкімет
биліктен
аластатылып,
буржуазиялық-
демократиялық институттар қызметін шектеген және экономикалық
және әлеуметтік саясатта үлкен ӛзгерістер енгізген әскери
әкімшілікпен қайта алмастырылады. Елде тӛтенше жағдай енгізіліп,
территория басына жоғарғы армиялық офицерлер тағайындалған 5
аймаққа бӛлінеді. Трибунал құрылады. М.Зия-уль-Хак біртіндеп
қолына барлық билікті шоғырландырады. 1978 жылы 13 қыркүйекте
ол ӛзіне Жоғарғы әскери әкімшілік қызметін сақтай отырып, ел
президенті болады. Жаңа әскери режим ӛзінің басты мақсаты –
Пакістанда шынайы исламдық тәртіп – «низам-и-ислам» құру деп
жариялап, З.А.Бхутто қызметін исламға қарсы бағытталған деп
айыптайды. 1981 жылы 24 наурызда 1973 жылғы конституциядағы
кӛптеген жағдайларды түпкілікті ӛзгерткен Уақытша конституциялық
Заң жария етіледі. Бұл заң Федеральдық Кеңесуші кеңес пен
министрлер кабинеті қызметін шектеп, президентке шексіз билікті
бекітеді. 1982 жылы қаңтарда Ұлттық жиналысты алмастырған
Федеральдық консультативтік Кеңес құрылады. 1985 жылы генерал
М.Зия-уль-Хак конституцияны түпкілікті ӛзгертеді, президент ретінде
оған шектен тыс артықшылықтар беріледі: премьер-министрді,
құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын, Жоғарғы соттың жоғарғы
мүшелерін тағайындау және қызметінен босату құқығы беріледі.
1988 жылы Пакістанның ішкі саяси ӛмірінде күрделі ӛзгерістер
жүреді. М.Зия-уль-Хактың 11 жылдық режимдік басқаруынан кейін
ел азаматтық демократиялық басқаруға оралады. Билікке ПХП үкіметі
келеді. Премьер-министр болып 1979 жылы ӛлтірілген З.А.Бхутто
қызы Беназир Бхутто тағайындалады. Сайлау М.Зия-уль-Хактың 1988
жылғы тамыздағы авиациялық катастрофадан қаза болуынан кейін 4
айдан соң ӛткізіледі. Сайлау нәтижесімен және азаматтық үкімет
72
құрумен келіскен әскерилер оңшыл мұсылмандық партиялармен бірге
әкімшілік аппаратта, парламенттің жоғарғы палатасында күшті
позицияларын сақтайды. Олардың ізбасарлары президент Гулам
Исхак Хан болды. Осындай жағдайда Б.Бхутто үкіметінің қызметі
шектеулі болды. 1990 жылы тамыздың басында Пакістан президенті
парламентті таратып, тӛтенше жағдай жариялап, Б.Бхутто үкіметі
биліктен шеттетіледі. 1993 жылы сәуірде Гулам Исхак Хан
Пакістанның жаңа премьер-министр қызметіне Мұсылмандық Лига
партиясының жетекшісі Наваз Шарифті орналастырады. 1996 жылы
қарашада президент Сардар Фарук Ахмед Легари Ұлттық
ассамблеяны таратып, Б.Бхутто үкіметін отставкаға жібереді. 1997
жылдың басында сайлауда Пакістан Мұсылман Лигасы жеңіске
жетіп, үкіметті Наваз Шариф басқарады. Оның кабинетінің билікке
келуі
тұрақсыздығымен
ерекшеленді.
Бірқатар
әлеуметтік-
экономикалық және саяси мәселелердің шешілмеуі, саяси
партиялардың қарама-қайшылығы этникалық және діни-қауымдық
негіздегі қақтығыстарға ұласып, Үндістанмен қарым-қатынаста жаңа
шиеленістер пайда болады. 1999 жылы күзде Пакістанда қайтадан
әскери тӛңкеріс болып, билік генерал Первез Мушарраф бастаған
армиялық басшылықтың қолына кӛшеді.
Достарыңызбен бөлісу: |